Иод мен емші элементпін

Астана қаласы, №53 мектеп-лицейі

Химия-биология пәні мұғалімі: Князова Ақмарал Қамбарбекқызы

Конференция-сабақ (8–9–10 сыныптар)

Д.И. Менделеевтің ғылыми-шығармашылық жетістіктері

Мақсаты

Оқушылардың химия пәніне деген ынтасы мен қызығушылығын арттыру, периодтық жүйенің қалыптасуы мен дамуы арқылы элементтердің маңызы мен қасиеттерін талдауға үйрету, терең білім мен парасатты тәрбие қалыптастыру.

Жүргізуші сөзі

Элементтерді жүйелеуге талай жан ақ еңбек етті,

Ойлағаны орындалмай, еңбектері кейде босқа кетті.

Заманында бар элементті топқа бөліп,

Заңдылықты ашуға Менделеевтің қолы жетті.

Ол заңмен жеті период орналасқан,

Тігінен сегіз топқа арна ашқан.

Толтырып сол арнаның бос орнын,

Бүгінде элементтер саны жүзден асқан.

Әрбір топ өз алдына бір дастан,

Ғылымның дамуына өлшеусіз үлес қосқан.

Алпыс үш элементтің сырын біліп,

Кейбірін Менделеев болжап ашқан.

Период металардан басталып,

Инертті газдармен аяқталған.

Жетінші период та ұзақ бітпей келді,

Бүгінде ол да толықтырылуға таяған.

Әрбір топ басы жеңіл элементтен,

Массасы артқан сайын төмен кеткен.

Төмендеген сайын жоғарыдан

Металдық қасиеті басым өткен.

Кестеден түрлі түстер көрінеді — бәрі де деңгейге сай өріледі.

Заң ортақ, период ортақ, топта ұқсас — заңдылық зарядтармен белгіленеді.

Ілімнің сырын терең түсіну үшін валенттілік пен формуланы меңгеру қажет.

Баяндамалар

Оқушылар Д.И. Менделеевтің өмірі мен шығармашылығы туралы баяндамалар оқиды.

Көрініс: «Элементтер айтысы»

«Химиктердің ауылында» өткен бір кеште «Химияның тойы» ұйымдастырылып, Менделеев кестесіндегі элементтер қауымы ән-күй, ойын-сауықпен думан құрды. Сол кеште қызықты айтыс басталады.

Платина

Өзгелердің бәрінен айтысқа шық, қорғасын-ау! Нағыз жылтыр, қатты затпын. Артық сөзбен қызба, бірақ бір өкінішім бар: орным кейін қойылып, алдымен сен орналасыпсың. Сол көңіліме қатты батты.

Қорғасын

Қорғасынға қол тигізген жауына бас игізген! Іші тарлар қайдан шықты? Бола қоймас мендей мықты. Өжеттенген қаһарманмын, айтысуға құқылымын. Тоғызыншы қатарданмын. Абырой жоқ егесуден — алға қой деп қасарыспаймын. Платина, бұл болмайды: артық атақ сұрағаның.

Платина

Сүйрік тілді элемент көп, сүйінетін кіл отына. Жеңіл ойлы мен емес — платина жеңілмейді.

Темір

Әй, платина, қорғасындар, босқа айтысып әуреленбе. Орынтарыңды нық біл. Өкініш бар, бірақ менде: титан қалай бұрын шықты? Сырыңды айт енді! Айтысайық, болсаң мықты.

Титан

Темір, неге жарқылдадың? Титтей артық жерің бар ма? Парқым әлі кешірмейді: кем болмаймын елім барда.

Күміс

Қайда күміс сыңғырларым? Қалай мұнша артта тұрмын? Орным неге құлдырады — тек «жетінші сортта» тұрмын. Сутекті әбден еркіндетіп, ең алдыға қойыпты ғой. Қоспаймыз оны судан — сірә, ғалым айыпты ғой.

Сутегі

Сутегімін — судың арғы тегімін. Түссіз, иіссіз, дәмсіз газбын; желмен де ілесемін. Оттегімен серіктесімін.

Жалыныммен металдарды кеседі. Кавендиш еңбегімен ашылдым. Адам суды тіршілік нәрі деседі — жүйеде де бірінші мен тұрамын.

Ауадан он төрт есе жеңілмін, жер бетіне кең таралғанмын. Тіршіліктің тынысы — су құрамында да боламын.

Магний

Мен магний — күміс түсті металмын, кейде «магнезия» деп те аталдым. Жапырақта хлорофилл түзуші, тіршіліктің көзі бола алдым.

Жануарда да, адамда да бармын. Талай снаряд, бомбаларда да қолданылдым. Қайткенде де, болашағым зор: полиграфияда да маған сенім артылды.

