Қазақстан аумағындағы мезолит тұрақтарын ата
Сабақтың тақырыбы
Орта тас (мезолит) ғасыры (б. з. б. 12–5 мың жыл).
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларға мезолит дәуірінің ерекшеліктері, қоғамдық өзгерістері және мезолит адамдарының негізгі кәсібі туралы жан-жақты білім беру.
Дамытушылық
Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, өз ойын еркін жеткізуге үйрету, кесте мен сызба құрастыру дағдыларын дамыту, өздігінен білім алуға баулу.
Тәрбиелік
Еңбекқорлыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу және жауапкершілігі жоғары тұлға қалыптастыру.
Сабақ форматы
Түрі
Топтық-диалогтық сабақ.
Әдістері
- Интерактивті жұмыс
- Пікір алмасу
- Топпен жұмыс
- Сұрақ-жауап
Көрнекіліктер
- Карта
- Тірек-сызбалар
- Интерактивті тақта
- Мезолит дәуіріне арналған плакат
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
- Кәмпиттер таратып, таңдаған түстері бойынша оқушыларды 3 топқа бөлу.
- Назарды сабаққа аудару.
2) Үй тапсырмасын сұрау: Кейінгі палеолит (б. з. б. 40–12 мың жыл)
Әр топқа үй тапсырмасы бойынша сұрақтар кезекпен қойылады. Егер топ жауап бере алмаса, сұраққа келесі топ жауап береді.
- Хронологиялық шеңбері: б. з. б. 40–12 мың жыл.
- Ерекшеліктері: адамзаттың түрлі нәсілдері қалыптаса бастады, рулық қауымның негізі қаланды.
- Тән құралдар: қырғыштар, қырғылар, найза, шанышқы ұштары және т.б.
- «Қыстырма әдісі»: сүйек не ағаш сапқа ұсақ қалақша тастарды желімдеп қондырып, кескіш құрал жасау.
- Климаттық өзгеріс: алып жануарлар азайып, біртіндеп жойылды.
- Орталық Қазақстандағы ескерткіш: Батпақ.
- Жетілдірілген аңшылық құралдары: дротик, гарпун, болас.
- Қалыптасқан адам: саналы адам.
- Епті адам саналы адамға қашан айналды? 40–30 мың жыл бұрын.
- Саналы адам сүйегі алғаш табылған жер: Франция, Кро-Маньон үңгірі.
- Туысқан адамдар ұжымы: рулық қауым.
3) Жаңа сабақ: Орта тас (мезолит) ғасыры (б. з. б. 12–5 мың жыл)
Тақырыпша 1
Орта тас ғасырының ерекшелігі
Тақырыпша 2
Мезолит адамдарының кәсібі
Тақырыпша 3
Орта тас ғасырындағы қоғамдық өзгерістер
Интерактивті тақтада сабақтың жоспары көрсетіледі. Топ басшылары тақтаға жапсырылған қағаздардың ішінен өз тобының кәмпит түсіне сәйкесін таңдап, жазылған тақырыпшаны дауыстап оқиды. Оқушылар кітап мәтінімен жұмыс істеп, 7 минут ішінде дайындалып, постер жасап, оны қорғайды.
Тірек-кесте: мезолит кезеңіндегі негізгі өзгерістер
Көмекші материал- Ірі жануарлар жойылды; ұсақ аңдарды аулау кеңейді.
- Ағаш еңбек құралы ретінде жиі пайдаланылды.
- Жебелі садақ пен балта сияқты құралдар кең тарады.
- Баспана тұрғызу тәжірибесі жетілді.
- Өзен-көлдерді кешіп өту және өзен бойлай қозғалу мүмкіндігі артты.
- Қайық пен сал жасау дамыды.
- Ағаш кесу, қайық жасау сияқты еңбек әрекеттері күшейді.
- Балық аулау шаруашылықтың маңызды бөлігіне айналды.
4) Сабақты бекіту
Барлық топ ортаға шығып, эстафета таяқшасы арқылы бір-біріне сұрақ қояды. Мақсат — мезолит туралы негізгі ұғымдарды нақтылау және жүйелеу.
Тақырыптық сұрақтар
- Мезолит заманында қандай өзгерістер болды?
- Мезолиттің хронологиялық шеңбері қандай?
- Мезолит заманының ең үлкен жаңалығы не?
- Микролит дегеніміз не?
Қазақстан бойынша сұрақтар
- Қазақстан аумағындағы мезолиттік тұрақтар саны қанша?
- Қазақстан аумағындағы мезолит тұрақтарын атаңдар.
- Мезолит дәуірінде бұдан өзге қандай өзгерістер болды?
5) Үйге тапсырма
- Тақырыпты оқып, мазмұндау.
- Мезолит пен палеолит дәуірін салыстыру.
6) Бағалау
Топтар критерийлі бағалау жүйесі бойынша бағаланады: тақырып мазмұнын ашуы, сөйлеу мәдениеті, белсенділігі, шығармашылығы.