Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, 2 Аманқарағай орта мектебіБастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың мақсаты

Білімдік

Оқушыларды жануарлар әлемінің алуан түрлілігімен таныстыру және олардың қай топқа жататынын анықтай білуге үйрету.

Дамытушылық

Ой-қиялын, шығармашылық қабілетін дамыту және сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік

Жануарларды қорғауға, оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Бастау
  • Амандасу

2) Кіріспе: «Орман әуені»

Тыңдалым

Оқушыларға орман әуені тыңдатылады (аңдар мен құстардың дыбыстары). Тыңдалымнан кейін әңгіме сұрақ-жауап арқылы өрбиді.

Сұрақтар

  • Балалар, бұл нелердің дауыстары?
  • Табиғат деген не?
  • Табиғат нешеге бөлінеді?

Негізгі ұғым: Табиғаттың түрлері

Жанды табиғат

Адамдар, өсімдіктер, жануарлар

Жансыз табиғат

Тау-тас, өзен, көл, су, аспан, күн

3) Жаңа сабақ

Негізгі бөлім

Бүгін біз жануарлардың алуан түрлілігімен танысамыз және оларды топтастыруды үйренеміз.

Жануарлар топтары

  • Жәндіктер
  • Аңдар
  • Балықтар
  • Қосмекенділер
  • Бауырымен жорғалаушылар

Практикалық жұмыс (үлестірмелі қағаз)

Конверттегі тапсырма: жануардың қай топқа жататынын көрсетіп жазу. Орындап болғаннан кейін 1–2 оқушы тақтаға шығып жазады, қалғандары өз жұмыстарын тексереді.

Қоректенуіне қарай жіктеу

Шөпқоректілер

Өсімдіктермен қоректенетін жануарлар.

Жыртқыштар

Басқа жануарлармен қоректенетіндер.

Талғаусыз қоректілер

Әртүрлі қорек түрін пайдаланады.

4) Оқулықпен жұмыс

Оқу

А) 1-бөлік

Шөпқоректілер туралы мәлімет алады.

Ә) 2-бөлік

Жыртқыш жануарлар туралы мәлімет алады.

Б) 3-бөлік

Талғаусыз қоректілер туралы мәлімет алады.

5) Сергіту сәті

Қозғалыс

«Ұзын құлақ сұр қоян»

Қимыл-қозғалысқа арналған қысқа жаттығу орындалады.

6) Бекіту тапсырмасы

Топтастыру

Үлестірмелі қағаз (конверт)

Тапсырма: жануарларды қоректенуіне қарай топқа бөліп жазу. Орындап болған соң 1–2 оқушы тақтаға шығып жазады, басқа оқушылар өз жұмыстарын тексереді.

Ой қозғау

  • Өздеріңді бір жануар ретінде елестетіп көріңдер.
  • Неліктен дәл осы жануарды таңдадыңдар?

Сабақты қорытындылау

Экологиялық ереже құрастыру

Сурет бойынша табиғатты қорғауға қатысты ережелер құрастырылады және талқыланады.

Негізгі ой

Табиғатты қорғау — парыз.

Қорғау үшін сүю — парыз.

Табиғатсыз адамдардың күні жоқ.

Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ.

Табиғатты аялап, қорғап жүрейік.

Үй тапсырмасы

54-бет

1-топ

Жануарлар туралы 5 жолды өлең шығару.

2-топ

Жұмбақ құрастыру.

3-топ

Эссе жазу.

Бағалау

Оқушылардың сабақтағы белсенділігі, тапсырмаларды орындауы және топтық жұмысқа қатысуы бойынша бағаланады.

Ескерту

Материалдың толық нұсқасын қажет болған жағдайда жүктеуге болады.