Сабақтың мақсатын оқушыларға айтқызу
Сабақтың тақырыбы
Туындыны есептеу ережелері.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушылардың туынды туралы білімін, туындыны табу ережелерін қолдану шеберлігін және дағдыларын бақылау және тексеру. Туынды ұғымы бойынша ойлауын дамытуға ықпал етіп, пәнді меңгеруге қажетті білім, білік және іскерлік дағдыларын бекіту.
Дамытушылық
Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру; сыни тұрғыдан және логикалық ойлауын дамыту; математикалық дүниетанымын кеңейту.
Тәрбиелік
Бір-біріне көмектесу мәдениетін дамыту, адамгершілік құндылықтарын нығайту және өзіндік дүниетанымды қалыптастыру.
Сабақ туралы қысқаша ақпарат
Ұйымдастыру параметрлері
- Оқыту формасы
- Топтық жұмыс
- Сабақтың түрі
- Оқушылардың білімін және біліктілігін тексеру, қорытындылау сабағы
- Пәнаралық байланыс
- Қазақ тілі
Көрнекіліктер мен ресурстар
- Үлестірме қағаздар
- Интерактивті тақта
- Компьютер
- Слайдтар және қосымша материалдар
Сабақтың барысы
Уақыт жоспарлау: минутпен
I. Ұйымдастыру кезеңі
1–2 минут
- Оқушылармен сәлемдесу.
- Оқушыларды түгендеу.
- Назарларын сабаққа аудару.
Қосымша әрекеттер
- Сыныпта қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру.
- Оқушыларды 3 топқа бөлу (шамамен 3 минут).
- Сабақтың мақсатын оқушыларға айтқызу.
II. Үй тапсырмасын сұрау
4–5 минут
Ой қозғау
Оқушылар слайдтағы қайталау сұрақтарына жауап береді:
- Туынды дегеніміз не?
- Туындының белгіленуі қандай?
- y′(x) белгілеуін енгізген кім?
- c′, x′, (xn)′ неге тең?
- Туынды қай салаларда қолданылады?
III. Топпен жұмыс
8 минут
Оқушылар семантикалық картаны толтырады: кестеде тігінен тапсырмалар, ал көлденеңінен жауаптар беріледі. Тапсырма мен дұрыс жауап сәйкес келетін ұяшықтағы әріптерді тізіп жазу арқылы мағыналы ой-тұжырым құрастырылады.
Нәтиже
Әр топ тапсырманы дұрыс орындаса, бір сөз шығады. Үш сөзді біріктіріп оқығанда мына тұжырым түзіледі:
Білім – басты мұрат
Тапсырмаға нұсқаулық
- Кестедегі тапсырма-жұптарды сәйкестендіріңіз.
- Сәйкес ұяшықтардағы әріптерді ретімен жазыңыз.
- Топ нәтижесін дәлелдеп, ортақ қорытынды жасаңыз.
Автор туралы
Мектеп
Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Ю. А. Гагарин атындағы №1 Күршім орта мектебі.
Пән мұғалімі
Математика пәнінің мұғалімі: Баймухамбетова Гульбану Сунгатолдиновна.