Power Point программасында слайдпен жұмыс істеу режимдері

Сабақтың тақырыбы

Презентацияны безендіру мүмкіндіктері

Сабақтың түрі

Сайыс сабақ

Сабақтың типі

Өткен сабақты қайталау

Көрнекіліктер

  • Компьютер
  • Интерактивті тақта
  • Оқулық
  • PowerPoint бағдарламасы
  • Ойындар

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Оқушыларға PowerPoint бағдарламасында дайындалған презентацияларды безендіруді үйрету.
  • Мәтін элементтерін безендіру құралдарымен жұмыс істеуге дағдыландыру.
  • Слайдтарды безендіру элементтерімен жұмыс істеуге үйрету.

Дамытушылық

  • Презентацияда бір слайдтан келесі слайдқа өту тәсілдерін меңгерту арқылы танымдық белсенділікті арттыру.
  • Мәтінді безендіру барысында шығармашылық ойлауды дамыту.

Тәрбиелік

  • Адамгершілікке, әсемдікке және көркемдік талғамға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. 1Оқушылармен амандасу.
  2. 2Сыныптың тазалығын тексеру.
  3. 3Оқушыларды түгелдеу, оқу құралдарын түгендеу.
  4. 4Сабақтың өтілу тәртібі мен ережелерін қысқаша түсіндіру.

II. Үй тапсырмасын сұрау

Қайталау бөлімі ойындар мен сұрақтар арқылы ұйымдастырылады.

Интерактив

1) «Алтын қақпа» ойыны

Ойын шарты: берілген сұрақтарға жылдам әрі нақты жауап беру.

1. PowerPoint бағдарламасын қалай іске қосамыз?

Пуск → Программы → PowerPoint

2. PowerPoint бағдарламасының қандай мүмкіндіктері бар?

Слайдтар құру, дыбыстық және мультимедиялық мүмкіндіктерді пайдалану арқылы презентацияны экранда көрсету.

3. Слайдпен жұмыс істеудің қандай мүмкіндіктері бар?

Құрылымдық режим, слайд режимі, слайдтарды сұрыптау, слайдтарды көрсету, бетке ескертпе жазу.

4. Сақталған құжатты басқа атпен сақтау үшін қандай команданы орындаймыз?

Файл → Сохранить как

5. Мәтіндегі қаріп түрін және түсін өзгерту үшін қандай команданы қолданамыз?

Формат → Шрифт

6. Бос презентацияны құру үшін қандай команданы орындаймыз?

Файл → Создать

7. PowerPoint бағдарламасында презентацияны қалай сақтаймыз?

Файл → Сохранить

8. Жұмыс режимдерінің батырмалары терезенің қай бөлігінде орналасады?

Экранның сол жақ төменгі бөлігінде.

9. Саймандар тақтасындағы «Вставить (Қою)» батырмасы не үшін қажет?

Көшірілген немесе қиып алынған объектіні слайдқа енгізу үшін.

10. «Автомазмұн шебері» қандай қызмет атқарады?

Жалпы тақырыптар бойынша және қызметтік баяндамаларға арналған үлгілер арқылы презентация дайындауға көмектеседі.

2) Ассоциация құру ойыны

Екі топқа екі сөз беріледі. Әр топ берілген сөзге қатысты ұғымдарды тізіп, байланысын түсіндіреді.

PowerPoint бағдарламасының мүмкіндіктері

  • Слайдтар құру
  • Слайдтарды сақтау
  • Мультимедиялық мүмкіндіктерді пайдалану
  • Презентациялар дайындау
  • Анимациялық көріністерді қолдану
  • Дыбысты қосу және өңдеу

Слайдпен жұмыс істеу режимдері

  • Құрылымдық режим
  • Бетке ескертпе жазу режимі
  • Слайд режимі
  • Слайдтарға ескертпе жазу режимі
  • Слайдтарды сұрыптау режимі

3) «Бейнелерді құрастыру» ойыны

Тапсырма: «Түстер» және «Құю» сұхбат терезелерінің құрылымын құрастыру.

4) Шығармашылық жұмыс

Әр топқа екі тақырып беріледі. Топтар PowerPoint бағдарламасында презентация әзірлеп, нәтижесін қорғайды.

