Отбасы шағын қоғам
Сабақ жоспары
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы
Ғ. Молдашев атындағы ОЖББМ, бастауыш сынып мұғалімі — Мустанова Айжан Темирболатовна
Пән
Дүниетану
Сынып
4-сынып
Сабақ түрі
Ашық сабақ
Тақырып
Отбасы — шағын қоғам. Қоғамдық топтар
Отбасы ұғымы арқылы оқушының күнделікті өмірімен байланысты құндылықтарды ашып, өзара құрмет, жауапкершілік және ынтымақ идеяларын талқылауға бағытталған сабақ.
Сабақтың мақсаты
1) Түсінік қалыптастыру
Оқушыларға отбасы ұғымын тереңірек түсіндіріп, ата-ана мен бауырлардың қадірін бағалай білуге бағыттау.
2) Ойлау және тіл дамыту
Жаңа мағынаны танып-білуімен қатар, «Отбасы» тақырыбының мазмұнын оқушылардың өздері ашуына мүмкіндік беру; ойын анық жеткізу дағдыларын дамыту.
3) Тәрбиелік бағыт
Үлкенге ізет, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу; отбасының татулығы мен ынтымағын сақтаудың маңызын ұғындыру.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сыныптың назарын сабаққа бағыттау, жұмыс ережелерін еске түсіру, жағымды ахуал қалыптастыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру
- Слайд бойынша тексеру
- Сызба-сурет арқылы әңгімелеу
- Мақал-мәтелдер айту
Ортақ сұрақ
Отбасы мүшелерін қандай мақсат біріктіреді?
Отбасы өз мүшелерінің тең құқықтары мен өзара құрмет сезіміне негізделеді.
III. Жаңа сабақ
Психологиялық дайындық
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруға бағытталған қысқа жаттығулар.
Ой толғау: «Ойлан, тап» сөзжұмбағы
- 1. ... — отбасынан басталады.
- 2. Әке — асқар ...
- 3. Су анасы — ...
- 4. ... тілің — арың бұл.
- 5. 60 минут — 1 ...
- 6. Ырыс алды — ...
Сары жолақта шыққан сөз: «Отбасы». Демек, бүгінгі сабақтың тақырыбы — «Отбасы — шағын қоғам. Қоғамдық топтар».
Топқа бөлу
Оқушылар 3 топқа бөлініп, тапсырмаларды бірлесіп орындайды.
IV. Оқулықпен жұмыс
- Мәтінді оқу: іштей оқу, жұпта талдау, топтан бір оқушының жауабы
- Мазмұнын ашу: әр топқа сұрақтар таратылады
Топтық сұрақтар
- 1-топ:Отбасы мүшелері бақытты болуы үшін не қажет?
- 2-топ:Отбасын неге «шағын қоғам» дейміз?
- 3-топ:Отбасының қорғаны, жанашыры кім?
Отбасының құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Конституциясының 27-бабында белгіленген.
V. Дәптермен жұмыс
Анықтама: Отбасы
Отбасы — туыстық қатынастағы адамдардан құралған, бір-біріне қамқорлық көрсетіп, ортақ өмір сүретін шағын қоғам.
Анықтама: Қоғам
Қоғам — ортақ мақсат-міндеттері, өмір жағдайлары және қарым-қатынастары біріктіретін адамдар тобы.
Талдау
Сызба бойынша отбасылық міндеттерге талдау жасалады (слайд).
VI. Суретті тапсырма: «Отбасы — шағын қоғам»
1-топ
Отбасын кімдер құрайды?
Ата, әже, ана, әке, аға, әпке, қарындас, сіңлі, іні.
2-топ
Ұл мен қызды жасына қарай қалай атайды?
Қарындас, әпке, сіңлі, аға, іні.
3-топ
Отбасында қандай дәстүрлер бар?
Оқушылар мысалдар келтіріп, ортақ талқылау жүргізеді.
VII. Сергіту сәті
Бір, екі, үш,
Қанат байлап ұш.
Достарыңды көргенде,
Қолын алып қыс.
VIII. Пікірлесу
- 1-топ: Отбасының берекесі
- 2-топ: Отбасына қамқорлық
- 3-топ: Отбасы мен қоғамның байланысы
IX. Тақтамен жұмыс
Слайд бойынша тапсырмалар орындалып, жауаптар талданады.
X. Шығармашылық жұмыс: Эссе
Тақырып: «Менің отбасым». Оқушылар жазған жұмыстар оқылып, талданады.
Молдағалиева Нұржауған
Менің отбасымда бес адам бар. Ата-анам еңбекқор әрі ақылды жандар. Біз мерекелерді үйде ерекше көңіл-күймен өткіземіз. Біз тату отбасымыз: бір-бірімізге жанашыр, қамқормыз. Отбасындағы адамдар қиыншылықта бірге болуы тиіс. Ал ұрыс-керіссіз, бақытты өмір сүргіміз келсе, бір-біріміздің көңілімізге қарап, сыйластықты сақтауға тиіспіз.
Мұханбетқали Айсезім
Менің отбасым өте керемет! Мен оларды сыйлаймын және жақсы көремін. Олар да мені жақсы көреді. Кейде мен оларға ренжіп қалатын кездерім болады. Анам мені өмірге әкелгені үшін, оны ерекше жақсы көремін. Әкем, анам, көкем, тәтем, кенже ағам және сіңлім — міне, менің отбасым осындай!
XI. Сабақты бекіту
Қанатты сөздер
Ағадан — ақыл, атадан — нақыл.
Отбасы — алтын ұяң.
Ата-ананың тілегі — адам болып өскенің,
Адамдықтың тірегі — адал болып өскенің.
XII. Үй жұмысы
- Мәтінді оқу, мазмұнын түсіндіру
- «Біздің жанұя» тақырыбына сурет салып келу
XIII. Қорытынды және бағалау
Сабақ қорытындыланып, оқушылардың белсенділігі бағаланады (слайд).
Ескерту
Құжаттың толық нұсқасын және презентация материалдарын қажет болған жағдайда бөлек файл ретінде ұсынуға болады.