Сәлем балалар
Сабақтың тақырыбы
«Математика әлеміне саяхат»
Сабақтың мақсаты
Қарапайым математикалық ұғымдар арқылы баланың ой-өрісін дамыту.
Сабақтың типі
Қорыту сабағы.
Сабақтың түрі
Саяхат-ойын сабағы.
Көрнекіліктер
- Цифрлар
- Дидактикалық материалдар
- Суреттер
- Пішіндер
Міндеттері
1) Білімділік
- Оқу-танымдық құзыреттілікті дамыту.
- Өрнек құрастыруға үйрету және өрнектерді дұрыс оқуға дағдыландыру.
- Қосынды мен айырманың компоненттерін атай білуге үйрету.
2) Дамытушылық
Ойын арқылы ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3) Тәрбиелік
Ақыл-ой белсенділігіне, ұқыптылыққа және шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер
Сабақтың барысы
1) Психологиялық дайындық
Сәлем бердік – алтын күн,
Сәлем бердік – ашық аспан!
Сәлем бердік баршаға,
Қайырлы таң, достар!
Қайырлы таң, қонақтар!
2) Ой-сананы арттыру
Бүгінгі күн талабы — біле білсең, бұл дәуір математика заманы. Осындай көтеріңкі көңіл күймен сабағымызды бастаймыз.
Мұғалім: Бізге саяхатқа шығуға кім келді?
Балалар: Дара келді.
Мұғалім: Сендер Дараның кім екенін білесіңдер ме? Дара мультфильмін еске түсірейік.
Дара: Сәлем, балалар! Менімен саяхатқа шығасыңдар ма? Мен сендерге сыйлықтар әкелдім.
Дараның сыйлықтарына жету үшін бірнеше өткелден өту керек. Ол үшін тапсырмаларды дұрыс орындаймыз.
Өткел 1: Өзеннен өту
Өзеннен үшбұрыштар арқылы өтеміз: түсі — сары, өлшемі — кіші, орташа, үлкен.
Тапсырма 1
Сандар қатарын анықтау. Тура және кері санау.
Тапсырма 2
«Көршісін ата» ойыны.
Өткел 2: Көпірге жету
Көпірге төртбұрыштар арқылы барамыз.
Тапсырма 1
Әрбір санды суретпен сәйкестендіру.
Тапсырма 2
Гүлдегі мысалдарды шығару және компоненттерін атау.
Демалыс сәті
«Сұр қоян» қимыл-қозғалыс ойыны.
Өткел 3: Қоянға көмектесу
Қоянның кәрзеңкесі бос. Қоян қандай көкөністі жақсы көреді? Сәбізді. Ендеше, сәбіз жинаймыз: әр сәбіздің артындағы тапсырманы орындап, кәрзеңкеге саламыз.
Мысалдар
Өткел 4: Орманнан өту
Тапсырма 1: Сандарды салыстыру
Тиісті салыстыру белгісін қой.
Тапсырма 2: Дәптермен жұмыс
- Сандар қатарын көркем жазу.
- Есеп шығару.
Қорыту
Саяхат ұнады ма? Не білдік? Не көрдік?
Қорытынды нәтиже
Дара балаларға сыйлықтарын таратады.