Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу

Тәрбие сағаты Негізгі бөлім

Мақсаты

  • а) Тұлғаны таныту

    Жас ұрпаққа Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.

  • ә) Кісілік келбетін меңгеру

    Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдауға үлес қосқан, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатқан Елбасының кісілік келбетін түсіну және бағамдау.

  • б) Үлгі ету

    Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысындағы Шамалған ауылында дүниеге келген. Ол еңбек жолын жұмысшы мамандығынан бастап, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті дәрежесіне дейін көтерілді.

Бұл жетістіктерге ол бірден қол жеткізген жоқ. Кішкентай кезінен-ақ түрлі қиындықтарды бастан өткерді. Соның бір дәлелі — бала кезінде бірнеше шақырым жердегі мектепке қыстың қарлы бораны мен күздің қара суығына қарамастан, таң атпай жолға шығып, білімге ұмтылғаны.

Негізгі ой

Алдына айқын мақсат қойған адам қандай кедергі болса да жеңе алады. Осы тұжырымды біз Нұрсұлтан Әбішұлының өмір жолынан, атқарған нақты да нәтижелі жұмыстарынан анық байқаймыз.

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматтың бар екенін көрмеу, оны сезінбеу мүмкін емес.

Тұжырымдар мен ұстанымдар

Мемлекет басшысы бұл бағыттағы ойларын биік мінбелерден сөйлеген сөздерінде жиі атап өткен. Ол қалың елі қазағына тебірене тұрып:

«Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ».

«Қазақтың ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау — Президенттік те, перзенттік парызым».

Оқырманға ой тастау

Мақсатқа адалдық, еңбекқорлық және елге қызмет ету — бүгінгі ұрпақ үшін де маңызды бағдар.

Тәрбиелік мәні

Ел тарихын құрметтеу және тұлға еңбегін тану арқылы отансүйгіштік қасиет нығаяды.