Қызықты есептер

Сабақтың мақсаты

Білімділігі

Теңдеу құру арқылы есептер шығарту және оқушылардың білімін бекіту.

Дамытушылығы

Оқушылардың танымдық қабілетін, зейінін және белсенділігін дамыту.

Тәрбиелігі

  • Оқытудың өмірмен байланысын нығайту.
  • Ұжымда бірлесе жұмыс істеуге тәрбиелеу.
  • Өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру.
  • Алған білімін қолдана білуге, тапқырлыққа баулу.

Сабақ туралы мәлімет

Түрі мен типі

Түрі:
ойын сабақ
Типі:
білім, білік, дағдыларын тиянақтау және жүйелеу

Әдістері және ресурстар

Әдістері:
жеке, өзіндік, ұжымдық жұмыстар
Көрнекілігі:
слайд тапсырмалары, интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс:
ана тілі, дүниетану

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық: «Балалар, бір-бірлеріңе қандай жақсы тілектер айтар едіңдер?»

  • Мен саған ашық аспан тілеймін!
  • Мықты денсаулық тілеймін.
  • Мен бақыт тілеймін!
  • Нұрлы күн тілеймін!
  • Тағы басқа жылы тілектер.

Нұрлы күн сендер сияқты әдепті, ұқыпты, тапқыр балаларға нұрын аямай төгіп тұр.

Нұрлы күннің әкелген сандықшасы бар екен. Сандықшаны ашып, ішінде не бар екенін білу үшін жұмбақ шешейік:

Жұмбақ: Айқасқан екі таяқ, тұрады жоқты сұрап.

Жауабы: x (икс)

Сандықшадан бүгінгі сабақтың жоспары шығады.

Жоспар

  1. Бәйге
  2. Жұмыла көтерген жүк жеңіл
  3. Бойы сергектің, ойы да сергек
  4. Еңбек түбі — береке
  5. Қызықты есептер
  6. Сандық ақпараттар

Дәптерімізді ашып, күн жады мен тақырыпты жазамыз: Есептерді теңдеу құру арқылы шығару.

1) «Бәйге» ойыны (өткенді қайталау)

1. Қарама-қарсы қабырғалары өзара тең геометриялық фигура қалай аталады?

Тік төртбұрыш.

2. Ауданды қалай табамыз?

Ұзындығы мен енін көбейтеміз.

3. Көлемді қалай табамыз?

Ұзындығын, енін, биіктігін көбейтеміз.

4. Фигураның периметрін қалай табамыз?

Барлық қабырғаларын қосамыз.

5. Жылдамдықты қалай табамыз?

Қашықтықты уақытқа бөлеміз.

6. Теңдеу дегеніміз не? Неше түрі бар?

Теңдеу — құрамындағы әріптің (белгісіздің) мәнін табуға арналған өрнек. 2 түрі бар.

2) «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» (оқулықпен жұмыс)

№1 тапсырма: теңдеу құру

Белгілеу: x — ағасының жасы, x − 3 — қарындасының жасы.

Теңдеу: x − 3 = 8

Шешуі: x = 8 + 3 = 11

Жауабы: ағасы 11 жаста.

Қосымша: өз жасымызды анықтап, туған жылымызды разрядтық қосылғыштарға жіктейміз (мысалы, 2003 = 2000 + 3).

№2 тапсырма: мал төлдерінің атауы

  • Құлын — биенің жас төлі.
  • Жабағы — құлын алты айға толғаннан кейін, күзде жабағы деп аталады.
  • Бұзау — сиырдың төлі.
  • Торпақ — сиыр төлінің бір жасқа келгенге дейінгі ортақ атауы.

Теңдеу: x + 2 = 16 − 3

Шешуі: x + 2 = 13, x = 11

Тексеру: 11 + 2 = 13

Жауабы: 13 жабағы өсірді.

3) Оқулықпен жұмыс: қозғалыс есебі

Берілгені

Қашықтық:
S = 300 км
Уақыт:
t = 2 сағ
Жылдамдық:
v = 60 км/сағ және v = ?

Шешуі

2·x + 2·60 = 300

2·x + 120 = 300

2·x = 180

x = 90

Жауабы: 90 км/сағ

4) «Бойы сергектің, ойы да сергек»

«Баспалдақ» ойыны: тез есептеу арқылы ой сергіту тапсырмалары орындалады.

5) «Еңбек түбі — береке»

№5 есеп: жол жөндеу

Жолдың ұзындығы — 80 км. Бірінші күні жолдың 1/5 бөлігі, екінші күні 1/4 бөлігі жөнделді. Қанша км жол жөнделмей қалды?

1) 80 : 5 = 16 км (1-күні)

2) 80 : 4 = 20 км (2-күні)

3) 16 + 20 = 36 км (жөнделгені)

4) 80 − 36 = 44 км (жөнделмегені)

Жауабы: 44 км жол жөнделмеген.

№6 тапсырма: геометриялық ұғымдар

Интерактивті тақтада әртүрлі түспен белгіленген сызықтар арқылы кесінді, сәуле және түзу түрлерін ажырату.

Кесінділер
ОК, ОЕ
Сәулелер
ОА, ОС, ОД, ОВ, ЕВ, КД, ЕС, КА
Түзулер
АД, СВ

№7 есеп: уақытты табу

Берілгені

S = 300 км

v₁ = 70 км/сағ

v₂ = 80 км/сағ

t = ?

Шешуі

70 + 80 = 150 км/сағ

300 : 150 = 2 сағ

Жауабы: 2 сағ.

6) Қызықты есептер

Логикалық сұрақ

Атасы мен әжесінің туған күндері бір күнде. Бірақ олар құрдас емес. Неліктен?

Құстар туралы

Су жағасына тауықтың да, үйректің де 7 балапаны келді. Суда 5 балапан жүзіп жүр. Екі балапан қайда?

Жауабы: екі балапан — тауықтікі, олар жүзбейді.

Алма жеткілікті ме?

Жаңа жыл дастарқанына 263 алма дайындалды. Мерекеге 86 ұл және одан 2 есе көп қыз келді. Барлығына алма жете ме?

86 · 2 = 172 (қыз)

172 + 86 = 258 (барлығы)

263 − 258 = 5

Жауабы: алма жетеді, 5 алма артық қалады.

7) Сандық ақпараттар

Сандарға қарап, оқушылар өз ойларын айтып, күнделікті өмірмен байланыстырып түсіндіреді.

8) Үй тапсырмасы

№4, 119-бет.

9–10) Бағалау және қорытынды

  • Оқушылардың жұмысы бағаланады.
  • Сабақ қорытындыланып, негізгі идеялар қайта бекітіледі.