Білім білік, іскерлік дағдысын қалыптастыру
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Төретам кенті
№85 орта мектебі
Дене тәрбиесі пәні мұғалімі: Ерішов Серік Қайыржанұлы
Сабақтың тақырыбы
Баскетбол торына допты екі қолмен 3–4 метр қашықтықтан екпін алып лақтыру.
Сабақтың түрі
Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың типі
Білім, білік және іскерлік дағдыларын қалыптастыру.
Мақсаты
Білімдік
Оқушылардың тақырып бойынша білімін жетілдіру, баскетбол ойынының әдістері мен техникаларын түсіндіріп, үйрету.
Дамытушылық
Оқушылардың денсаулығын нығайту және спорттық ойындарға қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік
Олимпиадалық қозғалыс пен салауатты өмір салты қағидаларын насихаттау, еліміздегі алғашқы қысқы Азия ойындарының маңызын түсіндіру және оқушылардың ұлттық мақтанышын қалыптастыру.
Көрнекілік пен құрал-жабдықтар
Көрнекілік
- Плакат
- Азия ойындарына арналған журнал
Құрал-жабдықтар
- Ысқырық
- Баскетбол добы
Сабақтың барысы
Дайындық бөлімі
Сабаққа ұйымдастыру, қауіпсіздік ережелерін еске салу және жалпы қыздыру жаттығуларын орындау.
Негізгі бөлім
3–4 метр қашықтықтан екпін алып, допты екі қолмен торға лақтыру техникасын түсіндіру, көрсету және жаттықтыру.
Қорытынды
Сабақты қорытындылау, кері байланыс беру және жеңіл қалпына келтіру жаттығуларын орындау.