5) Тест

Оқушылар тест сұрақтарына жауап береді (бір немесе бірнеше дұрыс жауап болуы мүмкін).

1. PowerPoint бағдарламасының қандай мүмкіндіктері бар?

  • A) Слайдтар құру
  • B) Презентация көрсетілуін автоматты түрде программалық тілге аудару
  • C) Дыбыстық және мультимедиялық мүмкіндіктерді пайдаланып, презентацияны экранда көрсету
  • D) Презентация материалдарын қағазға немесе 35 мм таспаға шығару

2. Презентация құру тәсілдері (қате жауапты көрсетіңіз)

  • A) Автомазмұн шебері көмегімен
  • B) Презентацияны көрсету тәсілдерін таңдау
  • C) Бос презентация
  • D) Программалық тілде жазу арқылы

3. Автомазмұн шеберінің 1-қадамында қандай әрекет орындалады?

  • A) Презентацияның түрі мен тақырыптық бағыты таңдалады
  • B) Презентацияны көрсету тәсілдері таңдалады
  • C) Шығару материалының форматы таңдалады
  • D) Қосымша мәліметтер енгізіледі (тақырып, титулды слайд мәтіні)

4. Автомазмұн шеберінің 2-қадамында қандай әрекет орындалады?

  • A) Презентацияның түрі мен тақырыптық бағыты таңдалады
  • B) Презентацияны көрсету тәсілдері таңдалады
  • C) Шығару материалының форматы таңдалады
  • D) Қосымша мәліметтер енгізіледі (тақырып, титулды слайд мәтіні)

5. Автомазмұн шеберінің 3-қадамында қандай әрекет орындалады?

  • A) Презентацияның түрі мен тақырыптық бағыты таңдалады
  • B) Презентацияны көрсету тәсілдері таңдалады
  • C) Шығару материалының форматы таңдалады
  • D) Қосымша мәліметтер енгізіледі (тақырып, титулды слайд мәтіні)

6. Автомазмұн шеберінің 4-қадамында қандай әрекет орындалады?

  • A) Презентацияның түрі мен тақырыптық бағыты таңдалады
  • B) Презентацияны көрсету тәсілдері таңдалады
  • C) Шығару материалының форматы таңдалады
  • D) Қосымша мәліметтер енгізіледі (тақырып, титулды слайд мәтіні)

7. Слайдқа қандай объектілер енгізуге болады?

  • A) Суреттер: MS Clip Gallery объектілері және файлдан енгізілетін графика
  • B) Бір мезгілде бірнеше дыбыстық объектілер
  • C) MS Word кестесі
  • D) Сканерден алынған көшірме

8. Слайдпен жұмыс істеу режимдері (қате жауапты көрсетіңіз)

  • A) Слайд режимі
  • B) Құрылымдық режим
  • C) Слайдтарды сұрыптау режимі
  • D) Бетбелгі режимі

9. Слайд режимі қандай мүмкіндік береді?

  • A) Презентацияның әр слайдын жеке қарауға ыңғайлы
  • B) Тек мәндік мазмұнын көрсетеді
  • C) Барлық слайдтарды терезеде тізбектей орналастырады
  • D) Беттерге ескертпе және қосымша материалдар жазуға мүмкіндік береді

10. Құрылымдық режим қандай мүмкіндік береді?

  • A) Әр слайдты жеке қарауға ыңғайлы
  • B) Презентацияның тек мәндік мазмұнын көрсетеді
  • C) Барлық слайдтарды тізбектей орналастырады
  • D) Беттерге ескертпе және қосымша материалдар жазуға мүмкіндік береді

V. Үй жұмысы

Үйге: тақырыпқа байланысты шығармашылық жұмысқа дайындалып келу.

VI. Бағалау

  • Сұрақ–жауап нәтижесіне қарай бағаланады.
  • Шығармашылық жұмыстың сапасы ескеріледі.
  • Тест тапсырмаларына дұрыс жауап беруі бойынша бағаланады.
  • Екі топ та белсенділігі мен қабілетіне қарай мақтау қағаздарымен марапатталады.