Ақиқат тобы

Сабақ тақырыбы

Ғұн мемлекетінің қалыптасуы. Ғұндардың тұрмысы мен шаруашылығы.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға Қазақстан аумағында мекендеген ғұндардың қоныстану тарихын және мемлекеттің қалыптасу үдерісін меңгерту.

Тәрбиелік

Топпен жұмыс істеу мәдениетін қалыптастыру, жауапкершілікті сезінуге, нәтижеге жетуге ұмтылуға баулу; тарихи деректерді жүйелеуге, ой қорытуға үйрету; Отансүйгіштікке, адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық

Шығармашылық тапсырмалар арқылы қорытынды жасай білуін жетілдіру және ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың форматы мен ресурстары

Сабақтың түрі

Жарыс сабақ.

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ-жауап
  • Баяндау
  • Миға шабуыл
  • Ізденіс жұмысы

Көрнекілік құралдары

  • Интерактивті тақта
  • Үнтаспа

Бағалау шкаласы: әр тапсырма бойынша жоғары балл — 5, төменгі балл — 3.

Сабақтың өту барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

I топ

«Бірлік»

II топ

«Ақиқат»

Үй тапсырмасын тексеру

Тақырып: Қаңлы қоғамы, шаруашылығы және тұрмысы.

I тапсырма — «Бірлік» тобына сұрақтар

  1. Қаңлы мемлекеті қай ғасырда құрылды? (б.з.б. III ғасыр)
  2. Қаңлы тайпаларында билік қалай мұраланды? (әкеден балаға)
  3. Қаңлылардың астанасы қалай аталды? (Битянь)
  4. Мүлік теңсіздігінің пайда болу себебі неде? (әлеуметтік жіктелу)

I тапсырма — «Ақиқат» тобына сұрақтар

  1. Қаңлылардың халқының саны қаншаға жетті? (600 мың адам немесе 420 мың үй)
  2. Қаңлылар қандай елдермен байланыс жасады? (Қытай, Парфия, Рим, Кавказ)
  3. Қаңлылар мен Үйсіндер арасындағы соғыс қай ғасырда болды? (б.з.б. I ғасырдың ортасы)
  4. Қаңлылар қандай күштерге табынды? (табиғат күштері мен ата-баба рухына)

II тапсырма — Сөзжұмбақ (Бірлік тобы)

  1. Сыма Цянь қай елдің тарихшысы?
  2. Қаңлылардың археологиялық мәдениеттерінің бірі.
  3. Жетіасар мәдениеті қай өзен аңғарында орналасқан?
  4. Қаңлы тайпасы негізінен қандай шаруашылықпен айналысқан?
  5. Қаңлылардың 16 гектар жерді алып жатқан қала жұртын ата.

II тапсырма — Сөзжұмбақ (Ақиқат тобы)

  1. Тұтқынға түскен адамды қалай атаған?
  2. Қаңлылар байланыс жасаған елдердің бірі.
  3. Олар жинаған сырты қатты жеміс түрін ата.
  4. Қаңлылар табынған аспан денелерінің бірі.
  5. Ыдыстары неден жасалған?

III тапсырма — «Шарықтау» (топтық бағыттар)

I

Қаңлылар туралы деректер

II

Қаңлылардың шаруашылығы

III

Қоғамдық құрылыс және орналасуы

IV

Археологиялық ескерткіштері

V

Металл өндірісі, сауда қатынастары

VI

Мәдениеті және діни наным-сенімдері

IV тапсырма — Ұйқастырып сөйлем құрау (Бірлік тобы)

Қауыншы Отырар–Қаратау Жетіасар мәдениеттері 600 мың адам Қытай өкілі Битянь Пұшық–Мардан

1) Өзен бойларында жүргізілген қазба жұмыстары қаңлылардың тек көшпелі емес, егіншілікпен де айналысқанын дәлелдейді. Бұл ескерткіштер Қауыншы, Отырар–Қаратау және Жетіасар мәдениеттеріне жатады.

2) Қытай деректері қаңлы тайпалар одағының 120 мың түтіні (отбасы) болғанын, жалпы саны шамамен 600 мың адамға, ал жауынгерлері 120 мыңға дейін жеткенін көрсетеді.

