Шыршада ортада

Мерекелік көрініс: залдың безендірілуі

Зал мерекеге сай безендірілген: жаңа жылдық шырша ортада, ал орындықтар цирк аренасына ұқсатып қойылған. Кіре берісте цирктік касса тұр. Сол жерден кассирдің дауысы естіледі.

Назар аударту

«Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Қызықтан құр қалмаңыздар! Қаламызға алғаш рет Балапан елінен цирк келіп тұр!» — Ақниет

Цирктің атауы

«Цирктің аты — Күншуақ. Баршаны шақырады, Жаңа жылмен құттықтап. Күлкі, қуаныш сыйлап, қарсы алады сіздерді.» — Нұрбек

Билетке шақыру

«Үлкендер мен балалар, келіңдер, асығыңдар. Цирк көремін десеңіз, бізден билет алыңыз.» — Руслан

Әуен ойнап тұрады. Балалар билет алып, бақылауға көрсетіп, орындарына отырады.

Жүргізушінің кіріспе сөзі

Цирк дегенде қуанамыз бәріміз,
Цирк дегенде шаттанамыз бәріміз.
Цирк — күлкі, цирк — ойын,
Көтереді көрерменнің көңілін.

Ұсынысқа қош келдіңіз дейміз біз,
Шаттанамыз, қуанамыз, күлеміз.
Ән айтамыз, би билейміз — бәріміз,
Өйткені біз циркті ерекше сүйеміз.

Құттықтау сөзі

Құттықтау сөз балабақша меңгерушісі Бибісара Тойымбетқызына беріледі.

Сайқымазақтар: Бим мен Бом

Көрерменмен амандасу

  • Бом: Саламатсыздар ма, қонақтар!
  • Бим: Балалар, сендер цирктік қойылым көргілерің келе ме?
  • Балалар: Иә, келеді.
  • Бом: Олай болса, цирктік аренаға қош келдіңіздер. Бізде бәрі дайын!

Әнге шақыру

Жүргізуші балаларды орындарынан тұрғызып, «Циркке біз шақырамыз» әнін орындауға шақырады.

Ән:

«Циркке біз шақырамыз»

Шырша туралы сөз

  • Бим: Жарайсыңдар, балалар! Циркті тамашалауға дайын екенсіңдер.
  • Бом: Мына әсем шыршаға қараңдаршы. Неткен әдемі, керемет жасалған!

Жасыл шырша ортада —
Қарайды бәрі тамсана.
Неткен сұлу, неткен әсем,
Мына шырша өте көркем!

Сұрақ

«Кімдер жетіспей тұр, балалар?» — Аяз ата мен Ақшақар

Аяз ата мен Ақшақарды шақыру

Балалар өлеңдетіп шақырады:
«Аяз ата, Аяз ата, кел, кел, кел!
Ақшақарды, Ақшақарды ерте кел!
Келмесеңіз болмайды,
Мына шырша жанбайды!»

Аяз ата мен Ақшақар кіріп, балалармен амандасады. Содан соң ортамызға Ескі жыл мен Жаңа жылды шақыру ұсынылады.

«Шырша жыры»

Хор: «Шырша жыры»

Цирктік қойылымдар бағдарламасы

Мереке жалғасады. Аренада бірінен соң бірі өнер көрсетулер басталады.

Гимнаст қыздар

Инабат, Жансая, Айбану

Инабат: Кел, билейік, үйренейік — ол келгенше жаңа жыр.
Құтты болсын, құтты болсын, құтты болсын Жаңа жыл!

Айбану: Шыршаға бардық, әсем ән салдық.
Аяз атадан сыйлықтар алдық.

Жансая: Жаңа жылды көңілді қарсы алайық.
Еліміздің ертеңі — біз, көркейтейік өмірді!

Мысықтардың биі

Сая, Нұрия, Дильназ

Дильназ: Аппақ қылып даланы, аппақ қылып қаланы.
Қуантып баланы — төрлет, төрлет, Жаңа жыл!

Нұрия: Тоғайда, бауларда ақ күміс жамылды.
Дала да, таулар да — өзіңді сағынды.

Кішкентай клоундар

Ақниет, Руслан, Райымбек, Нұрбек

Бом: Бим, сен білесің бе, қазір аренаға кім шығатынын?

Бим: Жоқ, білмеймін.

Бом: Қалай білмейсің? Олар — Англиядан келген шәкірттеріміз!

Нөмір:

«Клоундар биі»

Райымбек: Жаңа жылда көңіл өсіп, көбейсін.
Ортақ ой мен арман — жақсы достар көбейсін.

Хор: ағылшын тіліндегі ән

Орындау:

«Hello, Good Morning»

Жүргізуші Аяз атаға балалардың тағы бір өнерін тамашалауды ұсынады.

Көңілді күшіктер биі

Нұршат, Нұрсұлтан, Сәуле, Бағжан, Нұрлыби

Финалға жақын нөмір

Нұршат: Жаңа жылым жол болсын, басқан қадам оң болсын.
Төрлет, төрлет, Жаңа жыл — бізге құтты жыл болсын!

Нұрсұлтан: Жаңа жылдың жас ұланы — біз шыршаны қарсы алған.
Тамашаға асығады, қала-даласы ән салған.

Сәуле: Жасыл желек жамылған, асыл моншақ тағылған.
Міне, сұлу шыршамыз — көптен күтіп сағынған.

Бағжан: Жаңа жыл, Жаңа жыл — Жаңа жылға жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында билеп барлық бала жүр.

Нұрлыби: Аппақ тонға оранып, базарлық мол алып,
Келді алыс сапардан — Аяз ата оралып.

Авторлық мәлімет

Мекеме

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті
№11 «Балапан» балабақшасы, «Балапан» тобы

Тәрбиеші

ІІ санатты тәрбиеші: Ешмахан Айнұр Сақтағанқызы

Құжат атауы: «Көңілді жаңа жыл» ертеңгілігі (жүктеу нұсқасы).