Табиғатты қорғаңдар

Сабақ ұраны

“Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың оны айтуға тілі жоқ”. Ш. Айтматов

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Табиғатты қорғау туралы мәлімет алып, меңгеру. Етістік бойынша алған білімді тиянақтау.

Дамытушылық

Оқушылардың ой-өрісін, сөйлеу тілін және сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелік

Оқушыларды табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың өтілу моделі

  1. I. Тақырыбы

    Табиғатты қорғаңдар. Етістіктен өткенді қайталау.

  2. II. Мақсат

    Табиғатты қорғау туралы білімді бекіту және етістік тақырыбын жүйелеу.

  3. III. Үй тапсырмасы

    Қазақстанның қорықтары. Сөз таптарын қайталау.

  4. IV. Жаңа сабақ

    Сөздікпен және мәтінмен жұмыс.

  5. V. Түрлі тапсырмалар

    Етістікке қатысты жаттығулар, семантикалық карта, сөзжұмбақ.

  6. VI–VII. Қорытындылау және бағалау

    Негізгі ойды жинақтау, білімді бағалау, үй тапсырмасын беру.

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

  • Бізге тамақ не үшін қажет?
  • Жарық не үшін қажет?
  • Су не үшін қажет?
  • Ауа не үшін қажет?

Үй тапсырмасы

Тақырып: Қазақстанның қорықтары және сөз таптарын қайталау.

9 оқушы қорықтардың жануарлар мен өсімдіктер әлемін слайд арқылы таныстырады. Сынып қорықтар туралы дайындалған презентацияларды қарап, талқылайды.

Грамматикалық тақырып: Сөз таптары. Қайталау семантикалық карта арқылы жүргізіледі.

Ой шақыру

  1. Қазіргі кездегі өткір мәселелердің бірі қандай?
  2. 5 маусым қандай күн?
  3. Оның негізгі мақсаты қандай?
  4. Табиғатты қорғаудағы біздің борышымыз қандай?

Табиғат дегеніміз не?

Табиғат — тіршіліктің негізі, адам өмірінің ажырамас бөлігі.

Табиғатты қорғау дегеніміз не?

Табиғатты қорғау — адамның өзін-өзі қорғауы.

Жаңа сабақ

Сөздікпен жұмыс

қазына
сокровище
халықаралық
международный
қоғам
общество
құрылды
создан
қамқорлық
защита
тіркейді
регистрирует

Мәтінмен жұмыс: «Табиғатты қорғаңдар!»

Табиғат — халық қазынасы. Сондықтан біз оның байлығын пайдалана отырып, қорғай білуіміз қажет. Соған байланысты 1966 жылы елімізде “Халықаралық табиғат қорғау қоғамы” құрылды. Оның басты мақсаты — саны сиреп, құрып бара жатқан аң-құстарды және өсімдіктерді қамқорлыққа алып, арнайы кітапқа тіркеу. Мұндай кітап “Қызыл кітап” деп аталады.

Мәтін бойынша сұрақтар

  1. Халық қазынасы не?
  2. Біз табиғаттың нені қорғауды үйренуіміз керек?
  3. 1966 жылы елімізде не құрылды?
  4. Оның басты мақсаты қандай?
  5. Саны сиреп, құрып бара жатқан аң-құстар мен өсімдіктерді тіркейтін кітап қалай аталады?

Грамматикалық тақырып: етістіктен өткенді қайталау

Қайталау сұрақтары

  1. Етістік дегеніміз не? Етістік қандай сұрақтарға жауап береді?
  2. Тұлғасына қарай нешеге бөлінеді?
  3. Құрамына қарай нешеге бөлінеді?
  4. Мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
  5. Есімше қалай жасалады?
  6. Көсемше қалай жасалады?
  7. Тұйық етістік қалай жасалады?

Етістікке байланысты тапсырмалар

1) Сөйлемдегі етістікті толықтыр

Керекті сөздер: сүреді, барады, қорғау тиіс, ашады, мол болады.

  1. Адам баласы табиғатты ______.
  2. Біз бұлақтардың көзін ______.
  3. Су мол болса, астық та ______.
  4. Табиғаты сақталған халықтар ұзақ өмір ______.
  5. Экологиясы төмен аймақтарымыз көбейіп ______.

2) Дұрысын «+», бұрысын «–» деп белгіле

  1. Табиғат пен адам — біртұтас.
  2. Табиғат халық қазынасы емес.
  3. Су бар жерде — тіршілік жоқ.
  4. Орман ауаны тазартпайды.
  5. Сиреп, құрып бара жатқан аң-құстар мен өсімдіктерді қамқорлыққа алып, арнайы кітапқа тіркемейді.
  6. 1966 жылы елімізде “Халықаралық табиғат қорғау қоғамы” құрылды.

3) Семантикалық карта

Бағандар: Негізгі, Туынды, Дара, Күрделі, Есімше, Көсемше, Осы шақ, Келер шақ, Өткен шақ.

Мысал Жіктеу
Қорғады Оқушы бағандарға сәйкестендіріп белгілейді.
Жазып отыр Оқушы бағандарға сәйкестендіріп белгілейді.
Құрылды Оқушы бағандарға сәйкестендіріп белгілейді.
Тіркейді Оқушы бағандарға сәйкестендіріп белгілейді.
Жатқан Оқушы бағандарға сәйкестендіріп белгілейді.

Сөзжұмбақ сұрақтары

  1. Қимылды, іс-әрекетті білдіретін сөз табы.
  2. –у жұрнағы арқылы жасалып, қимылдың атын білдіретін етістік түрі.
  3. Жұрнақсыз жасалатын етістік түрі.
  4. Түбір мен сөзжасам жұрнағы арқылы жасалатын етістік.
  5. Құрамына қарай екі немесе одан да көп сөзден тұратын етістік.
  6. Құрамына қарай бір ғана сөзден тұратын етістік.

Қорытынды

Қайталау сұрақтары

  1. Біз бүгін сабақта не туралы айттық?
  2. Халық қазынасы не?
  3. “Халықаралық табиғат қорғау қоғамы” қашан құрылды?
  4. Сиреп, құрып бара жатқан аң-құстар мен өсімдіктерді тіркейтін кітап қалай аталады?

Үндеу

Табиғатты қорғау үшін бәріміз күресейік, бір-бір ағаш егейік.
Текке отырмай жасымыз бен кәріміз,
Таза ауа үшін терімізді төгейік!

Бағалау

Оқушылардың білімі тапсырмалар мен талқылауға қатысуына қарай бағаланады.

Үй тапсырмасы

  1. “Мен табиғатты аялаймын” тақырыбына шағын шығарма жазу.
  2. “Пайдаланамын”, “күресейік” сөздеріне морфологиялық талдау жасау.