Қола қақпа

Сабақ жоспары

Негізгі және туынды сын есім

Бұл сабақта оқушылар негізгі және туынды сын есімдерді ажыратып, жұрнақ арқылы жасалатын туынды сын есімдерді қолданып сөйлем құрастырады. Жұмыс түрлері ойын, талдау және мәтінмен жұмыс арқылы жүзеге асады.


Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушылардың негізгі және туынды сын есімдер туралы білімін тереңдету, мысал арқылы нақтылау.

Дамытушылық

Өз бетінше жұмыс жасау арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу мәдениетін және тілдік қорын дамыту.

Тәрбиелік

Ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке баулу және ортақ жұмысқа жауапкершілік қалыптастыру.

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн!
Сәлемдесіп аламыз,
Мақсатымыз — білім алу,
Міндетіміз — еңбектену.
Еңбектену арқылы «5»-ке қол жеткізу!

II. Үй тапсырмасын тексеру

34-жаттығу, 191-бет.

III. Жаңа материалмен жұмыс

Ой қозғау

Төмендегі сөз тіркестерін оқып, сын есімдерді табыңдар. Қайсысы негізгі, қайсысы туынды екенін талдаңдар.

  • Қызыл алма
  • Сүтті мал
  • Биік тау
  • Шолақ тон
  • Ақылды оқушы
  • Озат бала
  • Тәтті қант
  • Орманды алқап
  • Ақшыл көйлек

Венн диаграммасы

Негізгі сын есім мен туынды сын есімнің ұқсастығы мен айырмашылығын Венн диаграммасы арқылы салыстырыңдар.

Негізгі

  • Түбір күйіндегі сын есім
  • Жұрнақсыз қолданылады

Ортақ

  • Заттың сынын, сапасын білдіреді
  • Сөйлемде анықтауыш қызметін атқарады

Туынды

  • Түбірге жұрнақ жалғану арқылы жасалады
  • Мағынасы кеңейіп, түрленеді

«Алтын қақпа» ойыны

Ойынның кезеңдері

  1. 1-кезең

    Тас қақпа

  2. 2-кезең

    Қола қақпа

  3. 3-кезең

    Күміс қақпа

  4. 4-кезең

    Алтын қақпа

Тас қақпа: тапсырма

Берілген өлеңдерден сын есімдерді теріп жазып, олардың маңызды белгілерін анықтаңдар.

«Күз»

Сұр бұлт, түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

«Қыс»

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау — танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы — үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң — қыс келіп, әлек салды.

Оқулықпен жұмыс

35-жаттығу

Берілген зат есімдерге -дай/-дей жұрнақтарын жалғап, туынды сын есім жаса.

таудай даладай гүлдей тайдай бұлбұлдай

Туынды сын есімдерді қатыстырып сөйлем құраңдар.

36-жаттығу

Мәтінді көшіріп жаз.

Кең-байтақ өлкемізде үлкенді-кішілі өзендер көп-ақ. Солардың бірі — Сырдария. Бұл өзен Аралға құяды. Сырдарияның төменгі ағысында көптеген көне қалалардың орны кездеседі.

Мәлімет

Өңір
Атырау облысы, Атырау қаласы
Мектеп
М. Әуезов атындағы №7 орта мектеп
Автор
Дощанова Сауле Курманбаевна