Жай бөлшектерге қолданылатын амалдарды қайталау
Аралас сандарға амалдар қолдану
5-сыныпқа арналған сынып жұмысы. Сабақ тақырыбы — жай бөлшектерді және аралас сандарды қайталау, салыстыру, қосу мен азайтуды жүйелеу.
Сабақ мақсаты
Білімділік
- Өтілген тақырыптарды қайталау және жүйелеу.
- Жай бөлшектер және оларға амалдар қолдану дағдыларын қалыптастыру.
- Жай бөлшектерге қолданылатын амалдарды қайталау.
- Жай бөлшектерге байланысты тарихи деректермен таныстыру.
- Біліктерін логикалық ойлау арқылы қолдана білу.
Дамытушылық
- Ойлау қабілетін дамыту.
- Өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру.
- Математикаға қызығушылықты арттыру.
Тәрбиелік
- Алған білімге жауапкершілікпен қарауға баулу.
- Өз мүмкіндігіне сенімді болуға үйрету.
- Үлкен жетістікке ұмтылуға ынталандыру.
Қайталау сұрақтары
Төмендегі сұрақтар арқылы жай бөлшек пен аралас сан ұғымдарын, сондай-ақ амалдардың орындалу ережелерін еске түсіріңіз.
-
1
Жай бөлшек деп қандай санды айтамыз?
-
2
Жай бөлшектің алымы нені көрсетеді, бөлімі нені көрсетеді?
-
3
Қандай бөлшек дұрыс бөлшек деп аталады?
-
4
Қандай бөлшек бұрыс бөлшек деп аталады?
-
5
Натурал санды бұрыс бөлшек түрінде қалай жазуға болады?
-
6
Бөлімдері бірдей жай бөлшектер қалай салыстырылады?
-
7
Бөлімдері әр түрлі жай бөлшектер қалай салыстырылады?
-
8
Қандай сан аралас сан деп аталады?
-
9
Аралас сандар қалай қосылады?
-
10
Бөлімдері бірдей аралас сандар қалай азайтылады?
-
11
Бөлімдері әр түрлі аралас сандар қалай қосылады?
-
12
Бөлімдері әр түрлі аралас сандар қалай азайтылады?
Логикалық жаттығулар
Ойлау икеміңізді шыңдау үшін қысқа логикалық тапсырмаларды орындаңыз.
Тапсырма 1
Жылдың он екі айында 30 және 31 сандары ауысып отырады. Ал 28 және 29 сандары қай айда кездеседі?
Тапсырма 2
Қосарланып жегілген атпен арба айдаған Самат 8 шақырым жол жүрді. Оның әр аты неше шақырым жол жүрді?
Тапсырма 3
Ағаштың үстінде 100 торғай отырды. Аңшы 5 торғайды атып алды. Торғайдың қаншасы қалды?