Көктем өлеңі
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Көктем табиғаты туралы білімді тереңдету: көктемгі табиғат пен адам өміріндегі байланыс, жан-жануарлар дүниесіндегі өзгерістер мен маусымдық құбылыстарды түсіндіру.
Тәрбиелік
Табиғат маусымдары туралы танымды кеңейту, көктемді сүйіп, аялауға тәрбиелеу.
Дағды қалыптастыру
Мәнерлеп оқу, мәтінді түсіну, өлеңді мазмұндап жазу, әңгіме құрастыру, танымдық сұрақтарға жауап беру және ойды жалғап айту дағдыларын дамыту.
Көрнекіліктер
- М. Әлімбаевтың портреті
- Жеке және сюжетті суреттер
- Сөзжұмбақ
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
«Көктем қандай тамаша!» деп айтып, оқушылар бір-біріне гүл ұсынып, жылы тілектер білдіреді.
Өтілгенді қайталау
Бұрынғы тақырыптар бойынша сұрақ-жауап арқылы білім бекітіледі.
Қайталау сұрақтары мен тапсырмалар
«Туған елім – Қазақстан»
- «Отан, Отан, бәрінен биік екен…» — бұл кімнің өлеңі?
- «Шөмеле» деген не?
«Асыл сөз»
Әйтеке бидің «Жігіттің жақсысы…» деп басталатын нақылын еске түсіру.
«Адам болам десеңіз»
- Тақырып қалай басталады?
- Мәтін деген не? Түрлері мен құрылымын ата.
«Еңбек түбі – береке»
«Жұмыстың жылуы» өлеңінің авторы — Қ. Мырза Әлі.
«Өнегелі өмір»
- Қазақ батырларын ата: Абылай хан, Бөгенбай, Наурызбай.
- Өмірі өнегелі адамдарды ата: Абай, Мұхтар.
«Табиғат – тіршілік бесігі»
Ж. Жабаевтың «Алатау» тақырыбы аясында Қазақстан таулары туралы мәнерлеп айту және әңгімелеу.
Жаңа сабақ
Өлеңмен сабаққа кіру (Ш. Ахметов)
Қар, мұз еріп, Су көбейіп, Сай-салада ағады. Бүршік шашып, Жапырақ ашып, Жер гүл шашақ тағады. Қой маңырап, Төл жамырап, Жайлау малға толады. Бөбектерім, айтыңдаршы, Бөбектерім, айтыңдаршы, Бұл қай кезде болады?
Көктем айлары
Наурыз, сәуір, мамыр.
Түсіндірме
Наурыз — көктемнің алғашқы айы.
Күн жады
М. Әлімбаев және Ә. Асылбеков шығармалары бойынша «Көктем келді» тақырыбына назар аударылады.
Сөздік жұмысы
суат — ________________________________
ебелек — ________________________________
Оқу әрекеттері
- Мұғалімнің мәнерлеп оқуы.
- Іштей оқып танысу.
- Тізбектей мәнерлеп оқу.
- Хормен ән айту: «Келді көктем далаға».
- «Көктем келді» өлеңін мазмұндап жазу.
Жұмбақтар және «Ой жалғау»
Қанатсыз құс манып барады, Көзінен жас тамып барады.
Жауабы: Жаңбыр
Өз атын өзі шақыратын құс.
Жауабы: Көкек
Сәуір болмай, ......
Тапсырма: Мақалды жалғастырып айт.
«Жыл құстары» дегеніміз не?
Тапсырма: Түсіндіріп бер.
Мазмұндап айту (ауызша)
Ә. Асылбековтің көктем туралы өлеңін оқып, негізгі ойды сақтай отырып мазмұндап айту.
Сөзжұмбақ: «Көктем»
- Адамның дене мүшелері
- Су атауы
- Су атауы
- Жасы үлкен ер адам
- Ең жақсы баға
- Ең мықты ағаш
Кілт сөз
Танымдық сұрақтар: «Сен білесің бе?»
Ұша алмайтын құстар
Пингвин, түйеқұс.
Ең терең көл
Байкал көлі (оған көптеген өзен-көлдер құяды).
Ең үлкен құс
Африка түйеқұсы: салмағы шамамен 100 кг, жұмыртқасы ~2 кг.
Ең кішкентай құс
Калибри (шамамен 2 г).
Қорытындылау және бекіту
Оқулық бойынша сұрақ-жауап
Мәтін мен өлең мазмұны бойынша түсінік тексеріліп, негізгі ойлар бекітіледі.
Есте сақтап айту (Ә. Асылбеков)
Мамыр келді. Тал, теректер түрленіп, Жапырағын жайды енді.
Есіңде ұста: табиғатты қорғаудың 6 ережесі
- Гүлді үзбе!
- Құстың ұясын бұзба.
- Орманда от жақпа.
- Құмырсқаның илеуін бұзба.
- Көкті жұлма.
- Суды ластама.
Қосымша оқу
Абай. 19-шы сөз.
Бағалау
Сабаққа қатысу белсенділігі, мәнерлеп оқу, мазмұндау және сұрақтарға жауап беру деңгейі бойынша бағаланады.
Үй тапсырмасы
- Өлеңді жаттап келу.
- Өтілген тақырыптарды жүйелі түрде қайталау.