Жасырын сандарды ата

Тақырыбы: Сандардың нумерациясы

Мақсаты

Үш таңбалы сандардың құрылу тәсілдерін қорытындылау; оларды салыстыру; «алдыңғы» және «келесі» ұғымдарын пайдаланып, натурал сандар қатарынан сандарды табу дағдыларын жетілдіру.

Түрі

Жаңа сабақ.

Әдісі

  • Сұрақ–жауап
  • Талдау
  • Есептеу
  • Салыстыру

Көрнекілігі

Суретті кестелер, қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Балалар, бір-біріңе қарап жымиыңдар. Жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар:

Мен бақытты баламын.

Жан дүниемде күн нұрлы,

Жылуым мол бойымда.

Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.

Менің оқығым келеді!

Білімді, алғыр болғым келеді!

II. Мақсат қою кезеңі

Оқулықпен танысу: 4-сыныпқа арналған математика оқулығын Ә. Б. Ақпаева, Л. А. Лебедева, В. В. Бурова құрастырған. Оқулық ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған. Алматы қаласында «Алматыкітап» баспасынан 2011 жылы шыққан.

Кітаптағы шартты белгілер

Оқулықта шартты белгілер бар. Олар кітаппен тез тіл табысып, оны дұрыс әрі тиімді пайдалануға көмектеседі.

Кітапқа ұқыптылық

Бұл жаңа кітап — сендердің адал достарың әрі көмекшілерің. Сендерден кейін де басқа оқушылар пайдаланады. Білім ешқашан ескірмейді, сондықтан кітапты күтіп ұстауды ұмытпаңдар.

III. Жаңа сабақ: кіріспе

Көркем жазу

1, 2, 3 цифрларының көмегімен үш таңбалы сандарды жазыңдар:

123 132 213 231 312 321

Сұрақтар

  • Неше сан жаздыңдар?
  • Ең кіші санды ата.
  • Ең үлкен санды ата.
  • 1 ондығы бар санды ата.
  • 1 бірлігі бар санды ата.
  • 3 ондығы бар санды ата.

Аралық сандар

312 мен 321 сандарының арасындағы сандарды жаз.

313, 314, 315, 316, 317, 318, 319, 320

1) Оқулықпен жұмыс

№1 — ауызша есептеу: жасырын сандарды ата.

№3 — салыстыр

Жұптық жұмыс: есептемей-ақ салыстыр.

Жұп 1

699 − 90

Жұп 2

808 − 80

Жұп 3

400 + 80

Жұп 4

400 + 8

Жұп 5

550 + 50

Жұп 6

550 + 5

Жұп 7

998 − 900

Жұп 8

998 − 90

Қосымша өрнек

665 − 60 − 5 = 665 − 5

№4 — өлшем бірліктеріне өрнекте

Үш қатардан үш оқушыдан шығып, жарыса орындайды.

Сантиметрден метрге

  • 900 см 9 м
  • 400 см 4 м
  • 300 см 3 м

Аралас өлшемдер

  • 895 см 8 м 9 дм 5 см
  • 502 см 5 м 0 дм 2 см
  • 660 см 6 м 6 дм 0 см

Метірден дециметрге

  • 10 м 100 дм

Метірден сантиметрге

  • 10 м 1000 см
  • 2 м 5 дм 7 см 257 см