Ұлағатты сөздер
Әдістемелік құралдың мазмұны мен бағыты
Ұсынылып отырған әдістемелік оқу құралы оқушыларды адами қарым-қатынас мәдениетіне үйрету мәселесіне ерекше мән береді. Мұнда қарым-қатынасқа баулитын адамгершілік ұғымдар мен қасиеттер туралы түсініктер беріліп, баланың өзгелермен жағымды байланыс орнату дағдыларын өмірде қолдана білуі мен іскерліктері дамытылады.
Ерекшелігі
Бұл құралдың басты ерекшелігі — оқушылардың үнемі қарым-қатынаста болуына жағдай жасауы. Балалар өздері туралы, ішкі ойлары мен көзқарасы жайлы еркін айтып, кез келген іс-әрекетке қатысты пікірін білдіре алады.
Түсінік хат
Ұсынылып отырған әдістемелік оқу құралы рухани-адамгершілік білім беру жүйесінде «Өзін-өзі тану» пәніне қосалқы құрал ретінде қолданылады. Ол жеке тұлғаның психологиялық, рухани, дене, әлеуметтік және шығармашылық дамуының үйлесімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Құрал әр оқушының ішкі жан дүниесін байытып, өзіндік қайталанбас даралығын пайымдауы арқылы табиғи қабілеттері мен жасампаздық әлеуетін ашуға бағытталған мақсатты білім беру үдерісін көздейді. Сонымен қатар оқушылардың қоғамға және өз-өзіне қызмет етуге бағытталуына ықпал етіп, олардың жасампаздық белсенділігін танытуына мүмкіндік береді.
Мақсатымыз
-
Жеке тұлғалық әлеуетті ашу
Адамның өзіндік бейімділіктерін айқындап, оны жеке тұлға ретінде, іс-әрекет субъектісі әрі дара субъект ретінде дамыту.
-
Адамгершілік мінез-құлықты қалыптастыру
Оқушылардың өзіне, қоршаған ортаға және бүкіл адамзатқа деген қарым-қатынасын айқындайтын адамгершілік мінез-құлықтарын қалыптастыру.
-
Қоғамға қызмет ету дағдылары
Қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шешуде жеке тұлға құндылықтарын шығармашылықпен қолдану дағдыларын дамыту.
Міндеттері
Өзін құрметтеу және өзін-өзі жетілдіру
Оқушыны өзін қадірлеуге, өзін сыйлауға және өзін-өзі жетілдіруге тәрбиелеу.
Өмірлік бағдарды анықтау
Қоғамда және қоршаған өмір жағдайларында өз бағыты мен бағдарын айқындауға көмектесу.
Жауапкершілік пен дербестік
Өз бетінше шешім қабылдай алуға және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге баулу.
Әлемді тану және рухани байыту
Оқушының өзін қоршаған әлемді танып-білуіне жағдай жасап, рухани жан дүниесін байыту.
Оқыту материалдарының мазмұны
-
1
Ұлағатты сөздер
Ойды тәрбиелейтін, құндылықты бекітетін нақылдар.
-
2
Мақал-мәтелдер
Тәрбиелік мәні жоғары халық даналығы.
-
3
«Сен де ойыңды қос, балақай»
Оқушының пікір айтуын және ой қосуды ынталандыратын бөлім.
-
4
Өлеңдер
Сезімді оятып, құндылықты көркем тілмен жеткізетін мәтіндер.
-
5
Ұлттық ойындар
Ынтымақты арттырып, әрекет арқылы үйрететін әдістер.
-
6
Суретпен жұмыс
Көрнекілік арқылы ойландыру, талдау және әңгімелеу.
-
7
Тапсырмалар
Дағдыларды бекітуге арналған практикалық жұмыстар.