Сынақ кезеңі
Сабақтың тақырыбы
Тікбұрышты үшбұрышты шешу
Сабақтың түрі
Қайталау сабағы
Сабақтың әдісі
Жағдаятты-іздену, көрнекілік
Сабақтың көрнекілігі
Интерактивті тақта, өздік жұмыс, В. М. Брадистің төрт таңбалы математикалық кестесі
Сабақтың мақсаты
- Осы тақырып бойынша алған білімдерін қайталау арқылы бекіту.
- Пәнге деген қызығушылығын, ойлау қабілетін және сұрақтарға жауап беру мәдениетін дамыту.
- Оқушының өзіндік ізденісін арттыру.
Сабақтың ұраны
«Адам өз қабілетін оны іске асыру барысында пайдалана білгенде ғана таниды.»
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру, оқу әрекетіне көңіл бөлу.
II. Сабақтың барысын түсіндіру
Бүгінгі сабағымыз күнделікті сабақтан ерекше өтеді: бұл — ашық сабақ, сондықтан сабағымызға мұғалімдер қатысады. Дегенмен біз өз жұмысымызға назар аударамыз. Сонымен қатар, бүгін біз геометриялық зертханаға саяхат жасаймыз. Саяхатқа шықпас бұрын бірнеше сынақтан өтіп, зертханаға жолдама алуымыз керек.
III. Сынақ кезеңі
- Қандай геометриялық фигура үшбұрыш деп аталады?
- Тікбұрышты үшбұрыштың анықтамасын айтыңыз.
- Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрыштарының қосындысы неге тең?
- Пифагор теоремасын тұжырымдаңыз.
- Сөйлемді аяқтаңыз.
- Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір 30°-қа тең бұрышына қарсы гипотенузаның жартысына тең катет жатады.
Назар аударайық: Негізгі ұғымдар — үшбұрыш анықтамасы, тікбұрышты үшбұрыш қасиеттері, Пифагор теоремасы және 30° бұрышқа қатысты қатынас.