Әселге Абай шығармалары
Нәтиже сабақ. Менің әуес ісім
Сабақтың мақсаты: 1. Ая бойынша өткен материалдарды қайталау, алған білімдерін тексеру, бекіту; алған білімдерін практикада қолдана алу;
2. Есте сақтау қабілетін дамыту; сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру;
3. Ұқыпты, мәдениетті болуға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: нәтиже
Әдісі: тест, жазбаша жұмыс
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Нәтиже сабақ
1. Тыңдалым. Мәтінді тыңдаңыз және сұрақтарға жауап беріңіз
Менің досым Әселдің сүйікті ақыны – Абай Ќұнанбаев. Әсел Абайдың өлеңдер жинағын ылғи өзімен алып жүреді. Әселге ақынның әсіресе Әсемпаз болма әрнеге атты өлеңі ұнайды
1. Бұл мәтінде __________________ туралы айтылған.
А) Ыбырай Алтынсарин
Б) Абай Құнанбаев
В) Мұхтар Әуезов
2. Әселдің сүйікті ақыны кім?
А) А. С. Пушкин
Б) Ыбырай
В) Абай
3. Әселге Абай Құнанбаевтың қай өлеңі ұнайды?
А) Әсемпаз болма әрнеге
Б) Жаз
В) Қыс
4. Әсел кімнің өлеңдер жинағын ылғи өзімен алып жүреді?
А) Пушкиннің
Б) Ыбырайдың
В) Абайдың
5. Кім Абайдың өлеңдерін жатқа біледі?
А) Әсел
Б) Асан
В) Арман
2. Оқылым. Мәтінді оқыңыз және сұрақтарға жауап беріңіз.
Кәмшат әдетте достарымен киноға демалыс күндері барады. Ол киноға баруды өте жақсы көреді. Жексенбі күні Кәмшат Әсел құрбысын Арман кинотеатрына киноға шақырды.
Кәмшат кинотеатрға кешкі сағат алты жарымға Көшпенділер фильміне екі билетін сатып алды. Ол билетті ортаңғы қатардан алды.
Әселге де, Кәмшатқа да фильм өте ұнады. Әсіресе фильмнің сюжеті, басты рөлде ойнаған әртістер ұнады.
6. Кәмшат әдетте киноға қашан барады?
А) ай сайын
Б) демалыс күндері
В) күнде
7. Ол киноға баруды жақсы көре ме?
А) жақсы көреді
Б) жақсы көрмейді
В) ұнатпайды
8. Кәмшат киноға кіммен барды?
А) досы Айдармен
Б) ағасымен
В) құрбысы Әселмен
9. Олар қай кинотеатрға барды?
А) Қазақстан
Б) Арман
В) Алатау
10. Кәмшат қай күні Әселмен киноға барды?
А) сәрсенбі
Б) бейсенбі
В) жексенбі
11. Олар қай фильмге билет сатып алды?
А) Қыз Жібек
Б) Көшпенділер
В) Кек
3. Лексика. Сөздердің дұрыс қарама - қарсы мағынасын табыңыз.
12. Меніңше, шаңғы тебу қауіпті.
А) қызықсыз
Б) қауіпсіз
В) жаман
13. Менің ойымша, коньки тебуді үйрену оңай.
А) қиын
Б) қызықты
В) жеңіл
4. Грамматика Сөздердің болымды болымсыз түрін табыңыз.
14. Мен суда жүзе аламын.
А) жүзе алмаймын
Б) көре алмаймын
В) жасай алмаймын
15. Мен киноға жиі бармаймын.
А) жүремін
Б) барамын
В) аламын
16. Әлия музыкалық аспапта ойнай алады.
А) шығармайды
Б) билемейді
В) ойнай алмайды
17. Мен кеше сүйікті жазушыммен кездестім.
А) кездескен жоқпын
Б) барған жоқпын
В) көрген жоқпын
18. Мен ән үйренгім келмейді.
А) билегім келеді
Б) үйренгім келеді
В) ұнайды
19. Әрсен Абайдың өлеңін жатқа айтады.
А) көрмейді
Б) айтпайды
В) айта алмайды
20. Ардақ тамақ пісіре алмайды.
А) жасайды
Б) сатып алады
В) пісіре алады
5. Дұрыс жауабын таңдаңыз.
21. Әселге Абай шығармалары ______________.
А) ұнайсыз
Б) ұнайды
В) ұнайсың
22. Асан шаңғы тебе ала _____?
А) бе
Б) ме
В) ма
23. Мақпал __________ жаттығу жасайды.
А) таңертең
Б) таң
В) таңды
24. Соңғы фильм сағат _____________ басталады?
А) нешеге
Б) нешеде
В) нешемен
25. Маған комедиялар _____________.
А) ұнайсың
Б) ұнайсыз
В) ұнайды
3. Жазылым.
Өзіңіздің сүйікті ісіңіз туралы бес сөйлем жазыңыз..
................
ІІІ. Үйге: өткен материалдарды қайталау
ІҮ. Бағалау Оқушылардың дәптерлерін жинап алып, тексеру, бағаларын қою
Азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін құжаттар.
Өлкетану деректерін жинақтау
Девиантты жеткіншектермен коррекциялық жұмысты жүргізу
Бастауыш сынып оқушыларының ақыл-ой деңгейін анықтау
Қазақ тілі – мемлекеттік тіл
Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту ерекшеліктері
«Түйсік және оқушылардың түйсігін дамыту»
Негізінен жергілікті халықтың түсінігінде Маңғыстау аймағының киелі әулиелер қорымдарына келушілерге айтатыны
Оқушылардың ойлау қабілетінің ерекшеліктері
Мемлекеттік тілде іс - қағаздар жүргізу ережелері
ТОЛЫБАЙҰЛЫ ОЛЖАБАЙ
ҚҰНАНБАЙҰЛЫ АБАЙ (ИБРАҺИМ)
Абай атама
Құнанбаев Абай
Абай Құнанбаев
Кітап жиған қазақтың жиһазы Абайсыз болмас, Абайы болмаса ол қазақ емес, жалпы ондайды саналы адам деу қиын
Мөңкеұлы Мұрат шығармаларын зерттегендер
Абай поэзиясы
Абайдың өмірі мен мұраларын ғылым жолымен толық тануға себепші - оның толық жинағының баспаға шығуы
Бай баласы мен жарлы баласы - Ыбырай шығармаларының биік шыңы