Мәтінді оқушыға оқыту

Сабақ туралы

Пәні мен сыныбы

Қазақ тілі, 4-сынып

Сабақтың тақырыбы

Көмектес септік

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: көмектес септікті пысықтау, жаттығулар орындау арқылы оны ажырата білуге үйрету.
  • Дамытушылық: оқушының ой-өрісін дамыта отырып, танымдық белсенділігін арттыру.
  • Тәрбиелік: сауатты жазуға, еңбексүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Дамытушылық сабақ

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, түсіндіру, қайталау, көрсету, әңгімелеу.

Көрнекіліктер

Плакат, кадаскоп.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын сабаққа аудару, психологиялық дайындық жасау, сыныпта жағымды көңіл күй қалыптастыру.

Арайлап шықты жаңа күн,

Шуағын шашып баршаға.

Кәне, досым, күлімде,

Шаттық орнасын жүзіңде!

II. Үй тапсырмасын тексеру

Үй жұмысы 346-жаттығу (оқыту).
  • Оқушылар құрастырған сөйлемдердің ішінен еңбек туралы сөйлемдерді талқылау.
  • Еңбек туралы мақал-мәтелдер айтқызу.
  • Мақал-мәтел ішінен көмектес септігі бар нұсқаларды тапқызу.
  • Көмектес септіктің ережесін сұрау.

III. Жаңа сабақ

1) Қызығушылығын ояту (пікір алмасу)

Қазір қай мезгіл?
Қыс.
Қыста ауа райы қандай болады?
Суық, боранды.
Қыста қандай спорт түрлерімен шұғылданамыз?
Шаңғы, коньки, хоккей және т.б.

2) Қатармен жұмыс

«Қыста біз қалай киінеміз?» — қалың.

Тапсырма: қыс туралы сөйлем жазыңдар. Сөйлемнің ішінде көмектес септік міндетті түрде болсын (әр парта — бір сөйлем).

Жазылған сөйлемдер тақтаға ілініп, 3 оқушы оқып береді.

3) Поэзия минуты

Қыс туралы 1 шумақ өлең ойлап жазыңдар. Ішінде көмектес септік болсын.

Уақыты: 3 минут.

4) Кадаскоппен жұмыс (мәтінмен жұмыс)

Мәтіннің тақырыбы

Алатау

Жалпы таулы жерде ауа таза болады. Ауасы таза жерде адамның денсаулығы мықты болады. Көптеген ағаштар өседі, аңдар мен құстар мекендейді.

Тапсырмалар:

  • Мәтінді оқыту және оған ат қою.
  • Көмектес септікте тұрған сөздерді табу.
  • Дүниетану сабағымен байланыстыру.

Таулы жерде қандай аңдар, құстар мекендейді?

Барыс, марал, бөкен, ұлар, бүркіт, жапалақ және т.б.

Қандай ағаштар өседі?

Шырша, қайың және т.б.

Тау, аң, құс, ағаш туралы қай пәннен оқимыз?

Дүниетану пәнінен.

IV. Тақтамен жұмыс

348-жаттығу Көшіріп жазу, қай септікте тұрғанын айту.
  • Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын қою.
  • 3 оқушыны тақтаға шығарып орындату.

V. Өздік жұмыс

349-жаттығу Берілген сөздерді септеу.

Тапсырма: әнші, қобыз сөздерін септеп, осы сөздермен сөйлем құрастыру.

VI. Сергіту сәті

Ұзын мұртты құмырсқа,

Келе жатты жұмысқа.

Алып допты қолына,

Қойды оны жолына.

Оң жаққа бір қарады,

Сол жаққа бір қарады.

Үлкен тау деп ойлады.

VII. Ауызша орындау

350-жаттығу Берілген мәтінді оқыту.

«Қансонар» дегеніміз не?

Алғашқы қар жауған кезде аңшылыққа шыққан адамдарды «қансонар» дейміз.

3 оқушыға оқыту.

Қарамен жазылған сөздерді тауып, сөз құрамына талдау жасау және қай септікте тұрғанын анықтау:

түнімен із тауықты қоян қауіпті нуға түзде ізге

VIII. Қорытынды

Қайталау сұрақтары

  • Қазақ тілінде неше септік бар?
  • Септіктердің сұрақтары мен жалғауларын атаңдар.

Қолдану тапсырмасы

Әр септікке бір-бір сөйлем құрастырыңдар (оқушылардан кезекпен сұрау).

IX. Үй тапсырмасы

Көмектес септік тақырыбын қайталау.

X. Бағалау

Оқушыларды білім деңгейіне қарай бағалау.