Ғұн мемлекеті
10-сынып • Тарих
Тарих пәні мұғалімі: Нөкешова Дамиға Өтеуліқызы
Сабақтың тақырыбы
Қазақстандағы алғашқы мемлекеттер. Ғұн мемлекеті.
Сабақтың түрі
Шебер класс
Әдісі
Интерактивті
Көрнекіліктер
- Кеспе қағаздар
- Интерактивті тақта
Сабақтың мақсаты
-
Б.з.б. III–IV ғасырлардағы Қазақстандағы алғашқы мемлекеттердің даму ерекшелігін, қоғамдық құрылысын, алып жатқан аймағын көрсету және басқару жүйесін түсіндіру.
-
Оқушылардың белсенділігін арттыру, тарихқа қызығушылығын оятып, білімін жетілдіру.
-
Тарихи санасы қалыптасқан, Отанын сүйетін, ұлттық рухы жоғары, шығармашыл тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың құрылымы
I. Ұйымдастыру
- Оқу құралдарын тексеру
- Топқа бөлу
- Психологиялық дайындық
II. Үй тапсырмасын сұрау
Топтарға бағытталған тапсырмалар арқылы қайталау.
III. Жаңа сабақ
Ассоциация, бортты журнал, Блум таксономиясы.
IV. Бекіту
Ротация әдісі арқылы топтық жұмыс.
V. Бағалау
Оқушылардың өзін-өзі бағалауы.
VI. Үй тапсырмасы
«Қазақстандағы алғашқы мемлекеттер. Ғұн мемлекеті» тақырыбы бойынша слайд жүктеу.
Үй тапсырмасын қайталау: топтық тапсырмалар
Алдыңғы тақырып бойынша оқушылардың білімін нақтылау және жаңа сабаққа көпір құру мақсатында топтарға тапсырмалар беріледі.
Тақырыптық сұрақтар
- Б.з.б. V–III ғасырларда өмір сүрген тайпалар.
- Обалар: Бесшатыр, Есік, Берел обалары туралы.
- Бесшатыр обасының ерекшелігі.
- Есік обасынан табылған бас киімнің ерекшелігі.
- Күміс тостағандағы жазу.
- Сақ тайпаларының басқа елдермен қарым-қатынасы және мақсаты.
- Бесшатыр обасын зерттеген ғалым.
- Ру ақсақалдары, тайпа көсемдері, қолбасшылар және құлдардың қоғамдағы орны мен ерекшеліктері.
Актуалдандыру
Сақ тайпаларының мемлекеттік деңгейде өмір сүргенін талқыладық. Бүгінгі сабақта б.з.б. III–IV ғасырлардағы ғұн мемлекетінің қалыптасуы мен дамуына назар аударамыз.
Негізгі сұрақ
Ғұн мемлекеті неліктен қуатты әскери-саяси бірлестікке айналды?
Жаңа сабақ: негізгі мазмұн
1) Ассоциация әдісі
Оқушылар мемлекет ұғымын сипаттайтын тірек сөздерді құрастырады және байланыстырады.
2) «Бортты журнал»
Ақпаратты жүйелеу үшін кесте үлгісі қолданылады.
| Бұрыннан таныс | Жаңа ақпарат |
|---|---|
| Оқушылардың алдыңғы білімдері мен болжамдары. |
Слайд материалдары бойынша:
|
3) Блум таксономиясы: Мөде шаньюй туралы аңыз
Аңыз бойынша Мөде тәңірқұтына көршілес Дунху елінен үш рет елші келеді. Әр жолы талап күшейе түседі. Оқиғаның түйіні ғұндардың жерге қатысты қағидаты мен мемлекеттік ұстанымын ашуға көмектеседі.
1-елшілік
Тәңірқұтының атақты тұлпарын сұрайды.
Талқылау сұрағы: «Қалай ойлайсыз, ары қарай не болады?»
2-елшілік
Ақылды да сұлу әйелін беруді талап етеді.
Талқылау сұрағы: «Қалай ойлайсыз, ары қарай не болады?»
3-елшілік
Екі елдің шекарасындағы шаруашылыққа қолайсыз кең далалы жерді беруді сұрайды.
Талқылау сұрағы: «Елші бұл жолы нені сұрауы мүмкін?»
Шешім және тарихи мағынасы
Мөде алғашқы екі талапты қақтығысты өршітпеу үшін орындағанымен, жер мәселесіне келгенде келісімге бармайды. Кеңесшілердің «жерді берейік» деген ұсынысын қатаң айыптап, Дунхуға қарсы жорық жасап, оларды күйрете жеңеді.
Бұл оқиға ғұндардың тарихта жеңімпаз жауынгер халық ретінде сақталуының бір себебін көрсетеді: жерге деген патриоттық сезім, ел мүддесі үшін жанын қиюға дайын намыс пен бірлік.
Бекіту: ротация әдісі
Әр топ берілген тақырыпты талдап, келесі топтарға нәтижесін ұсынып, пікір алмасады.
I топ
Империяның басқару жүйесі.
II топ
Әскери-құқықтық жүйесі.
III топ
Мөде тәңірқұтының Қытаймен қарым-қатынасы.
IV топ
Б.з.б. 56 ж. Ғұн мемлекетінің жағдайы.
Қорытындылау
Сабақ соңында «бортты журнал» қайта қаралып, жаңа ақпаратпен толықтырылады. Оқушылар өз тұжырымдарын дәлелдеп, негізгі ұғымдарды жүйелейді: мемлекет белгілері, басқару құрылымы, әскери ұйымдасу, сыртқы саясат, жер тұтастығының құндылығы.
Бағалау
Өзін-өзі бағалау
«Нәтижеге жету баспалдағы» арқылы оқушы өз жетістігін саралайды.
Үй тапсырмасы
«Қазақстандағы алғашқы мемлекеттер. Ғұн мемлекеті» тақырыбы бойынша слайдты жүктеу.