Тіршіліктің тірегімін — есте сақтағаның дұрыс.

Күміс

Мақтанасың сен ғана жер бетінде — ғажайып, бордай келбетіңде. Түсін, түрін, қадірін, қасиетін келер ме екен менімен теңдесуге?

Сабырлысың күмістей, салмақты деп мақтайды. Мен тұрғанда аппақ боп, қараға қарап жатпайды.

Жарыста топта озғанда тағады мені төсіне. Алтынның басқа алдыма түсетіні жоқ шығар — мақтанбайын несіне?

Алтын

Мақтана бер, күмісім — алтын ағаң інісін қоштаған. Бірақ жарқыным, ұмытпа: ардақтымын жасына да, кәріне.

Дүниенің көркі де менмін: толықсыған толған айдай жарықпын. Өлшемімін барлық баға-нақыштың, нарықтың. Базардың да, әлемнің де ортақ тілі болып танылып, даңқ болып омырауға да ілінем.

Алюминий

Салмағым ауыр болмаса да, көпке қадірлімін. Ұшақ болып аспанға қалықтап, жер жүзін көк аспанда шарладым.

«Дюралюминий» дейтін қоспамды химияның достары жоғары бағалайды. Онымен тұрмысқа қажет талай бұйым жасалады.

Қағазда да, өндірісте де бармын: тоққа балқып, іске жараймын.

Кальций

Кальций деген күміс түсті металмын, өмір бойы керегіне жете алдым. Мен — ақ бор, әктас, мәрмәр құрамында бармын; тіршілікке қажет металл атандым.

Жер қыртысында көп кездесем: «жер металлы» десең, артық болмас. Ғарыштағы ракета мен ұшақта да қолтаңбам бар.

Жануардың бақалшағы мен қаңқасы, минералды әр тас, сан құрылыстың негізі — бәрі менімен байланысты.

Темір

Мақтанбаймын, халайық — айналаға көз жүгіртіп қарайық. Болат жолды бөгей алмас ешбір күш: қасиетімді санайық.

Тыңнан топырақ көтеріп, еңбекке де жараймын. Ғарышқа да адамды алып ұшып, жерді айналып, артқа от із қалдырдым.

II. «Білімді мыңды жығады»: викториналық сұрақтар

Сұрақтар

  1. Д.И. Менделеев неше жасында оқуға барды?
  2. Д.И. Менделеевті алғаш ғылымға қызықтырған ұстазы кім?
  3. Менделеев магистрлік диссертациясын қашан және қанша жасында қорғады?
  4. Докторлық диссертациясын қашан, қанша жасында, қандай тақырыпта қорғады?
  5. Қай элемент Д.И. Менделеевтің атымен аталады, оны кім ашты?
  6. Менделеевтің атымен аталатын қандай жер-су, мекемелерді білесіздер?

Жауаптар

  • 1) 5 жасында гимназияға оқуға түскен.
  • 2) Орыс химиясының атасы саналатын А.А. Вознесенский.
  • 3) 1856 жылы, 22 жасында.
  • 4) 1865 жылы, 32 жасында; тақырыбы — спирттің сумен қосылысы.
  • 5) №101 Менделевий; 1956 жылы америкалық ғалымдар ашқан.
  • 6) Химиялық элемент атауы; Курил аралдарындағы жанартау; Солтүстік Мұзды мұхиттағы Менделеев жоталары; метеорологиялық ғылыми-зерттеу институты; бүкіл әлем оқитын периодтық заң.

Қорытынды көрініс

Бір күні тісі қатты ауырған адам дел-сал күйде келе жатып, айналадағы кісілерден жәрдем сұрағысы келді. Сол сәтте ол Менделеев кестесінің қасынан өтіп бара жатып, кестеге телміре қарады. Кестедегі элементтер оның жағдайын түсінгендей болып, кенет «тіл біткендей» әсер қалдырды: әрқайсысы көмектескісі келді.

Иод

Мен емші элементпін, бірақ тіс ауруына көмектесе алмаймын.

Темір

Мен гемоглобинді көтеруге себепшімін, бірақ өкінішке орай, тіс ауруына көмектесе алмаймын. Дегенмен бір ұсынысым бар: мышякты шақырайық.

Мышяк (Arsenicum)

Иә, мені медицинада қолданады. Әсіресе тістегі «құртты» жоюға көмектесемін. Қазір ауырыңызды жеңілдетемін.

Барлық элементтер жиналып, адамға көмек беруге ұмтылды. Мышяктың көмегімен тісінің ауыруы басылып, адам жеңілдеп қалды.

Негізгі ой: периодтық жүйе — тек кесте емес, ғылым тілін түсіндіретін ортақ заңдылықтар жүйесі.