Төлдер туралы тақпақтар
Сабақтың бағыты
Білім беру салалары
- Таным
- Қатынас
- Шығармашылық
Тақырып
Математика әлемі
Ойын, сұрақ-жауап, пішіндермен құрастыру және логикалық тапсырмалар арқылы балалардың қызығушылығын арттыруға бағытталған сабақ.
Балалар саны
13
Балалар музыка әуенімен залға кіреді.
Мақсаттар
1) Білімділік
- Балалардың математикаға қызығушылығын арттыру.
- Апта күндерін ретімен жаңылмай айтуға үйрету.
- Әртүрлі пішіндермен жұмыс істету.
- Қарама-қарсы сөздерді таба білуге дағдыландыру.
- Пішіндерден танграм, «Пифагор», «Колумбо жұмыртқасын» құрастыруды үйрету.
2) Дамытушылық
- Сандар туралы түсініктерін кеңейту.
- Ойлау қабілетін дамыту.
- Сөздік қорын байыту.
3) Тәрбиелік
Үй жануарларына қамқорлық сезімін тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер мен құралдар
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
- Әңгімелесу
- Көрсету
- Түсіндіру
- Ойнату
- Шығармашылықпен өз бетімен жұмыс
- Бақылау
- Жапсыру
- Мадақтау
Керекті құралдар
- 1–10 дейінгі сандар
- Төрт түлік және төлдері, төрт түліктің пірлері
- Хат, хат тасушы ата бейнесі
- Танграм, құрастыратын пішіндер, «Пифагор», «Колумбо жұмыртқасы»
- Түрлі түсті қағаз, желім
- Кубик, доп
- Дьенеш блоктары және басқа да материалдар
Сабақтың барысы
Кіріспе: «Шаттық шеңбері»
Балалар музыка әуенімен залға кіріп, көңіл күйді көтеретін өлең жолдарын айтады:
Арайланып таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы күн, балалар!
Қайырлы күн, қонақтар!
Жыл мезгілі мен уақыт туралы сұрақтар
- Көңіл күйлерің қалай?
- Жылдың қай мезгілі?
- Қыстың қай айы?
- Бір жылда неше ай бар?
- 12 айдың ішіндегі ең күндері аз ай қай ай?
- Бір айда неше апта бар?
- Бір аптада неше күн бар?
Тосын сәт: «Апта күндері»
Әуенмен залға апта күндері кіріп, өздерін таныстырады:
Дүйсенбі
Сейсенбі
Сәрсенбі
Бейсенбі
Жұма
Сенбі
Жексенбі
Тәрбиеші апта күндерінен бір аптада атқарған істері туралы тақпақ айтып беруді сұрайды:
Дүйсенбіде — бауға бардым.
Сейсенбіде — суға бардым.
Сәрсенбіде — картоп қақтап,
Бейсенбіде — бақша баптап.
Жұма күні тақпақ жаттап,
Сенбіде мен саған бардым.
Жексенбіде бір дем алдым.
Хат тасушының келуі
Есік қағылып, хат тасушы ата келеді. Ол балаларға сәлем беріп, Есеп ата жіберген хатын тапсырады да, басқа да міндеттері бар екенін айтып қоштасады.
Негізгі идея
Есеп атадан тапсырмалар
Жұмбақ, өлең, логика, пішіндер және жапсыру жұмыстары.
Төрт түлік туралы жұмбақтар
Тәрбиеші хатты оқып, жұмбақтарды жасырады:
1) Кішкене ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар.
Жауабы: қой
2) Екі айнасы бар, екі найзасы бар, төрт сылдырмағы бар, бір желпуіші бар.
Жауабы: сиыр
3) Апан-апан, жыртық шапан.
Жауабы: түйе
4) Басында екі таяғы бар, адам деуге болмайды, бірақ сақалы бар.
Жауабы: ешкі
Төлдер туралы тақпақтар
Балалар төрт түліктің төлдері туралы өлең жолдарын айтады:
Қошақаны қойдың, қайда қалып қойдың? Бұлтиып тұр бүйірің, қай өрістен тойдың?
Секең-секең, әй лақ, жүрмін саған кейіп-ақ. Тыным тапсаң болмай ма? Секірмей-ақ, бейуақ.
Ботақаны нардың, жарға неге бардың? Тілерсегің дірілдеп, секіре алмай қалдың.
Құлыншағым — құндызым, құлдырайды, шабады. Жылтылдаған жұлдызым, құстай қанат қағады.
Негізгі тапсырмалар
Қой
Қарама-қарсы сөздерді атау (доппен ойын).
Сиыр
«Кубизм» әдісі арқылы төрт түлік туралы әңгімелеу.
- Сипаттау
- Салыстыру
- Қолдану
- Пайдасын айту
Түйе
Дьенеш блоктары: үш түсті сақина арқылы пішіндерді дұрыс орналастыру.
Түс
қызыл/сары/көк
Пішін
дөңгелек/шаршы/үшбұрыш
Өлшем
үлкен/кіші
Жылқы
Құрастыру жұмыстары: танграм, «Пифагор», «Колумбо жұмыртқасы».
Мақсат — бөлшектерден тұтас бейне құрастыру, кеңістікте бағдарлау және ұқыптылық.
Сергіту сәті
1, 2, 3 — ал, кәнекей, ұш.
4, 5, 6, 7 — мынау ауыл шеті.
8, 9, 10 — ал, кәнекей, қон.
Төрт түліктің пірлері және тапсырмалар
Пірлерін атау
- Қой атасыШопан ата
- Ешкі атасыСексек ата
- Сиыр атасыЗеңгі баба
- Түйе атасыОйсылқара
- Жылқы атасыҚамбар ата
Логикалық тапсырмалар
Шопан ата
Пішіндерден сурет құрастыр.
Зеңгі баба
Жаңа ғана шалғында 7 бұзау жүр еді. Екеуі кетіп қалды. Енді нешеуі қалды?
Дұрыс жауап: 5
Ойсылқара
Менде қанша бота бар? Алтыдан көп, сегізден аз.
Дұрыс жауап: 7
Қамбар ата
Құлыншақтарды салыстыр: аз — көп таңбасын дұрыс қой.
Сексек ата
«Сыңарыңды тап»: сурет бойынша төлдерін табу.
Шығармашылық жұмыс: жұлмалау арқылы жапсыру
Есеп атаның келесі тапсырмасы — төрт түлік малды жұлмалау әдісімен жапсырып шығу: сиыр, түйе, ешкі, жылқы.
Қорытынды
Рефлексия сұрақтары
- Бүгінгі сабақ ұнады ма?
- Сабақтан алған әсерлерің қандай?
- Не істедік, қандай тапсырмалар орындадық?
- Ең белсенді қатысқан балалар кімдер?
Жабылу
Орындаған жұмыстарымызды хатқа салып, Есеп атаға жібереміз. Ал Есеп ата балаларға тәтті сыйлық жіберіпті.
Нәтиже
Балалар апта күндерін қайталап, сандармен, пішіндермен және логикалық есептермен жұмыс істеп, шығармашылық тапсырмаларды орындады.