Жаңа тақырыпқа кіріспе
Сабақтың тақырыбы: Құстар
Мақсаты
- Білімділік: құстар туралы түсінік беру.
- Дамытушылық: балалардың ой-өрісін кеңейту, сөздік қорын байыту, қазақша сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру.
- Тәрбиелік: табиғатты және құстарды қорғауға баулу.
Көрнекіліктер
Құстар, ағаш, құстарға қатысты суреттер және үлестірмелі материалдар.
Негізгі ой
Табиғатсыз адамзаттың күні жоқ, алайда табиғат өз тілінде сөйлей алмайды. Сондықтан оны қорғау — біздің жауапкершілігіміз.
Сұрақ: Табиғат деген не?
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, көңіл күйді реттеу, сабаққа назар аударту.
Сәлемдесу өлеңі
Сәлем бердім мен күнге,
Сәлем бердім мен саған.
Сәлем бердік апайға,
Қонақтарға, құстарға.
Психологиялық дайындық
«Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ».
II. Жаңа тақырыпқа кіріспе
- Мозайка құрастыру: суреттер бөліктерінен құс бейнесін жинақтау.
- Жаңа сөздер: хормен оқыту, дұрыс дыбыстауға мән беру.
III. Ситуациялық сұрақтар
Балалар, бүгінгі «Құстар» сабағымыз туралы ормандағы құстар ақ көгершін арқылы хат жолдапты. Кәне, оқып көрейік.
1-сұрақ
Егер орманда жүрген балалар құстардың ұясындағы жұмыртқаны алып кетпек болса, сен не айтар едің?
2-сұрақ
Егер құстың ұясынан балапан жерге түсіп кетсе, сен не істер едің?