Әнұранымыздың авторы кім
4-сыныпқа арналған сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан — тәуелсіз демократиялық мемлекет
Сабақтың мақсаты
1) Білімділік
Оқушыларға еліміздің тәуелсіздігі туралы өз ойын анық әрі жүйелі жеткізе білуге үйрету. Интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін пайдаланып, тапсырмаларды дұрыс орындауға дағдыландыру. Сауатты сөйлеу дағдысын нығайтып, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
2) Дамытушылық
Оқушылардың танымдық қабілетін, сауаттылығын және сөздік қорын дамыту. Ауызекі сөйлеу дағдыларын жетілдіріп, ой-өрісін кеңейту.
3) Тәрбиелік
Отанға, ел мен жерге, тілге және ұлтқа деген құрметті арттыру, азаматтық жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылар әртүрлі түсті фигураларды таңдап, сол түстер бойынша топтарға бөлініп отырады. Әр түстің мәніне қатысты қысқаша түсіндірме беріледі.
Ойын: «Түс таңда»
Таңдаған түсіңнің сырын білесің бе?
Қызыл түс
Ұшқыр ойлы, алғыр, кез келген жағдайда ойланып шешім қабылдайтын адамдар.
Сары түс
Арманшыл, болашаққа ұмтылатын, өткенді жиі еске алатын адамдар.
Жасыл түс
Ынталы, кез келген жағдайда өзін жақсы қырынан көрсете білетін адамдар.
Көк түс
Зейінді, сыпайы, барлық мәселені ақылмен, сабырмен және шыдамдылықпен шешетін адамдар.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Үйге берілген «Қазақстан мәдениеті» тақырыбы бойынша дайындалып келген қосымша материалдар тыңдалады және талқыланады.
III. Жаңа сабақ
Кіріспе
Қазақстан туралы бейнебаян көрсетіледі.
Талқылау сұрағы
Бейнебаян не туралы болды?
Талқылау сұрағы
Көріп отырып қандай ой келді?
Талқылау сұрағы
Нені атап өтуге болады?
Бүгінгі сабақ Қазақстан туралы болмақ. Сабақты бастамас бұрын, Қазақстан жайлы не білетіндеріңді анықтайық. Ол үшін болашақта журналист болуды қалайтын оқушы Тұлтаева Томирис сыныптастарынан қысқаша сұхбат алады.
Сұхбат сұрақтары
- Қазақстан тәуелсіздігін қай жылы алды?
- Тәуелсіздік мерекесі қай күні тойланады?
- Н. Назарбаев атқарған лауазым қалай аталады?
- Еліміздің Ата заңы — Конституция қашан қабылданды?
- Тудың авторы кім?
- Мемлекеттік рәміздерді ата.
- Елтаңбаның авторы кім?
- Әнұранымыздың авторлары кімдер?
- Мемлекеттік тіл қай тіл?
Мұғалімнің қорытынды сөзі
Ендеше, балалар, бүгінгі тақырыбымызды бастайық: «Қазақстан — тәуелсіз демократиялық мемлекет». Енді «тәуелсіздік» және «демократия» ұғымдарына қысқаша тоқталайық.
Тәуелсіздік
Өз еркімен өз тағдырын анықтау құқығы, елдің ішкі және сыртқы саясатын дербес жүргізе алуы.
Демократия
«Халық билігі» деген мағынаны білдіреді: қоғам өміріндегі маңызды шешімдер халықтың қатысуымен қабылданады.