Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту

Қазақ тілі • 7-сынып Жаңа сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ғаламторды қолдану

Бұл жоспар оқушыларға ғаламторды қауіпсіз әрі тиімді қолдануды үйретуге, оқу техникасын жетілдіруге және тілдік дағдыларын дамытуға бағытталған.

Сабақтың мақсаты (білімділік)

  • «Ғаламторды қолдану» тақырыбы бойынша мәлімет беру.
  • Оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына назар аударту.
  • Жүйелі сөйлеуге және тақырыпты ретімен баяндауға үйрету.

Сабақтың мақсаты (дамытушылық)

  • Жазбаша тапсырмалар арқылы ойлау қабілетін дамыту.
  • Тіл белсенділігін және жазу мәдениетін қалыптастыру.
  • Ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту.
  • Жаңа сөздер арқылы сөздік қорын байыту.

Сабақтың мақсаты (тәрбиелік)

Оқушыларды тазалыққа және ұқыптылыққа баулу.

Ұйымдастыру және ресурстар

Сабақтың түрі мен әдіс-тәсілдері

Сабақтың түрі
Жаңа сабақ.
Әдіс-тәсілдер
Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.

Көрнекіліктер және байланыс

Көрнекілік
Кітап, суреттер, грамматикалық кесте.
Пәнаралық байланыс
Орыс тілі, қазақ әдебиеті.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Сәлемдесу.
  2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себебін сұрау.
  3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару, көңіл күйін бейімдеу.

II. Жаңа түсінікті қалыптастыру

  1. Кіріспе сөз.
  2. Мозайкалық ойын арқылы топтарға біріктіру.
  3. Топ атауын таңдау және ережесін құрастыру.
Негізгі тапсырма Практикалық жұмыс

Ғаламтор арқылы Астана қаласына пойыз билетін брондау

Төмендегі қадамдар бойынша ғаламтордан пойыз билетін рәсімдеп көріңдер. Сұранысты толтырғанда жеке деректердің дұрыстығына ерекше мән беріңдер.

Қадамдар

  1. 1 Қажетті сайттың мекенжайын жарнамалардан немесе іздеу жүйелерінен табыңдар.
  2. 2 Пойыз билетіне тапсырыс беру сайтына кіріңдер.
  3. 3 Сайттан қажет қызметті таңдаңдар.
  4. 4 Сұранысты дұрыс толтырыңдар.
  5. 5 Жауабын күтіңдер және көрсетілген нұсқауларды орындаңдар.
  6. 6 Рәсімдеу кезінде өздеріңе қатысты мәліметтерді мұқият енгізіңдер.
  7. 7 Төлем түрі ұсынылса, біреуін таңдаңдар.
  8. 8 Есеп айырысуды аяқтаңдар (төлем жасауды растаңдар).

Төлем түрлері

  • Қолма-қол ақшамен есептесу.
  • Тапсырысты алған кезде төлеу.
  • Пластикалық картамен төлеу.
  • Интернет ақшасымен төлеу.
  • Банк немесе пошта аударымдары арқылы төлеу.

Ескерту: Жеке деректерді енгізгенде қауіпсіздік талаптарын сақтаңдар және тек сенімді сайттарды қолданыңдар.

IV. Жаңа сабақты бекіту

  • 2-тапсырма: мәтінді оқу және аудару.
  • Дебат: ғаламтордың пайдасы мен зияны.

V. Сабақты қорытындылау

Сұрақтарға жауап беріңдер:

  • Интернет құрамына кіретін элементтерді атаңдар.
  • Электронды поштаның атқаратын қызметі қандай?
  • Браузер деген не?
  • Журнал қандай мүмкіндік беретін жүйе?
  • Осы тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді атаңдар.

VI–VII. Үй тапсырмасы, бағалау, рефлексия

Үй тапсырмасы: 245-бет, 4-тапсырма — мәтінді мазмұндау.

Бағалау және рефлексия: оқушының белсенділігі, тапсырманы орындау сапасы және топтық жұмысқа қатысуы бойынша қорытынды шығару.

Қосымша: сабақ жоспарының толық нұсқасын қарау.