Абай ҚұнанбаевЕсіңде бар ма жас күнің, Көкірегің толық, басың бос, Қайғысыз, ойсыз, мас күнің - Кімді көрсең, бәрі дос

Абай Құнанбаев

Есіңде бар ма жас күнің,
Көкірегің толық, басың бос,
Қайғысыз, ойсыз, мас күнің —
Кімді көрсең, бәрі дос.

Махаббат, қызық, мал мен бақ
Көрінуші еді досқа ортақ.
Үміт жақын, көңіл ақ,
Болар ма сондай қызық шақ?

Құдай - ау, қайда сол жылдар,
Махаббат, қызық мол жылдар?
Ақырын, ақырын шегініп,
Алыстап кетті - ау құрғырлар!

Жалынасың, боқтайсың,
Сағынасың, жоқтайсың.
Махаббат кетті, дос кетті —
Жете алмайсың, тоқтайсың.

Көзіме жас бер, жылайын,
Шыдам бер, сабыр қылайын.
Жаралы болған жүрекке
Дауа бер, жамап сынайын.



Ұқсас жұмыстар

Мүшелге табыну мақсат емес, әлемеу қателік
Бала тәрбиелеу
Қазақ ағартушыларының оқу – тәрбие туралы ой – пікірлері
Қырғыз- қазақ тілдеріндегі соматикалық фразеологизмдер
Абай және Шәкәрім: көркемдік дәстүр жалғастығы
Абай - лирик ақын
Абайдың қара сөздері (1-10)
Төлеген Айбергенов поэзиясының көркемдік ерекшелігі
Абай Құнанбайұлының өмірбаяны
Абайдың қара сөздері және оның тәрбиелік мәні
ТҰМАР
Тасымалдау шаруашылығын ұйымдастыру
Коммерциялық ақпарат пен коммерциялық кұпия мәні және оны қорғау
ДОМАЛАҚ АНА
Жазаның жүйелерінің және түрлерінің жалпы сипаттамасы
Аудиттің мәні және оның нарықтық экономика жағдайындағы ролі
Ақшаның маңызы, қызметтері және оның ерекшеліктері
МАХМҰД ҚАШҚАРИ туралы
Басқару процесiнiң мазмұны
Индустриялдық – инновациялық бағдарламасының негізі