Ой қозғау Нені үйрендік
Сабақ тақырыбы
Тұйық етістіктің емлесі
Сабақ түрі
Жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақ әдістері
Сұрақ-жауап, ой бөлісу, сын тұрғысынан ойлау арқылы талдау
Көрнекіліктер
Плакаттар, тірек-сызбалар
Пәнаралық байланыс
Әдебиет
Сабақ мақсаты
Дамытушылық
Оқушылардың ой-өрісін, сөйлеу мәдениетін дамыту; ұлттық танымын кеңейту; шығармашылық қабілетін ояту.
Білімділік
Етістік және оның жасалу жолдары, мағыналық топтары туралы бұрынғы білімді толықтыру және жүйелеу.
Тәрбиелік
Ата-баба кәсібін құрметтеуге баулу; мақсат қоя білуге, еңбекқорлыққа, елін сүюге тәрбиелеу.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру
Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру, назарды сабаққа шоғырландыру.
2) Үй тапсырмасын тексеру
Үйге берілген ақыл-нақыл сөздерді талқылау, мазмұны мен құрылымына назар аудару.
Негізгі кезең: ой қозғау
Өткенді шолу: «Нені үйрендік?»
- 1. Етістік дегеніміз не?
- 2. Қандай сұрақтарға жауап береді?
- 3. Етістіктің құрамдық түрлерін атаңыз.
- 4. Болымсыз етістіктің жұрнақтарын атаңыз.
- 5. Табыс септіктегі сөзді қажет ететін етістікке мысал келтіріңіз.
- 6. Табыс септіктегі сөзді қажет ететін етістіктер қалай аталады?
- 7. Етістіктер нешеге бөлінеді? Атап беріңіз.
- 8. Есімшенің жұрнақтарын атаңыз.
- 9. Көсемшенің жұрнақтарын атаңыз.
- 10. Тұйық етістік қандай жұрнақтар арқылы жасалады?
- 11. Тұйық етістік жіктеле ме?
- 12. «Жазу» етістігін септеңіз.
Бағалау: жауаптардың толықтығы, тілдік норманы сақтау, дәлелді ой айту деңгейі ескеріледі.
Өз ізденістеріміз: ребус шешу
Мақал: «Мал өсірсең қой өсір, пайдасы оның көл-көсір.»
4 түліктің бірі — қой туралы ой бөлісу; ауылды көркейту жолдары; қаржыны тиімді бөлу, бизнес-жоспар құру туралы ұсыныстар айту.
Оқушылар жоспарларын оқып, сол негізде жаңа тақырыпқа кіріспе жасалады.
Жаңа тақырып: тұйық етістіктің емлесі
Түсініктер
- Тұйық етістік
- Іс-әрекетті, қимылды білдіретін етістіктің түрі.
- Емле
- Сөздердің дұрыс жазылу нормалары.
Жасалу үлгілері
- бар + у → бару
- оқы + у → оқу
- тас + у → тасу
- кемі + у → кему
- ер + у → еру
Дыбыстық сәйкестікке назар аудару: п—б, қ—ғ, к—г.
1) «Ойлан, тап!» тапсырмасы
Тұйық етістіктерді тауып, қай септікте тұрғанын ажыратыңыз.
Тізім A
- Оруға, жүргізуді
- Оқуым, бұзуды
- Соғу, айтысуымен
- Жауласу
Тізім B
- Жұлу, сұрасудан
- Жазудың, күлу
- Көрісу, егісу
2) «Ауылды кеңейту не үшін керек?»
Талқылау өзегі: еңбек, достық, бірлік, ынтымақ. Мақал-мәтелдерді тақтаға жазып, сөз құрамына талдау жасау.
3) Терме диктанты
Н. Өнербаевтың «Ауылым» әнінен етістіктерді теріп жазу.
4) 263-жаттығу
Оқулықтағы тапсырманы орындау, тұйық етістіктерді табу және орфографиялық норманы сақтау.
5) Түйіндеу: омонимдік қолданыс
Зат есім
Көсеу — от қозғайтын құрал.
Етістік
Көсеу — отты түрту, қозғау.
6) Ой толғау
Екі көзің не үшін қажет? — Жақсыларды көру үшін.
Екі қолың не үшін керек? — Елге көмек беру үшін.
Құлақ не үшін керек? — Ақыл-кеңес тыңдау үшін.
Тіл мен жақ не үшін керек? — Ақиқатты айту үшін.
Ал аяқ не үшін керек? — Жырақта жүрсем, туған жерге қайту үшін.
Туған жерге жету үшін екі аяқ қандай қажет болса, қазақ тілінің мәртебесін көтеруде тұйық етістіктің де өзіндік үлесі бар.
Үй тапсырмасы
«Ауылым менің — ажарым» тақырыбында тұйық етістіктерді қатыстыра отырып, шағын әңгіме құрастырыңыз.