Балаларға суретті тест беру
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы
№9 «Балауса» балабақшасы
Мүберекова Шынар Тыныштыққызы
Мақсаты
Ата-аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың халық ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр туралы білімін байқау. Отбасының Отанның бір бөлшегі екенін ұғындыру, балаларды ынтымаққа, ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Әдісі
Ата-аналар мен балалар қатысатын сайыс түрлері ұйымдастырылады.
Көрнекілігі
- Қазақстан Республикасы рәміздерінің суреттері
- Отан, отбасы, ынтымақ, бірлік туралы мақал-мәтелдер жазылған плакаттар
Барысы
Жүргізуші сөзі
«Атамыз қазақ: “Бала — адамның бауыр еті”, “Балалы үй — базар” дейді. Өйткені бала — өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі».
Отбасы — қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан-жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты.
Ендеше, №9 «Балауса» балабақшасының «Балдырған» тобында өтетін «Ынтымақты отбасы» сайысына қош келдіңіздер! Бүгінгі сайыскерлерімізді қошеметпен ортаға шақырамыз.
Ұйымдастыру
Әділқазылар алқасымен таныстыру.
Сайыс бірнеше бөлімнен тұрады. Әр бөлім отбасының бірлігі, тіл мәдениеті, ұлттық тәрбие мен шығармашылығын ашуға бағытталған.
Сайыс бөлімдері
-
I бөлім. Отбасының өзін-өзі таныстыруы
Таныстыру, бірлік, отбасылық құндылықӘр отбасы өздерін таныстырып, отбасы дәстүрі мен ұстанымын қысқаша баяндайды.
-
II бөлім. Сұрақтарға жауап
Білім, сөйлеу мәдениеті, ұлттық тәрбиеI тапсырма. Сұрақтар
- Бақытты отбасы болудың негізгі шарттарына нені жатқызар едіңіз?
- Сәлемдесу мен жөн сұрасудың өз дәстүрі бар. Осы туралы не айтасыз?
- Бала дүниеге келгенде жасалатын салт-жоралардың түрлері қандай?
- Бала тәрбиесін қай жастан бастап қолға алған дұрыс?
II тапсырма. Мақалдың мәнін ашу
- «Тұлпар тайдан өседі»
- «Ана — балаға жастық, әке — көрпе»
- «Отбасына қарап бала өседі, қарағайға қарап тал өседі»
- «Бала — отбасының айнасы»
III тапсырма. Жағдаяттар
- 1) Балаңыз мультфильм көріп отыр. Дәл осы сәтте басқа арнадан сіздің сүйікті телехикаяңыз басталды. Сіз не істейсіз? Балаға қатысты әрекетіңіз қандай?
- 2) Сіз балаңызды дүкенге жұмсадыңыз. Балаңыз «Мен сурет салып отырмын» деп барудан бас тартты. Не істер едіңіз?
- 3) Балабақшадан келген балаңыз: «Мен ертең балабақшаға бармаймын, апай ұрысты» деді. Сіздің әрекетіңіз қандай?
- 4) Қызыңыз: «Мама, сізге қызық нәрсе айтамын. Бүгін балабақшада…» деп бастады. Анасы: «Басым ауырып тұр, мазамды алма!» деді. Егер сіз болсаңыз, не істер едіңіз?
Балаларға тапсырма
Суретті тест беріледі.
-
III бөлім. Көңілді жарыс
Серіктестік, сенім, шапшаңдық- Өз баласын иісінен ажырату
- Картоп аршу бойынша жарыс
-
IV бөлім. Көңілді аспаздар
Үй тіршілігі, ынтымақӘкелер
Картоп аршу бойынша жарысады.
Аналар
«Менің баламның сүйікті асы» тақырыбында таныстырады.
-
V бөлім. Өз өнерлерін көрсету
Шығармашылық, сахналық мәдениетӘр отбасы өз өнерін көрсетеді: ән айту, би билеу және басқа да шығармашылық нөмірлер.
-
VI бөлім. Отбасылық жылулық
Мейірім, тілек, құндылық- «Мен баламды қалай еркелетемін»
- «Алтын балыққа тілегіңіз»
Қорытынды
Сайысты қорытындылау үшін әділқазылар алқасына сөз беріледі.
Тілек
Құрметті ата-аналар мен қонақтар! Бүгінгі «Ынтымақты отбасы» сайысымыз өз мәресіне жетті. Баршаңыздың отбасыларыңызға бақыт, береке және бірлік тілейміз.