Әріпті өрнектер Қызығушылықты ояту Кім жылдам
Сабақ туралы мәлімет
- Пән
- Математика (4-сынып)
- Сабақ тақырыбы
- Санды және әріпті өрнектер
- Сабақ түрі
- Жаңа материалды меңгерту
Қажетті құрал-жабдықтар
- Математика оқулығы
- Компьютер
- Тақта
- Слайдтар
- Семантикалық карта
Сабақтың мақсаты
1) Түсіну және ажырату
Санды және әріпті өрнектердің мән-мағынасын түсіндіру, оларды ажырата білуге үйрету. Әріпті өрнекте әріптің орнына сан қойып, өрнектің мәнін табу тәсілін есеп шығаруда қолдануға жаттықтыру.
2) Дағды қалыптастыру
Әріпті және санды өрнектерді жазу, оқу және мәнін табуды меңгерту. Оқушылардың математикалық білім, білік және дағдыларын жетілдіру.
3) Қызығушылық және ынтымақтастық
Математикаға қызығушылықты арттыру, логикалық ойлауды дамыту және топпен бірлесіп жұмыс жасауға баулу.
Күтілетін нәтиже
Оқушылар санды және әріпті өрнектерді біледі, оларды ажырата алады және есептер шығару барысында өрнектерді талдап қолданады.
Әдіс-тәсілдер
- Түсіндіру
- Ойын
- Сұрақ-жауап
- Топтық жұмыс
Пәнаралық байланыстар
- Қазақ тілі
- Дүниетану
- Еңбекке баулу
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу, түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
-
Оқушыларды геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу:
- I топ: Санды өрнектер
- II топ: Әріпті өрнектер
Қызығушылықты ояту: «Кім жылдам?»
Жылдам ойлануға арналған қысқа сұрақтар арқылы сабаққа кіріспе жасалады.
-
1. Білім ордасы не? (Мектеп)
-
2. Тәуліктің үштен бір бөлігі неше сағатқа тең? (8 сағат)
-
3. Оңынан да, солынан да бірдей оқылатын және жазылатын сандар қайсы? (11)
-
4. 9-дан 100-ге дейінгі сандарда «9» саны қанша рет кездеседі? (11)
-
5. Ұшақтың жылдамдығы 850 км/сағ. Ол 3 сағатта неше км ұшады? 5 сағатта ше? (2550 км, 4250 км)
-
6. 5 тоннаның жартысы неше килограмм? (2500 кг)
-
7. 1000 теңгенің 711 теңгесіне сауда жасасаң, қанша теңге қалады? (289)
-
8. 1 кг алма 360 теңге тұрса, 3 кг алма қанша тұрады? (1080 тг)
Жаңа сабақ
I. Түсіну
Әріпті өрнек — әріптер мен сандар амал таңбалары арқылы байланысқан өрнек. Әріпті өрнекте латын әріптері қолданылады.
Санды өрнек — тек сандар амал таңбалары арқылы байланысқан өрнек.
II. Ой қозғау: оқулықпен жұмыс
№1 тапсырма
Жазулардың ішінен санды өрнектерді теріп жазып, оқы. Әріпті өрнектерді де теріп жазып, оқы.
a+5
(34+10)*2
23*4+9
x+9=17*6
72:x=24:3
(45+25):5
90-10*5
x-3
b*6
1972:9+20
12:x+24:8
(x+2)+16*4
34-8=13*2
№2 тапсырма (I топ)
Санды және әріпті өрнек түрінде жазып көрсет және оқы.
A) (15+5):2 = 10
Ә) (32*2) - 24 = 40
Б) (27-2):5 = 5
В) (69:3) + 20 = 43
№3 тапсырма (II топ)
Әріпті өрнектерді жаз және оқы.
a) (a - 3) * 2
ә) (32:2) + b
б) (c + 2) * 5
в) (69*3) - 20
№4 тапсырма: санды өрнектің мәнін тап
Топтарға бөліп, есептеулерді орындау ұсынылады.
I топ
- a) (318*5+1052) - 2210 = 432
- ә) (5256:6+1250) - 408 = 1718
- б) 74612:4 + 3072 = 21725
II топ
- в) 39207:3 - 4017 = 9052
- г) 55200:3 + 80316:4 = 38479
- ғ) 7890*6 - 6548*5 = 14600
№5 тапсырма: «Кім жылдам?» — әріпті өрнектің мәнін тап
Өрнек: a*3019. Мұнда a = 2, 3, 4, 5.
a = 2
2*3019 = 6038
a = 3
3*3019 = 9057
a = 4
4*3019 = 12076
a = 5
5*3019 = 15095
Тақтамен жұмыс: есептер
№6 (I топ)
32 г темірден 4 шеге жасалады. 400 г темірден қанша шеге жасалады?
Ш:
32:4 = 8 (шеге)
400:8 = 50 (шеге)
Жауабы: 400 г темірден 50 шеге жасалады.
№6 (ә)
Ұзын шегелер — 7 жәшік, қысқа шегелер — 13 жәшік. Барлығы — 200 кг. Бір жәшіктің массасы екі түрінде де бірдей. Ұзын шегелер қанша кг, қысқа шегелер қанша кг?
Ш:
1) 200:(13+7) = 10 (кг) — 1 жәшіктің массасы
2) 7*10 = 70 (кг) — ұзын шегелер
3) 13*10 = 130 (кг) — қысқа шегелер
Жауабы: ұзын шегелер — 70 кг, қысқа шегелер — 130 кг.
Автор және мектеп
- Мектеп
- №11 атындағы Б. Момышұлы ЖОББМ
- Мұғалім
- Абуова Гаухар Базарбаевна
Материал: «Санды және әріпті өрнектер» тақырыбы бойынша сабақ жоспары.