Етістікке тән белгілер мен түрлерін анықтау

ОҚО, Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылы

№31 Т. Бигелдинов атындағы жалпы орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі: Нурбекова Ботагөз

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Осы шақ

Сабақтың мақсаты

  • Осы шақ етістік туралы түсінік беру.
  • Осы шақтағы етістіктердің іс-әрекеттің сөйлеу сәтінде болып жатқанын білдіретінін ұғындыру.
  • Осы шақтың сұрақтары мен жасалу жолдарын (тіркес етістіктер, жалғаулар) таныстыру.

Оқыту нәтижелері

  • Осы шақ етістік туралы түсінік алады.
  • Осы шақтағы етістіктердің сөйлеу сәтіндегі іс-әрекетті білдіретінін біледі.
  • Осы шақтың сұрақтары мен жасалу үлгілерін ажыратады, саралайды, қорытынды жасайды.

Сабақ түрі

Аралас сабақ

Негізгі дереккөздер

Оқулық, бағалау парағы, кесте, сызба, сурет, интерактивті тақта.

Сабақ кезеңдері

I. Ұйымдастыру кезеңі (3 минут)

  1. Оқу құралдарын дайындатып, оқушылардың зейінін сабаққа аударту.
  2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру:

    Қазақ тілім — өз тілім, ана тілім,
    Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
    Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
    Болашағым, бақытым, дара тілім.

  3. «Балалардың жақсы өмір сүруі үшін не қажет?» сұрағына жауап беру арқылы топқа бөлу:
    Кітап Еңбек Ойын Спорт Өнер

II. Өткенді қайталау (Білу) (14 минут)

1) Үй тапсырмасын тексеру

23-жаттығу: сөйлемдерді көшіріп жазу, етістікті табу, қай шақта тұрғанын айту.

2) Ой қозғау

Сөйлемде не жетіспейді?

Айжан атасының аулына

Бір күні екі дос жолға

Біз түстен кейін

3) Топтық жұмыс

1-топ

Етістікке тән белгілер мен түрлерін анықтау.

2-топ

Етістіктің жіктелуіне тән белгілерді анықтау.

3-топ

  1. Етістіктің шақтарын салыстыру: өткен шақ, осы шақ, келер шақ.
  2. Суреттегі зат атауын қатыстырып, етістікке үш шақтық мағына беретін сөйлемдер құрастыру; салыстыру; қорытынды жасау.

4-топ

Берілген етістіктерді үш шақта өзгертіп жазу, салыстыру, қорытынды жасау: жаз, кел, қара.

Шақ жаз кел қара
Өткен шақ жазды келді қарады
Осы шақ жазып отыр келе жатыр қарап тұр
Келер шақ жазады келеді қарайды

III. Жаңа сабақ (Түсіну) (4 минут)

1) Санжұмбақ шешу

45 : 15 = ы

36 : 3 = с

25 × 3 = о

640 − 620 = қ

15 × 4 = а

36 + 25 = ш

Нәтиже: ОСЫ ШАҚ

2) Тақырыпты хабарлау және мақсат қою

Сабақта осы шақ етістіктерінің мағынасын, сұрақтарын және жасалу жолдарын меңгеріп, өткен шақ пен келер шақтан ажыратуды үйренеміз.

Табыс критерийлері

  • Осы шақтың іс-әрекеттің дәл қазір болып жатқанын білдіретінін біледі.
  • Берілген етістіктерді осы шаққа айналдырып айта алады.
  • Етістіктің қай шақта тұрғанын анықтай алады.
  • Осы шақ етістіктерін жекеше және көпше түрде үш жақта жіктеп жаза алады.
  • Осы шақты өткен шақ және келер шақ етістіктерінен ажырата алады.

Талдау және қолдану (10 минут)

Оқулықпен жұмыс

25-жаттығу

Жаңылтпашты оқып, жатқа жазу; етістікті табу; оны үш жақта жіктеу; қай уақытта болған іс-әрекетті білдіріп тұрғанын айту. «Қайрап отыр» тіркесін өткен шаққа және келер шаққа айналдырып айту.

26-жаттығу

Берілген сөздерді пайдаланып сөйлем құрау және оқу; етістіктерді табу; сұрақ қою; қай шақта тұрғанын анықтау (ауызша).

Сергіту сәті (1 минут)

Өлең оқу арқылы қимыл-қозғалыс жасау.

IV. Сабақты қорыту (Жинақтау) (10 минут)

1) Осы шақ етістіктеріне тән белгілер

  1. Осы шақ сөйлеу сәтіндегі іс-әрекетті білдіреді.
  2. Сұрақтары: не істеп отырмын? не істеп отырсың? не істеп отыр?
  3. Осы шақ отыр, тұр, жүр, жатыр етістіктері арқылы жасалады.
  4. Негізгі етістікке осы көмекші етістіктерді тіркестіру арқылы құралады (мысалы: оқып отыр).
  5. Осы шақ етістіктері үш жақта жекеше және көпше түрде жіктеледі.
  6. Осы шақ етістіктерін өткен шаққа да, келер шаққа да айналдыруға болады.

2) Өзіндік жұмыс

Семантикалық карта (тапсырма сабақта толтырылады).