Дауыссыз дыбыс түрлерімен таныстыру

Сабақ тақырыбы: Дауыссыз дыбыстардың түрлері (2-сынып)

Қазақ тілі 2-сынып Фонетика

Бұл сабақта оқушылар дауыссыз дыбыстардың түрлерімен танысып, дауысты мен дауыссыз дыбыстарды дұрыс ажыратуды және дыбыстық талдау жасаудың бастапқы дағдыларын меңгереді.

Мақсаты

  • Дауыссыз дыбыстардың түрлерімен таныстыру.
  • Дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс ажыратуға үйрету.
  • Дыбыстық талдау жасауға бағыттау.

Күтілетін нәтиже

  • Дауыссыз дыбыстардың түрлерін біледі.
  • Дауысты мен дауыссыз дыбыстарды ажырата алады.
  • Дыбыстық талдау жасауға үйрене бастайды.

Қажетті материалдар

  • Оқулық, дәптер
  • Қалам, қарындаш, күнделік
  • Слайд, үлестірмелі карточкалар

Сабақ құрылымы

Уақытты тиімді жоспарлау арқылы сабақтың әр бөлігі бір-бірін толықтырып, оқушыны теориядан тәжірибеге жетелейді.

Ұйымдастыру — 2 мин Қызығушылық — 3 мин Мағынаны тану — 35 мин Қорытынды — 5 мин

Ұйымдастыру кезеңі (2 минут)

Оқушылармен амандасу, психологиялық ахуал қалыптастыру.

Үлкенге де — Сіз,
Кішіге де — Сіз.
Баршаңызды құрметтеп,
Бас иеміз біз.

Қызығушылықты ояту (3 минут)

Әдіс: «Жуан және жіңішке сұрақтар»

Негізгі ұғымдарды еске түсіру және жаңа тақырыпқа көпір құру.

  • Дыбыс дегеніміз не?
  • Әріп дегеніміз не?
  • Қазақ тілінде неше дыбыс, неше әріп бар?
  • Дыбыстар қалай естіледі? Неліктен?
  • Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?

Бүгінгі сабақта дауыссыз дыбыстардың түрлерімен танысамыз (электрондық оқулықпен жұмыс).

Мағынаны тану (35 минут)

Дауыссыз дыбыс дегеніміз не?

Айтқанда ауа кедергіге ұшырап шығатын дыбыстар дауыссыз дыбыстар деп аталады. Дауыссыз дыбыстарда дауыс толық болмайды: олар үн мен салдырдан немесе тек салдырдан тұрады.

Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар

Қазақ тілінде 26 дауыссыз дыбыс бар:

б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ

Ескерту: дауысты дыбыстан кейін келген у кей сөздерде дауыссыз қызметін атқарады: бауыр, ауыр, жауын, әуре т.б.

Дауыссыз дыбыстардың жіктелуі

Дауыссыз дыбыстар үшке бөлінеді: қатаң, ұяң, үнді.

Қатаң дауыссыздар

Үн болмайды, тек салдырдан тұрады.

к, қ, п, ф, с, т, х, ц, ч, ш, щ, һ

Ұяң дауыссыздар

Үн аз, салдыр басым болады.

б, в, г, ғ, д, ж, з

Үнді дауыссыздар

Үн басым, салдыр аз болады.

р, л, м, н, ң, й, у

Жаттығулар және жұмыс түрлері

Дәптермен жұмыс

82-жаттығу. Жұппен жұмыс: өлеңді көшіріп жаз. Қарамен жазылған сөздерден дауыссыз дыбыстарды тап.

«Кім жылдам?»

83-жаттығу. Жаңылтпашты оқып, жатқа айт. Жаңылтпашта дауыссыз дыбыстардың қай түрлері кездесетінін анықта.

Топтық жұмыс

84-жаттығу. Ребусты шеш. Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құра.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

Деңгейлік тапсырмалар

1-деңгей

ҚОЛШАТЫР

2-деңгей

ЖАЛБЫЗ

3-деңгей

САЗ

Қорытынды (5 минут)

Бекіту сұрақтары

  • Дыбыстар нешеге бөлінеді?
  • Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

Қосымша тапсырма ретінде оқушыларға үлестірмелі карточкалар таратылады.

Рефлексия және үй тапсырмасы

Рефлексия

Оқушылар бүгінгі сабақтан не үйренгенін, қай тұсы қиын болғанын және қандай сұрағы бар екенін қысқаша айтады.

Үйге тапсырма

Оқулықтағы тапсырмаларды қайталау және дыбыстық талдау жасауға арналған қосымша тапсырмаларды орындау.