Сөз екпіні - екі немесе көп буынды сөздің бір буынының көтеріңкі айтылуы

Тасымал

Жазу барысында бір жолға сыймаған сөз буын жігі арқылы екінші жолға тасымалданады. Тасымал, әдетте, дауыссыз дыбыстан басталып жасалады.

Мысалдар

  • қараторғай: қа-раторғай, қара-торғай, қаратор-ғай
  • күнделікті: күн-делікті, күнде-лікті, күнделік-ті

Кейбір санаулы сөздер дауысты дыбыстан басталып тасымалданады: ау-ыл, бу-ын, қи-ыр, жи-ын.

Тасымалданбайтын сөз түрлері

  1. 1

    Бір буынды сөздер тасымалданбайды: нан, көл, ор, ел, күрт, жұрт.

  2. 2

    Жалғыз әріпті бірінші жолда қалдыруға да, екінші жолға жеке шығаруға да болмайды: ана, ата, ұлы, екі, ұя, үю, тыю, қия.

  3. 3

    Қысқартылып жазылған адам есімін тегінен бөліп тасымалдауға болмайды: А. Құнанбаев, М. Әуезов, С. Торайғыров, Г. Дулатова.

  4. 4

    Қысқартылып жазылған өлшем атауларын алдындағы саннан бөліп тасымалдауға болмайды: 11-сынып, ХХІ ғасыр, 2012 жыл, 22 наурыз, 70 км, 52 кг, 120 г.

  5. 5

    Бас әріптерден немесе бас әріп пен сөздің алғашқы буынынан қысқарған сөздер тасымалданбайды: ҚР, БҰҰ, ҚазҰУ, ҚБТУ.

Екпін

Сөз ішіндегі бір буынның, бір дыбыстың немесе бір сөздің көтеріңкі айтылуы екпін деп аталады. Қазақ тілінде екпін көбіне сөздің соңғы буынына түседі.

Екпіннің түрлері

Сөз екпіні

Екі немесе көп буынды сөздің бір буынын көтеріңкі айту.

Көктем таңының мұншалық сұлулығын бұрын байқамапты.

Ой екпіні

Сөйлем ішінде бір сөзді оқшаулап, даралап бөле айту. Ой екпіні түсетін сөз көбінесе баяндауыштың алдында тұрады.

  • Тілектің әкесі ертең Астанадан келеді.
  • Ертең Астанадан Тілектің әкесі келеді.
  • Тілектің әкесі Астанадан ертең келеді.

Тіркес екпіні

Бірнеше сөз тізбектеліп келіп, бір ғана екпінге ие болуы.

ар-ұждан ұзын бойлы үнсіз қалды қоңыр ала төбе шашы тік тұрды құлақ қой

Дыбыс екпіні

Бір сөздің ішіндегі бір дыбысты көтеріп, созып айту.

Қуанышты көңіл күйді білдіргенде

Дыбыс екпіні көбіне дауысты дыбысқа түседі: тама-ша-а, жара-а-йсың.

Ренжу, қынжылу сезімін білдіргенде

Дыбыс екпіні көбіне дауыссыз дыбысқа түседі: отыр-р-р, тоқт-тат, ж-жап есікті.