Оқыту әдістері Жаңа тәсілдер

Сабақтың тақырыбы

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шешу.

Сабақтың мақсаты

  • Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешудің қосу тәсілін меңгеру.
  • Өзі үйрене отырып, өзгені де үйрету дағдысын қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже

  • Теңдеулер жүйесін шешуде қосу тәсілін қолдануды меңгереді.
  • Есеп шығаруда қолдана алады.
  • Топта бірлесіп жұмыс істей алады.
  • Теңдеулер жүйесін өз бетінше, қиындықсыз шеше біледі.

Оқыту әдістері

Жаңа тәсілдер Сын тұрғысынан ойлау Оқыту үшін және оқуды бағалау модульдері

Қажетті құрал-жабдықтар

  • Флипчарт
  • Маркер
  • 6-сынып оқулығы
  • Стикерлер

Тапсырмалар форматы

Жеке жұмыс

Маршруттық карта.

Топтық жұмыс

«Көрші қуанышымен бөлісу».

Жұптық жұмыс

Есептер шығару.

Сергіту сәті

Жадыны дамыту.

Әдіс

«Кезбе тілші» әдісі.

Сабақ барысы: мұғалім әрекеті

  1. 1) Ұйымдастыру

    Сыныппен амандасу, танысу.

  2. 2) «Шаттық шеңбері»

    Оқушылар көршісінің есіміне сын есім қосу арқылы таныстырады (мысалы: «ақылды Айдана», «зерек Нұрлан»).

  3. 3) Топқа бөлу

    Сынып ұлы математиктердің есімдері бойынша 3 топқа бөлінеді.

  4. 4) Рөлдерді тағайындау

    • Көшбасшы
    • Хатшы
    • Баяндамашы
    • Уақыт сақшысы
    • Бақылаушы

Эпиграф және тілек

«Адамның басшысы — ақыл, шолушысы — ой, жетекшісі — талап, қорғаушысы — сабыр, сынаушысы — халық, таусылмайтыны — арман, ең қымбаттысы — ар сақтау, бәрінен ардақтысы — өмір сүру, соның ішінде ең тәттісі — сыйластық!»

Бүгінгі сабақта сіздерге тілегім:

Бір мен екі алмаңдар,

Үшке алданып қалмаңдар.

Кілең төрттік алғандар,

Бесті ғана армандар.

Бағалау

«Бағдаршам» әдісі

Оқушылар түсіну деңгейін жедел көрсету арқылы өз оқуын реттейді.

«Екі жұлдыз, бір ұсыныс»

Жұмыстың екі мықты тұсын атап, бір жақсарту ұсынысын береді.