Первый слог - личное местоимение
Бұл материал — сыныптан тыс өткізілетін «Көкпар» интеллектуалдық ойынының жоспар-үлгісі (презентациясымен). Құрылымы кезең-кезеңімен беріліп, әр сыныпқа арналған тапсырмалар мен сұрақтар топтастырылған.
Сайыс кезеңдері
- 1 «Бапкерлер» сайысы
- 2 «Байқағыштық» бөлімі
- 3 «Ғажайып үштік»
- 4 «Зерде» бөлімі
- 5 «Бәйге» сайысы
- 6 Жанкүйерлер жарысы
1) «Бапкерлер» сайысы
Бұл кезеңде әр сыныпқа бағытталған қысқа сұрақтар беріледі. Мақсаты — пәндер бойынша базалық білімді жылдам тексеру.
5-сынып
- Ауаның құрамын атаңдар.
- Әжеде 28 кәмпит бар. Ол немерелеріне 5 кәмпиттен бергенде 3 кәмпит артылды. Әжеде неше немере бар?
- Тұрлаусыз мүшелерді сұрақтарымен бірге атаңдар.
- Сколько личных местоимений в слове «семья»?
6-сынып
- Берілген сызба бойынша сөзді тап: саяхатшылар, жұмысшылар, егіншілер, білімпаздар.
- Қорапта 12 қарындаш бар. Түсті қарындаштар қара қарындаштардан 5 есе көп. Қорапта неше қара және неше түсті қарындаш бар?
- Жердің ауа қабаты қалай аталады? Оның қабаттарын атаңдар.
- Садақ пен жебе қай кезеңде жасалды? A) Тас ғасыры · B) Мезолит · C) Неолит
7-сынып
- Қимақ елінің құрамында жеті тайпа болғанын жазған ортағасырлық тарихшыны табыңдар: A) Сыма Цянь · B) Гардизи · C) Махмуд Қашқари
- Дүниежүзіндегі ең ыстық әрі ең ылғалды материкті табыңдар.
- Ұшақ A қаласынан B қаласына 1 сағат 20 минут ұшты. Қайтар жолды 80 минут ұшты. Мұны қалай түсіндіреміз?
- Бірінші буын — жіктеу есімдігі. Екінші буын мына сөздерден табылады: сварщик, пильщик, барабанщик. Екеуін қоссаң, бір нәрсені сақтайтын ыдыс атауы шығады.
2) «Байқағыштық» бөлімі
Бұл кезеңде көрегендік, салыстыру және тілдік байқағыштық тексеріледі.
Сәйкестендіру тапсырмасы
Төрт спортшының қайсысы спорттың қай түрімен айналысатынын анықтаңдар. Суреттерді бір-бірімен сәйкестендіріңдер.
Ескерту
Бұл тапсырмаға презентациядағы суреттер қолданылады.
Тілдік байқағыштық
- Сөздер бірдей болатындай етіп, соңғы буынды тап: Ті · Жү · Кү · Бүй
- Мақалды оқы да, дұрыс қалпына келтір: Тал а нұ ар рж ап ау тығ
3) «Ғажайып үштік»
Теңдік дұрыс шығатындай етіп, арифметикалық амалдар мен жақшаларды қойыңдар.
-
1 9 9 9 = 72
-
2 4 4 4 4 = 1
-
3 5 5 5 5 = 50
-
4 7 7 7 7 7 7 7 = 7
-
5 111 11 = 100
4) «Зерде» бөлімі
Тақырыптық ұяшықтарға сәйкес сөздер айтуға (немесе жазуға) арналған бөлім.
1. Қала
2. Ақын
3. Сәндік бұйым
4. Әнші
5. Батыр
6. Ұлттық тағам
7. Музыкалық аспап
8. Қыз баланың есімі
5) «Бәйге» сайысы
Жылдамдық пен тапқырлыққа арналған блиц-сұрақтар.
-
1) 50 саусақ көрінуі үшін неше баланың қолы көрінуі керек?
-
2) «Спутник» Жерді 103 минутта айналып өтті. Бұл — неше сағат, неше минут?
-
3) «Ертістің» ортасында не бар?
-
4) Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Біреуін аңшы атып алды. Неше түйеқұс қалды?
-
5) Тіршілік тараған ғаламшар қайсы?
-
6) Жер ғаламшарында 5 материк, 3 мұхит бар. Сіздің ойыңызша…
-
7) «Тояттап, гүлге қонып, шырын жұтып, қарлығаш ән салады құбылжытып». Бұл шын ба?
6) Жанкүйерлер жарысы
Жанкүйерлерге арналған жұмбақтар. Дұрыс жауап бергендер командасына ұпай қосуға болады.
Жұмбақтар
Жүз мүйізі бар, үстінде киізі бар.
Жауабы: Киіз үй
Қос құлақты, жүз тісті.
Жауабы: Ара
Екі қатар тал шарбақ: күндіз айрылмайды, қабыспайды; түнде қабысады.
Жауабы: Кірпік
Жұмбақтар (жалғасы)
Жарқырап шықты, алыс жол жүріп, қараңғыға бұқты.
Жауабы: Күн
Басын жер астына тығып жатыр, шашы жер бетіне шығып жатыр.
Жауабы: Сәбіз
Қолдану ұсынысы
- Әр кезеңге уақыт лимитін белгілеңдер (мысалы, 3–5 минут).
- Бағалау парағын алдын ала дайындап, ұпайды ашық жүргізіңдер.
- «Байқағыштық» кезеңінде суреттер мен карточкаларды қолдану әсерді күшейтеді.