Байқоңыр қаласы, 8 Ю. А. Гагарин атындағы мектептің 6 ж сынып оқушысы, Байдуллаева Фариза Кенжеғалиқызы Мен қалай құмырсқа болдым

Байқоңыр қаласы, №8 Ю. А. Гагарин атындағы мектептің 6 «Ж» сынып оқушысы — Байдуллаева Фариза Кенжеғалиқызы

«Мен қалай құмырсқа болдым?»

(Ертегі)

Ерте, ерте, ертеде бір кемпір мен шал өмір сүріпті. Олардың жан дегенде жалғыз ұлы бар екен. Ол тым еріншек, жалқау болыпты.

Күндердің күнінде кемпір мен шал қартайып, әлі таусыла бастайды. Олар баласына уайымдап, ренжіп:

— Қарашы, ана жәндік екеш жәндік құмырсқаны! Жаз бойы бір тынбай еңбек етеді, — дейді.

Бұл сөздің мәнін түсінбеген бала іштей: «Кішкентай құмырсқаның қолынан не келеді дейсің?» — деп ойлайды.

Бір күні күтпеген жерден бала құмырсқаға айналып кетеді. Бірақ ол еңбекқор құмырсқаға айналған екен.

Еңбегімен тапқан бір түйір дәнін арқалап келе жатып, ойпаң сайға түсіп кетеді. Сайдан шыға алмай, көп қиналады.

Сол қиналған күйі шошып оянып кетеді.

Түйін

Ол қуаныштан: «Еңбекқор құмырсқа болғанша, еңбекқор адам болайын» — дейді.