3) Қытай өкілінің императорға жолдаған хабарында қаңлылардың өр мінезді, өжет келетіні, елшілерге бас имейтіні, сондай-ақ орталық билік өкілдерін үйсін елшілерінен төмен отырғызатыны айтылады.

4) Елдің астанасы — Битянь қаласы.

5) Қазба кезінде Пұшық–Мардан қаласы маңындағы Қостөбе қоныстары зерттелді.

IV тапсырма — Ұйқастырып сөйлем құрау (Ақиқат тобы)

Қауыншы мәдениеті кетпен жабайы аңдар жүн өңдеу 1300 сауда жасаған Алтын-асар

1) Қауыншы мәдениеті Ташкент төңірегіндегі көгалды аймақта орналасқан.

2) Жерді тас және металл кетпендермен өңдеген.

3) Қазба жұмыстарында қоныстардан елік, таутеке, арқар, киік, марал сияқты жабайы аңдардың сүйектері жиі табылған.

4) Қаңлы әйелдері арасында қолөнердің жүн өңдеу саласы жақсы дамыған.

5) Б.з. III–IV ғасырларына жататын салмағы әртүрлі шамамен 1300-дей теңге табылған.

6) Қаңлылар Қара теңіз жағалауы, Сирия, Үндістан, Балтық өңірі, Мысыр, Қытай, Иран сияқты аймақтармен сауда байланысын жасаған.

7) Алтын-асар қала жұрты шамамен 16 гектар аумақты алып жатыр.

Жаңа сабақ: Ғұндар тарихы

Ғұн мемлекетінің қалыптасуы

«Ғұн» атауы деректерде гун, рун, хун-ю сияқты нұсқалармен кездеседі. «Ғұн» атауы б.з.б. III ғасырдағы Қытай жазбаларында ұшырасады.

Ғұндар Қазақстан жеріне б.з.б. I ғасырдың соңы мен б.з. I ғасырда келген. Халқы шамамен 1,5 млн адам болған, 24 руға бөлінген. Руларды Шаньюйдің туыстары басқарған.

Түменбасыларды шаньюй тағайындаған. Әр түменбасында мыңдық әскери бөлімдер болған. Ғұн мемлекеті әскери жүйе қағидасымен ұйымдастырылды.

Билік жүйесі (иерархия)

  • Тәңірқұты (Шаньюй)
  • Рубасылар кеңесі
  • Түменбасылар (24)
  • Мыңбасылар
  • Жүзбасылар
  • Онбасылар
  • Халық жиналысы (әр 3 жыл сайын)

Атилла (Еділ) туралы

Ғұндардың даңқты қолбасшысы Атилла шамамен 400–453 жылдары өмір сүрген. Қазақ дәстүрінде Атилланы Еділ деп атаған.

Деректерде оның келбеті азиялық типке тән: орта бойлы, мығым денелі, көзі өткір, жүзі сұсты. Қозғалысы шапшаң, шешімі нық болғаны айтылады.

Тарихи ықпалы

  • Еуропаға, Африканың солтүстігіне және Батыс Азияға ықпалын жүргізді.
  • Рим империясына ауыр соққы беріп, бірқатар шайқастарда үстем түсті.
  • 453 жылы қайтыс болғаннан кейін оның империясы біртіндеп ыдырай бастады.

Бекіту сұрақтары

  1. Ғұн мемлекетінің негізін қалаған кім, ал билеушісі қалай аталды?
  2. Ғұндар қанша руға бөлінді және руларды кім басқарды?
  3. Ғұндардың екінші көші қай жылы басталды және тарихта бұл көшу қалай аталады?
  4. Еуропаны Рим үстемдігінен азат еткен кім?
  5. Атилланы қазақтар неге «Еділ» деп атаған?
  6. Солтүстік ғұндардың әміршісі кім болды?

Қорытынды бөлім

Бағалау

Оқушылардың сабақ барысындағы белсенділігі мен тапсырмаларды орындауына қарай бағалау жүргізіледі.

Үй тапсырмасы

  • Тақырыпты оқып келу.
  • Ерікті тапсырма: «Еділ батыр бабамыз» тақырыбында ой-толғау жазу.