Жергілікті жерді бағдарлау

Сабақтың мақсаттары

Білімділік мақсаты

Оқушыларды жергілікті жерде бағдарлай білуге және байқампаздыққа тәрбиелеу. Азимут бойынша бағыттарды анықтауды үйрету.

Дамытушылық мақсаты

Тақырыппен жұмыс істеу, салыстыру және талдау дағдыларын дамыту. Логикалық ойлауды жетілдіру, өз ойын жүйелі жеткізу мен сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Табиғатты аялауға және мақсатқа ұмтылуға баулу.

Тәрбиелік мақсаты

Жұмыс істеу машығын дамыту. Туған жерді сүюге және құрметтеуге үйрету, табиғатты қорғауға тәрбиелеу. Ұлттық қажыр-қайрат қасиетін ояту.

Сабақтың әдістері

  • «Мен білемін»

    Алдыңғы білімді белсендіру және ой қозғау.

  • Терминдермен болжау

    Жаңа ұғымды алдын ала түсіндіру, болжам жасату.

  • Бірігіп сурет салу

    Көрнекілік арқылы түсінуді күшейту.

  • Сұрақ-жауап

    Түсінгенін тексеру және бекіту.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. 1 Оқушылармен амандасу, түгендеу, құрал-жабдықтарын тексеру.
  2. 2 Психологиялық дайындық: «Мына суретті сөйлетіңдер» тапсырмасы.

II. Алдыңғы білімді белсендіру

«Мен білемін»

Жердің орбитадағы орнына байланысты жыл мезгілдерінің ауысуы.

Ойлану сұрағы

«Азимут» сөзін қалай түсінесіңдер?

III. Жаңа сабақ: §7. Жергілікті жерді бағдарлау

Негізгі ұғым

Азимут (арабша ас-сумут — «жол») — белгілі бір затқа қарай жүргізілген бағыт пен солтүстік бағытының арасындағы бұрыш.

Белгіленуі: A Өлшем бірлігі: градус (°)

Қосымша тапсырма

«Кім жылдам?» әдісі арқылы бағыттарды бекіту.

Тәжірибелік жұмыс

Оқушылармен бірлесе азимут бойынша жүріп бағдарлау: есептеп, нәтижесін қағазға түсіру.

Практика (сынып ішінде)

Тұсбағар көмегімен сынып ішіндегі заттардың азимутын анықтаңдар, сызбасын сызыңдар.

IV. Үй тапсырмасы

Толық нұсқасын жүктеу.