Мектеп - жеткіншек ұрпақтың ойын қалыптастыратын шеберхана
Мектеп – жеткіншек ұрпақтың ойын қалыптастыратын шеберхана. Егер болашақты қолдан шығарып алғың келмесе, оны қолда берік ұстау керек. (Я. Барбюс)
Егеменді еліміздің ертеңі болатын келешек ұрпақты жеке тұлға ретінде қалыптастырып, бәсекеге қабілетті біліммен қаруландыру — бүгінгі күннің басты талабы.
Елбасы халыққа жолдауында ұлттың, мемлекеттің келешегі бүгінгі ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне тікелей байланысты екенін нақты атап өтіп, осы орайда ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілік жүктелетінін және оларға сенім артылатынын ерекше көрсеткен.
Бала оқыту — елді түзетудің бастауы
«Ел түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек» — бұл алты алаштың ардағына айналған Ахмет Байтұрсынұлының сөзі.
Сұңғыла ойшылдың жүрек түкпірінен суырылып шыққан осы тұжырым өткен ғасырдың алғашқы ширегінде айтылса да, бүгінге дейін тайға таңба басқандай өз мәні мен мазмұнын жоғалтқан жоқ.
Өркениет әлеміне нық қадам басқан жеткіншек — мемлекетіміздің жарқын болашағы, яғни бүгінгі бала. Ертең еліміздің еңсесін тік ұстап, ел мерейін үстем ететін ұрпақ осы балалардан өсіп-өнетіндіктен, сапалы білім мен саналы тәрбие беру — білім беру саласының ең жауапты міндеті.
Мектеп пен мұғалімнің жауапкершілігі
Демек, салмақты талаптың ауыр жүгі білім ошағы — мектепке, яғни ұстаздар қауымына түсіп отыр. Мемлекеттің білім саясаты, ең алдымен, мектептер арқылы жүзеге асатыны айдан анық.
Заман талабына сай педагог
Бұл үдерісте педагогика мен психология теориясын терең меңгерген, өмір тәжірибесі мол, ізгі, іскер, шығармашыл ұстаздардың атқаратын рөлі ерекше.
Мақсат — тұлға қалыптастыру
Мұғалімнің негізгі міндеті — рухы мықты, жан дүниесі бай, жан-жақты жетілген, шығармашыл тұлға тәрбиелеу.
Ұстаз миссиясының негізгі бағыттары
- Жас ұрпақтың дарыны мен талантын ашу
- Шығармашыл ойлау қабілетін жетілдіру
- Өзіне деген сенімін нығайту
- Өз жолын таңдауға және тағдырының егесі болуға ықпал ету
Автор туралы мәлімет
Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, №35 Иса Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қалхоразова Маржан Қайқыбекқызы.