Мағынаны ашу
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Сынып
5-сынып
Пән
Қазақ тілі
Тақырып
Тұрақты тіркестерге арналған жаттығу жұмыстары
Сабақтың түрі
Бекіту, пысықтау сабағы
Дәстүрден тыс формат
Сайыс сабақ
Әдіс-тәсілдер
Ақылды тақтада сынақ, СТО стратегиялары
Көрнекілік
Ақылды тақта
Сабақтың мақсаттары
Білімдік мақсат
Әртүрлі жаттығулар арқылы оқушылардың тұрақты тіркестер туралы алған білімін бекіту.
Дамытушылық мақсат
Сөйлеу шеберлігін дамыту, сөздік қорын молайту, ойды көркем тілмен жеткізуге үйрету.
Тәрбиелік мақсат
Ынтымақ пен бірлікке тәрбиелеу, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру және қызығушылықты ояту
- Оқушыларды үш түрлі фишка арқылы 3 топқа бөлу.
- Әр топ өз атауын таңдайды.
- Таңдалған атауға байланысты бір тұрақты тіркес ойлап айту. Ескерту: сабақ соңында да топ атауына сай тұрақты тіркестер құрастырып жазатыны алдын ала айтылады.
2) Өткен сабаққа қысқаша шолу (ауызша сұрақ-жауап)
- Тұрақты тіркес дегеніміз не?
- Тұрақты тіркестер сөйлемде қандай қызмет атқарады?
- Тұрақты тіркестердің сыңарларын басқа сөздермен алмастыруға бола ма?
- Тұрақты тіркестердің синонимдік баламасына мысал келтір.
- Мағынасы жағынан қарама-қарсы болатын тұрақты тіркестерге мысал келтір.
- Тұрақты тіркестер сөйлемде қандай сұраққа жауап береді?
3) Білімді бекіту және қайталау
I. Тұрақты тіркеспен бейнелеп айту
- Н. Наушабаев — ақын, әнші, композитор, саятшы, палуан әрі айтыскер. Мұндай адамды тұрақты тіркеспен қалай атаймыз?
- Әйгерім мәдениет үйіне концерт көруге барды, бірақ отырар орын табылмады. Үйге келгенде ол не деді? (Тұрақты тіркеспен жеткіз.)
- Жандостың лагерьде бірге болған жақын досы бар. Ол досын үнемі аузынан тастамай айтады. «Үнемі тастамауды» қалай атаймыз?
II. Ажыратып жаз
Төмендегі сөйлемдердегі қалың қаріппен берілген тіркестердің қайсысы жай сөз тіркесі, қайсысы тұрақты тіркес екенін анықта. Тұрақты тіркестің мағынасын түсіндір.
- Бұл қол — сенің қолың емес.
- Бұл жұмыс сенің қолың емес.
- Тәкежанның кеңесі Абайға екі түрлі талап қойып, жүк артқан.
- Жүк артқан түйе кейін келеді.
- Кішкентай Жұмаш бөркін аспанға лақтырып ойнап жүр.
- Емтиханды жақсы тапсырсаң, бөркіңді аспанға лақтырасың.
III. Синоним және антоним тіркестерді топтастыр
Берілген тұрақты тіркестерден синоним мағыналыларын бір бөлек, антоним мағыналыларын бір бөлек жаз:
IV. Сөйлем құрау (тақтамен жұмыс)
Берілген тұрақты тіркестерді қолданып, сөйлемдер құрап жаз:
Қосымша тапсырма: топ атауына сәйкес суретті таңдап, соған байланысты тұрақты тіркестер ойлап жазыңдар (ақылды тақтаға шығарып көрсету).
4) Ой толғау және қорытынды
Сабақты қорытындылау үшін «Бір сөзбен айтқанда» ойыны жүргізіледі: берілген тұрақты тіркестердің мағынасын бір сөзбен (немесе қысқа ұғыммен) айтыңдар.
- Бармағын тістеу
- Көз аларту
- Ақ саусақ
- Ит терісін басына қаптау
- Сойып қаптағандай
- Сілесі қату
- Тас жүрек
- Бетінен оты шығу
- Беті шімірікпеу
- Құлақ аспау
- Арасынан қыл өтпейді
- Тостағанын жуып алды
Бағалау критерийлері (ұпай)
- Жауап саны бойынша: 1 жауап — 1 ұпай; 2 жауап — 3 ұпай; 3 жауап — 5 ұпай.
- Ажыратып анықтау: 2 ұпай.
- Мағынасын ашу: 3 ұпай.
- Синоним табу: 2 ұпай.
- Антоним табу: 2 ұпай.
- Сөйлем құрау: 1–7 сөйлем — 5 ұпай; 1–5 сөйлем — 3 ұпай; 1–3 сөйлем — 1 ұпай.