Жалпақ сүйектердің ұзындығы мен ені
Сабақ тақырыбы
Сүйектердің құрылысы мен құрылымы, олардың пішіндері және қызметі (Биология, 8-сынып).
Оқу мақсаты
Сүйектердің құрылысын, орналасу реттілігін, пішіндерін және қызметін түсіну.
Пән мұғалімі
Бохаева Дина
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар орындай алады
- Сүйектің маңызын түсінеді.
- Негізгі ұғымдарды ажыратады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады
- Сүйектің құрылысы мен қызметін ажыратады.
Кейбір оқушылар орындай алады
- Тақырыпты жан-жақты саралайды.
- Қосымша мәліметтер келтіріп, дәлелдей алады.
Бағалау критерийлері
- Сұрақтарға толық әрі нақты жауап береді.
- Жеке, жұптық және топтық тапсырмаларды орындай алады.
- Сабақ барысында тыңдаушылардың назарын өзіне аудара алады.
Тілдік мақсат
Оқушылар:
- Қаңқаның құрылысын ажыратады.
- Орналасу реттілігін көрсетеді.
- Сүйектің пішіндерін және қызметін түсіндіреді.
Сабақтың барысы
Басы
3 минут
Оқушыларды топқа біріктіру:
- 1-топ: Бассүйек
- 2-топ: Тұлға
- 3-топ: Аяқ-қол
Ұйымдастыру кезеңі
2 минут
- Оқушыларды түгендеу, тыныштандыру, назарын сабаққа аудару.
- Сурет қиындыларын тарату: құрастырған кезде жаңа тақырыпқа қатысты суреттер шығады.
- Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Айна» әдісі арқылы оқушылардың көңіл күйін сұрап, көтеру.
Білу және түсіну
1) Видеоролик (талқылау)
Видеодан нені түсіндік?
Сендер үшін бұрын естімеген немесе білмеген қызықты мәліметтер болды ма?
2) «Жасырын сөзді тап!» тапсырмасы
- Сүйектер __________ ұлпадан түзілген.
- Сүйектің құрамындағы органикалық заттар __________ қасиет береді.
- Жалпақ сүйектердің ұзындығы мен ені __________ болады.
- Қысқа сүйектерге __________ сүйектері жатады.
3) «Иә немесе жоқ»
Берілген тұжырымдарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап беріңдер.