Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерді қосу және азайту

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сынып

5-сынып

Тақырып

Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерді қосу және азайту

Сабақ түрі

Аралас сабақ

Сабақ типі

Жаңа материалды меңгерту

Сабақ жабдығы

Тапсырмалар жазылған топтамалар

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерді қосу және азайтуды меңгерту, білімді жүйелеу.
  • Ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде, ал жай бөлшекті ондық бөлшек түрінде жазу және оқу дағдыларын қалыптастыру.
  • Оқушы білігін логикалық ойлау арқылы тиімді қолдануға үйрету.

Дамытушылық

  • Ойлау қабілетін дамыту және өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын нығайту.
  • Математикаға қызығушылықты арттыру.

Тәрбиелік

  • Алған білімге жауапкершілікпен қарауға баулу.
  • Өз мүмкіндігіне сенуге және нәтижеге ұмтылуға үйрету.
  • Үлкен жетістікке талпынуға ынталандыру.

Сабақ әдістері

Сұрақ-жауап Баяндау Әңгімелесе отырып түсіндіру Есептер шығару

Сабақтың өту жоспары

  1. 1) Ұйымдастыру бөлімі

    • Оқушылармен сәлемдесу
    • Оқушыларды түгендеу
    • Оқушылардың назарын сабаққа аудару
    Тәртіп пен ынтаны қалыптастыру
  2. 2) Үй жұмысын тексеру

    Алдыңғы тапсырмалардың орындалуын тексеру, қиындық туғызған тұстарды нақтылау және қысқаша кері байланыс беру.

    Бекіту және түзету
  3. 3) Өтілген тақырыптарға шолу есептері

    Қайталау арқылы негізгі ұғымдарды еске түсіру және жаңа тақырыпқа логикалық көпір құру.

    Қайталай отырып жүйелеу
  4. 4) Жаңа тақырыпты түсіндіру

    Жай және ондық бөлшектерді қосу мен азайтудың тәсілдерін түсіндіру; қажет болған жағдайда бір түрден екінші түрге айналдыру жолдарын көрсету.

    Негізгі бөлім
  5. 5) Жаттығу жұмыстары

    Тақырыпты бекітуге арналған есептер мен тапсырмаларды орындау, нәтижені талдау және қателермен жұмыс жүргізу.

    Тәжірибелік қолдану
  6. 6) A және B деңгейіндегі тапсырмалар

    Деңгейлік тапсырмалар арқылы білімді саралау: негізгі дағдыны қалыптастыру және күрделірек есептер арқылы тереңдету.

    Дифференциация
  7. 7) Үйге тапсырма

    Жаңа білімді өз бетінше бекітуге бағытталған тапсырмалар беру және орындау талаптарын нақты түсіндіру.

    Өзіндік жұмыс
  8. 8) Бағалау

    Оқушылардың жұмысына қорытынды баға қою, жетістіктерін атап өту және алдағы жақсарту қадамдарын көрсету.

    Қорытындылау

Автор туралы мәлімет

Білім беру ұйымы

№ 9 орта мектеп

Өткізген

М. Н. Жанабаева