Алатау Сабақтың мақсаты

Сабақ тақырыбы

Жамбыл Жабаев. «Алатау»

Сабақ мақсаты

Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша білімін пысықтау. «Әдебиеттік оқу» пәнінен «Табиғат — тіршілік бесігі» бөлімін бастай отырып, табиғаттың ерекше сыйы — Алатау туралы жырлаған Ж. Жабаевтың өлеңімен таныстыру.

Топтық ойлау қабілетін дамыту, ұжымдық еңбекке тәрбиелеу; сұрақ-жауап пен пікірталас арқылы тілдік қорды байыту; шығармашылық жұмысқа баулу.

Күтілетін нәтиже

  • Жаңа тақырыпты нақты түсінеді.
  • Нені және қалай оқу керектігін біледі; сыни тұрғыдан ойлауға дағдыланады.
  • Топта пікірлесіп, ортақ шешім қабылдауға үйренеді; өзін-өзі бағалай алады.
  • АКТ құралдарын қолданып, қажетті ақпаратты таңдай алады.

Сабақ ресурстары мен тәсілдері

Қолданылатын материалдар

  • Оқулық
  • Слайд
  • Кеспе қағаздар

Оқыту әдістері

  • Блум таксономиясы
  • «Сұрақ қою — қайта сұрақ қою» тәсілі
  • Топтастыру стратегиясы

Дереккөздер

Оқулық, әдістемелік тапсырмалар.

Сабақ құрылымы

І. Ұйымдастыру

3 минут

І. Білу

«Ой қозғау»

ІІ. Түсіну

Сергіту сәті — 2 минут

Дәптермен және оқулықпен жұмыс

Негізгі тапсырмалар

IV. Талдау

Мәтін және идея талдауы

V. Жинақтау

Шығармашылық қорытынды

Қорытындылау

Негізгі ойларды бекіту

Бағалау · Рефлексия · Үй тапсырмасы

Өзін-өзі бағалау және кері байланыс

Мұғалімнің іс-әрекеті

Психологиялық дайындық

Күлімдеп бүгін сіздермен,

Сәлемдесіп алайық.

Қош келіпсіз бүгін сіз,

Әдеппен сізге қарайық.

Жылы-жылы жүзбенен

Жүрегімді сыйлайын.

Ыстық алақаныммен

Көршіммен амандасайын.

Ұйымдастыру және тексеру

  • Топқа бөлу
  • Үй тапсырмасын тексеру
  • Бөлімді қайталауға арналған тест
  • Сөзжұмбақ шешу

Жаңа тақырыпқа шығу

  • Автор туралы қысқаша мәлімет беру
  • Тақтаға жазу: Жамбыл Жабаев. «Алатау»

Сөздік жұмысы

Сөз Түсіндірме
Ну-қалың қалың, бітік
Мұнар бұлыңғыр тұман, көмескі көрініс
Кептес тілдесу, сөйлесу

Негізгі жұмыс

  • «Алатау» өлеңін мәнерлеп оқу
  • Суретпен жұмыс
  • Сұрақ-жауап: «сұрақ қою — қайта сұрақ қою» әдісі

Шығармашылық бөлім

  • «Әсем сөз әлемі»
  • Өлең құрастыру
  • «Балғын суретші» (тақырыпқа сай сурет салу)
  • Топтастыру стратегиясы