Аудио сұрақтар
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі
Қазақстан тарихы пәнінің оқытушысы: Балташева Б.Б.
Сабақтың тақырыбы
Невада – Семей қозғалысы. Семей полигонының жабылуы
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Пән аралық байланыс
География, математика
Сабақтың мақсаты
Семей полигоны зардаптарының шығу тарихы мен оның зерттелуі туралы түсінік қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері
Білімділік
Ауа, су және жердің ластануы адам өміріне қауіпті екенін түсіндіре отырып, қоршаған ортаны қорғаудың қажеттілігін ұғындыру.
Дамытушылық
Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, алған білімдерін жетілдіру, сабақ барысында белсенділік пен шапшаңдық танытуға дағдыландыру.
Тәрбиелілік
Оқушыларды өз еліне, жеріне сүйіспеншілікке тәрбиелей отырып, қоршаған әлемді қорғауға атсалысуына ықпал ету.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Сұрақ-жауап арқылы өткен тақырыпты қорытындылау.
III. Білімдерін жан-жақты тексеру
«Математикалық қобдиша» тапсырмалары:
1)
(550²) × 4 = ?
2)
(1 000 000²) × 4 = ?
3)
25 × 75 + 95 = ?
4)
36² + 8 = ?
IV. Жаңа сабақты меңгертуге дайындық
Сабақтың тақырыбын жаздыру және мақсатымен таныстыру.
V. Жаңа сабақты меңгерту
Тақырып 1
Семей полигоны
Тақырып 2
Семей полигонының инфрақұрылымы
Тақырып 3
Семей полигонындағы алғашқы сынақтар
Тақырып 4
Сынақтардың адамға және қоршаған ортаға әсері
Тақырып 5
Невада – Семей қозғалысы
Тірек ұғымдары
Ядролық қару
Жаппай қырып-жоюға арналған қару түрі.
Атом бомбасы
Авиациялық ядролық бомбаның алғашқы атауы. Әсері ядролық бөліну реакциясы негізіндегі жарылысқа байланысты.
VI. Жаңа сабақты бекіту
Аудио сұрақтар: интерактивті тақта арқылы ұяшықтарды таңдап, сұрақтарға жауап беру.
- 1) Қазақстан аумағындағы Семей полигоны үшін ядролық сынақтарға қанша гектар жер бөлінді?
- 2) Семей полигонында өткізілген әрбір ядролық сынақтың құны қанша болды?
- 3) Семей ядролық полигонының тәжірибелік алаңдарында қанша ядролық жарылыс жасалды?
- 4) Дегелең тауының жер асты шахталарында жалпы саны 340 жарылыс болды. Осы жерде жыл сайын орта есеппен қанша ядролық сынақ жүргізілді?
VII. Сабақты қорытындылау
Графопроектор арқылы «Атом» сөзінен әріп таңдап, құпия сұрақтарға жауап беру.
VIII. Үй тапсырмасы және бағалау
Қазіргі заманғы экологиялық проблемалар бойынша материалдар қарастыру:
1. Атмосфераның ластануы
Ластану көздері мен салдарын сипаттап, алдын алу жолдарын ұсыныңыз.
2. Байқоңыр ғарыш аймағының әсері
Ғарыш қызметінің табиғатқа ықпалы туралы деректер жинақтаңыз.
3. Каспий теңізінің экологиялық жағдайы
Қазіргі ахуал, негізгі мәселелер және ықтимал шешімдер туралы материалдар қарастырыңыз.