Оқушылармен құстар жайлы әңгімелесу
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
- Өңірі
- Алматы облысы, Әле ауданы, Өтеген батыр кенті
- Мектеп
- №7 орта мектеп
- Пәні
- Бастауыш сынып
- Мұғалім
- Сүюндікова Жанат Бекқожақызы
- Сынып
- 1-сынып
Сабақтың тақырыбы
Құстардың жазғы тіршілігі
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
Оқушыларға құстар туралы, олардың жазғы тіршілігі мен табиғатқа беретін пайдасы жайында түсінік беру.
Дамытушылық
Белсенділікті, ой-өрісті, қызығушылықты және сөздік қорды дамыту; өз ойын нақты жеткізуге үйрету.
Тәрбиелік
Құстарды қорғауға, қамқор болуға және табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Қажетті ресурстар мен әдістер
Көрнекіліктер
- Табиғат туралы тірек-сызба
- Құстардың тіршілігі туралы мәтін жазылған таспа
- Құстардың суреттері
- Компьютер және интерактивті тақта
- Бейнефильм (құстардың тіршілігі туралы)
Әдіс-тәсілдер
Сабақ түрі: аралас сабақ.
Сабақтың барысы
-
1) Психологиялық дайындық
Оқушылардың көңіл күйін көтеріп, сабаққа назарын шоғырландыру.
-
2) Ой шақыру: «Табиғат» ұғымын еске түсіру
Тірек-сызба арқылы табиғаттың екіге бөлінетінін талқылау: өлі табиғат және тірі табиғат.
Өлі табиғат
Жер, су, ауа, күн, топырақ, жұлдыз.
Тірі табиғат
Адамдар, өсімдіктер, жануарлар.
Тірі табиғатқа жататын жануарлардың маңызды топтарының бірі — құстар.
-
3) Ой қозғау: жұмбақ арқылы ассоциация
Жұмбақтарды шешу арқылы «құстар» тақырыбына кіріспе жасау.
Мойны сұрақ белгісі, бұл қандай көл құсы?
Жауабы: аққу
Екі айыр құйрығы, қияқ мұрт қанатты, ұшқырлардың жүйрігі.
Жауабы: қарлығаш
Кеудесі қайқаңдап, жүреді байпаңдап.
Жауабы: қаз
Шуға бөлеп жағаны, қанаттарын қағады, айдын судың түлегі, шабақ іліп жүреді.
Жауабы: шағала
Күн шықпастан шақырып, қуырады апшыны. Шырт ұйқыда жатқанда, оятады ащы үні.
Жауабы: қораз
-
4) Құстарды топтастыру
Құстарды тіршілік ортасына қарай үш топқа бөлу:
Су құстары
Аққу, шағала, қаз, үйрек.
Орман құстары
Тоқылдақ, үкі, қараторғай, қырғауыл.
Үй құстары
Қораз, тауық, қаз, кептер.
-
5) Оқулықпен жұмыс
- Мәтінді мұғалім оқып береді.
- Сөздік жұмыс жүргізіледі.
- Мәтін соңындағы сұрақтарға жауап беріледі.
- Оқушылар мәтінді тізбектей оқиды.
- Түсінігі тексеріліп, қорытынды ой айтылады.
-
6) Бейнематериал арқылы бекіту
Бейнефильмнен құстардың қалай көбейетіні, тіршілігі, немен қоректенетіні, адамдардың құстарға қамқорлығы және табиғатқа зиян келтіретін әрекеттерден қорғау жолдары көрсетіледі.
Көргендері бойынша сұрақ қойылып, қысқаша талқылау жүргізіледі.
-
7) Сергіту сәті
«Ұшты-ұшты» ойыны арқылы оқушылар сергіп, зейінін қайта жинақтайды.
-
8) Дәптермен жұмыс
Мақсаты: ізденімпаздықты, шапшаңдықты тәрбиелеу және есте сақтау қабілетін арттыру.
-
9) Өзіндік жұмыс: Венн диаграммасы
Оқушыларға Венн диаграммасы сызылған парақ таратылып, үй құстары мен дала құстары салыстырылады.
Үй құстары
Түйетауық, тауық, қаз, кептер.
Дала құстары
Үкі, бүркіт, жапалақ, шағала.
Ортақ қасиеттері
- Ұшады
- Қанатты
- Жұмыртқа салады
- Балапан шығарады
Тұжырым
Барлық құстарға ортақ белгілер: ұшады, қонады, қанатты, мамықты, тұмсықты, жұмыртқалайды және балапан басады. Ал айырмашылықтары дене көлемі мен пішініне, тұмсығына, түсіне, дыбысына және тіршілік ету ортасына байланысты.
-
10) Компьютермен жұмыс: «Бұл қай құстың дауысы?»
Компьютерден белгілі бір құстың дауысы тыңдатылады. Оқушы дұрыс жауап берсе, компьютер жауапты растап, сол құстың бейнесін көрсетеді.
Бұл тапсырма оқушылардың есту арқылы тану дағдысын дамытып, қызығушылығын арттырады.
-
11) Қорытынды: Раунд-Робин
Раунд-Робин әдісі бойынша әр оқушы сабақта не үйренгенін, не көргенін және сабақ мақсатына жеткен-жетпегенін қысқаша бағалайды. Жауаптар бірін-бірі қайталамауы тиіс.
-
12) Үй тапсырмасы
- «Құс» сөзіне 5 жолды өлең құрастыру.
- Тақырыпты оқып, түсінігін айту.