Қарт әжей бала алғыс айт
Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымша
Сабақтың мақсаты
- Қосымша жалғанған кездегі сөздердің жазылу емлесі туралы мағлұмат беру. Түбір сөзді тиісті белгімен дұрыс белгілеуге машықтандыру.
- Байланыстырып сөйлеу және іс-тәжірибелік дағдыларын дамыту. Ой жүйелілігін, танымын және шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге ықпал ету.
- Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, сауаттылыққа, еңбексүйгіштікке және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Жалпы сипаттама
- Сабақтың түрі
- Аралас сабақ
- Пәнаралық байланыс
- Ана тілі, дүниетану
- Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап, ойын, шығармашылық тапсырмалар, топтық жұмыс
- Сабақтың жабдығы
- Интерактивті тақта, ұяшықтар, ребус, сөзжұмбақ, мазмұнды сурет, сызба-кесте, жазылған мақал-мәтелдер
Негізгі идея
Сабақта оқушылар түбір сөз бен қосымшаны ажыратып, сөздің құрамын дұрыс белгілеп үйренеді. Сонымен қатар, қосымша жалғанбайынша сөздердің өзара байланысы әлсірейтінін тәжірибе арқылы түсінеді.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Басымызды иеміз,
Сәттілікті тілейміз.
Бірімізге біріміз
Көмектесіп жүреміз.
Топқа бөлу және бағалау
- Оқушыларды 3 топқа бөлу.
- Топ басшыларын тағайындау.
- Бағалау тәсілін түсіндіру және сабақтың 6 кезеңімен таныстыру.
II. Қайталау — оқу анасы
Үй жұмысын тексеру
Үй тапсырмасын тексеру, талдау жасау.
Қайталауға арналған сұрақтар
- Түбір сөз дегеніміз не?
- Қосымша дегеніміз не?
- Қосымша қандай қызмет атқарады?
- Түбір сөзге қосымша жалғағанда қандай өзгеріс болады?
- Түбір сөзге қосымша жалғамай, сөздерді қосып оқуға бола ма?
III. «Сөз ойла, көп ойла»: -ші, -шы
Оқушылар -ші, -шы жұрнақтары арқылы сөз тудырып, олардың түбірі мен қосымшасын ажыратады.
IV. «Тапқыр болсаң, тауып көр»: ребус
Ребус шешуі: «Түлкі»
Осы тапсырма арқылы бүгінгі сабақтың негізгі бағыты айқындалады: түбір сөзді тиісті белгімен белгілеуді үйрену.
V. «Білгенге маржан…»: дәптермен жұмыс
Жалпы жұмыс
- Күнді жазу.
- Көркем жазу.
320-жаттығу
- Мәтінді оқу.
- Қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын ажырату.
321-жаттығу
- Сөздерді көшіріп жазу: кезекші, сызғыш, үйректер, оқыды, биле, үйге, көмекші, айдай, жібектей.
- Сөздің түбірін тауып, тиісті белгімен көрсету. Үлгі: кезекші — …
322-жаттығу
Түбір сөзге қосымша қосып, тік сызықтың екінші жағындағы сөздермен байланыстыру:
Түбір + қосымша
- кел- келдім
- мін- міндім
- түс- түстім
- көр- көрдім
Сөздермен байланыстыру
- Ұшақ
Сұрақ: Түбір сөзге қосымша жалғамай, сөздерді қосып оқуға бола ма?
Жауап: Жоқ. Өйткені қосымша жалғанбаса, сөз бен сөздің арасында мағыналық байланыс әлсірейді.
Сергіту сәті
Қимыл-қозғалыс арқылы қысқа сергіту жаттығулары орындалады.
VI. «Жүйрік ойлы ұландар»: топтық жұмыс
I топ
Төмендегі түбір сөздерді қосымшалы етіп жазыңдар. Сөйлем құраңдар.
Мысал сөздер: ойын, дәрі, қора
II топ
Сөйлемдерге тиісті қосымшаларды жалғап, дұрыс сөйлем құрастырыңдар.
- Торғай ағаш қон.
- Үй қызық кітап көп.
III топ
«Менің досым» тақырыбына шағын әңгіме жазыңдар.
VII. «Мақал — сөздің мәйегі»
Әр топ мақал-мәтелді толықтырып, қосымшалардың сөйлем мағынасына әсерін байқайды.
I топ
Білек… бірді жығар,
Білім… мыңды жығар.
II топ
Әке… қарап ұл өсер,
Ана… қарап қыз өсер.
III топ
Еңбек… наны тәтті,
Жалқау… жаны тәтті.
VIII. «Үлкенге құрмет — кішіге міндет»: сурет бойынша әңгіме
Жетелеуші сұрақтар
- Суреттен кімдерді көріп отырмыз?
- Қарт әжей не істеді?
- Бала (аты) не істеді?
Тәжірибелік қорытынды
«Қарт әжей балаға алғыс айтты» сөйлемін қосымшасыз айтып көрейік:
Қарт әжей бала алғыс айт.
Осылай айтсақ, ой толық әрі түсінікті бола ма? Демек, сөйлем дұрыс құрылу үшін сөздерге тиісті қосымшалар жалғануы қажет.
IX. «Тобықтай түйін»: сөзжұмбақ және қорытынды
Сөзжұмбақ арқылы бүгінгі тақырып бекітіледі. Сабақ соңында негізгі ұғымдар қайталанып, оқушылардың меңгеруі қорытындыланады.
Үй тапсырмасы және бағалау
Үйге тапсырма
Күнделікті ашайық,
Үйге тапсырма жазайық.
Түбір мен қосымшаны
Ажыратуды ұмытпайық.
323-жаттығу (талаптарымен таныстыру).
Бағалау
Бағалау топ басшылары үлестірген бағалау материалдары бойынша жүргізіледі. Белсенді қатысқан оқушылар мадақталады.