Қазақстан жеріндегі ортағасырлық қандай сәулет ескерткіштерін білесің
Сабақ туралы қысқаша ақпарат
Сабақ
№20, Қазақстан тарихы (5-сынып)
Тақырып
§19 Қазақтардың рухани мәдениеті
Сабақтың мақсаты
- Қазақтардың рухани мәдениет жүйесімен және ұлттық мәдениеттің ерекшеліктерімен таныстыруды жалғастыру; оның қоғам өміріндегі маңызын ашу.
- Анықтамалық әдебиеттермен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру; қосымша деректерді тиімді пайдалана білуге үйрету.
- Халықтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына құрметпен қарауға, ұлттық құндылықты мақтан тұтуға; еңбекқорлық пен төзімділікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже
Оқушылар рухани мәдениет тақырыбы бойынша өз бетімен жұмыс істеп, ізденіс дағдыларын меңгереді.
Негізгі идея
Топтық жұмыс арқылы ынтымақтастық қалыптасады; өзгелерді оқыту және ашық сұрақтарға жауап беру барысында есте сақтау мен сыни ойлау қабілеті дамиды. Жаңаша тәсілдер мен АКТ қолдану пәнге қызығушылықты арттырады.
Сабақ форматы мен тапсырмалар
Сабақ барысы (мұғалім мен оқушы әрекеті)
I. Ұйымдастыру
- Сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру, оқушылардың зейінін сабаққа аудару (2 минут).
- Тарихи кесенелердің атаулары арқылы екі топқа бөлу (2 минут).
II. Үй тапсырмасын тексеру
Ойын: «Кім жылдам?» (сұрақ–жауап)
- Сәулет өнері дегеніміз не?
- Ежелгі адамдардың баспанасы қандай болған?
- Қазақстан жеріндегі ортағасырлық қандай сәулет ескерткіштерін білесің?
- Орта ғасырда сәулетті құрылыстар салуда қандай материалдар пайдаланылған?
- Қазіргі заманда сәулет өнерінің дамуының сыры неде деп ойлайсың?
Бағалау
«Бағдаршам» әдісі арқылы кері байланыс және бағалау.
III. Жаңа сабақ
1) «Топтастыру» стратегиясы
Мұғалім постерді тақтаға іледі. Оқушылар стикерге «рухани мәдениет» туралы білетіндерін жазып, постерге жапсырады.
2) Мәтінмен жұмыс (топтық тапсырма)
1-топ: Ұлттық мерекелер мен ойындар
- Қандай ұлттық мерекелер мен ойындарды білесіңдер? Олардың пайда болу тарихы мен маңызын әңгімелеңдер.
- Халық емшілері деген кімдер? Қазіргі кезде мемлекет денсаулық сақтау үшін қаражат бөліп, емханалар мен сауықтыру орындарын ашады. Соған қарамастан, адамдар халық емшілеріне барады. Сендер бұған қалай қарайсыңдар? Неліктен адамдар халық емшілеріне сенеді?
- Жауаптарыңа нақты мысал келтір.
2-топ: Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері
- «Әдет-ғұрып» және «салт-дәстүр» тақырыбы бойынша сөздікпен жұмыс жаса; мысал келтір.
- Өз отбасыларыңда қолданылатын салт-дәстүрлер мен ырымдарды айтып беріңдер.
- Бүгінгі күні қазақ халқында қандай салт-дәстүрлер сақталған? Олардың маңызы неде?
- Салт-дәстүрлер мен ырымдарға қатысты мақал-мәтелдер айтыңдар.
Талқылауға арналған мақалдар
- «Ант бұзған оңбайды, салт бұзған сорлайды».
- «Сананы салт туғызады».
Осы мақалдардың мәнін түсіндіріп, өмірден мысал келтіріңдер.
Қосымша
Тақырып бойынша материалдар: «Қазақтардың рухани мәдениеті». Қажет болған жағдайда «Тарих туралы түсінік» және «Қазақстан тарихының кезеңдері» бөлімдеріне сүйеніп, қысқа мерзімді жоспардың толық нұсқасын қарастыру ұсынылады.