Мысалдар келтірту

Сабақ тақырыбы

9 санының құрамы (математика)

Мақсаты

Көрнекіліктер арқылы 9 саны туралы түсінік қалыптастыру; суреттен саны 9 болатын заттарды тапқызу арқылы 9 санының құрамын меңгерту; өрнек пен теңдік туралы білімдерін бекіту.

Дамытушылық бағыты

Оқушылардың ой-өрісін дамыту, сөздік қорын байыту, математикалық тілде сөйлеуге баулу және өз ойын толық жеткізу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік бағыты

Шапшаңдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу; логикалық ойлау қабілетін арттыру.

Көрнекілігі

  • Сызбалар, жеке суреттер
  • Геометриялық фигуралар
  • 9 санының баспа және жазба түрі

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ-жауап, түсіндіру
  • Көрнекілік, әңгімелеу
  • Талдау және жинақтау

Сабақ түрі

Аралас сабақ.

Сабақ барысы

I

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа даярлау, сабаққа назарын шоғырландыру.

II

Үй тапсырмасын тексеру

  • 6-тапсырма (93-бет): мысалдарды орындау.
  • Қосымша дәптердегі тапсырманы жазу.
III

Білімді жан-жақты тексеру

Сан туралы тапсырмалар

  • Суреттерден 8 және 9 санын білдіретін заттарды тауып, санау.
  • 9-ға дейін тура санау және кері санау.

Қайталау сұрақтары

  • Қандай геометриялық фигураларды білесіңдер?
  • Ұзындықты немен өлшейміз?
  • Суреттерді біріктіруге мысалдар келтіру.

Талдау тапсырмасы

Бірігіп, топталып тұрған қояндардың суретін бөліктерге бөліп, соған сәйкес мысалдар құрастыру.

IV

Жаңа сабаққа даярлық

  • Тақтадағы суреттермен жұмыс: суреттен 9 санын білдіретін заттарды табу.
  • Табылған заттарды басқа заттармен салыстыру.
  • Мұғалімнің түсіндіруі: 9 саны туралы бастапқы түсінік беру.
V

Жаңа білімді меңгерту

Оқулықпен жұмыс

№1. 9 санының құрамын анықтау

5 + 4 = 9 3 + 6 = 9 8 + 1 = 9 7 + 2 = 9 1 + 8 = 9 0 + 9 = 9

№2. Сурет бойынша сұрақтарға жауап беру

Суреттегі заттарды санап, 9 санына сәйкестігін дәлелдеу; өз жауабын математикалық тілмен айту.

№3. Кесіндіні өлшеп, салыстыру

9 см және 8 см кесінділерін өлшеп салыстыру.

9 см − 1 см = 8 см

Ойын элементтері және жаттығу

  • №4. «Тез есепте» ойыны.
  • №5. «Кім тапқыр?» ойыны.
  • Сергіту сәті.

Дәптермен жұмыс

Үлгі бойынша дәптердегі тапсырмаларды орындату. Жазу кезінде дәптерге дұрыс жазу ережелерін ескерту.

VI

Сабақты бекіту

Шығармашылық тапсырма

Берілген сурет бойынша өз ойын толық жеткізіп, суреттен саны 8 және 9 болатын заттарды табу.

Мысал құрастыру

Нәтижесі 9 болатын мысалдар ойлап табу және оларды теңдік түрінде жазу.

VII

Қорытынды

  • 10-ға дейін және 10-нан кейін санау.
  • Қандай геометриялық фигураларды білесіңдер?
  • Фигураларды бөліктерге қалай бөлуге болады?
VIII

Үй тапсырмасы

  • 94–95-беттерге дайындалу.
  • №6 тапсырманы дәптерге орындау.
IX

Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысуы, тапсырмаларды орындау сапасы және математикалық тілде сөйлеу дағдылары бойынша бағалау.

Мәлімет

Өңірі
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы
Мектеп
№1 жалпы білім беретін орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Бегенова Әдемі Дүйсембекқызы