Физминутки Сергіту сәті жинағыАЛҒЫ СӨЗБалаларды біліммен қаруландырумен қатар олардың дені сау, дене бітімінің көз тоярлықтай болып барлық күшін, шығармашылық қабілетін сарқа жұмсауы керек
Физминутки Сергіту сәті жинағы
АЛҒЫ СӨЗ
Балаларды біліммен қаруландырумен қатар олардың дені сау, дене бітімінің көз тоярлықтай болып барлық күшін, шығармашылық қабілетін сарқа жұмсауы керек. Бүгін алдымызда отырған кішкентай бүлдіршін - ертең еліміздің экономикалық қуатын, мәдени және рухани байлығын молайтатын еңбекқор. Сондықтан еліміздің азаматтарын жан - жақты тәрбиелеуге мұғалімнің атқарар еңбегі зор.
Сергіту жаттығулары адам организміндегі физиологиялық процестердің дұрыс жұмыс істеп, бұлшық еттердің жақсы жетілуіне, көңіл-күй, есте сақтау, қабілетінің артуына септігін тигізеді.
Үнемі қимыл қозғалыста болу әсерінен сүйек, сіңір мен тамыр мықты болып, арқанның, қол - аяқтың бұлшық еттері шынығып, табиғи бұлшық ет пайда болады. Сонымен қатар оқу процесінде оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру, сөздік қорын байыту, мәнерлеп оқу, ой - өрісін дамыту, байқағыштыққа тәрбиелеу, әр дыбысты толықтай меңгеруге үйрету, пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін сергіту жаттығуларының мәні зор.
СЕРГІТУ СӘТТЕРІ
Бойды сергек тік ұста,
Емін - еркін тыныста.
Оң қолыңды соз алға,
Қол ұшына қара да,
Үшбұрыш сыз ауада,
Сол қол босқа тұрмасын,
Шеңбер жасап тынбасын.
***
Бір саусағым тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де.
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орайды,
Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ, жол салсақ.
***
1 дегенде тұрайық,
2, 3, 4 – алақанды соғайық,
Оң жаққа бұрылып,
Сол жаққа бұрылып,
Бір отырып, бір тұрып,
Біз жүгіріп алайық.
5 дегенде асықпай,
Орнымызды табайық.
***
Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп - теріп аламыз,
Қалтамызға саламыз.
***
Дөңгеленіп тұрайық,
Керегені құрайық.
Уықтар боп иіліп,
Киіз үйді құрайық.
***
Қане балалар, тұрамыз,
Бойымызды жазамыз.
Балықтарға ұқсап біз,
Жүзіп - жүзіп аламыз.
***
Қоюланып қара бұлт,
Жаңбыр жауды себелеп,
Жапырақты жамылып,
Жата қалды көбелек.
***
Бармақ болып жұмысқа,
Қырға шықты құмырсқа,
Тоңып кетіп аяғы,
Қырға қайтып шығады.
Ой – ой – ой,
Әне аю келеді.
Құмырсқаны көреді.
Енді қайтып құтылар,
Илеуіне тығылар.
***
Апам үшін күнде мен, (әндете)
Отынға ағаш жарамын. (ағаш жарғандай)
Су құямын гүлге де, (гүлге су құйғандай)
Дүкенге де барамын. (қолдарына сөмке ұстап жүру)
Сыпырамын үй үшін, (сыпырғандай)
Жуам ыдыс - табақты. (ыдыс жуғандай)
Жылай қалса бөпемді, (бөпені ұстағандай)
Жұбатамын ойнатып. (қолдарын шапалақтайды)
***
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Оларды атап шақырар,
Әрқайсысының аты бар.
Бас бармақ,
Балаң үйрек,
Ортан терек,
Шылдыр шүмек,
Кішкене бөбек.
***
Біз гүлдерше өсеміз,
Жапырағы жайқалған
Сабақтары салалы,
Желмен бірге ырғалған.
***
Тепе - теңдік жолменен,
Арасында мен келем.
Бір, екі, үш, төрт,
Келе жатқан жете алмай,
Мынау біздің мекен - жай.
ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Мектепке дейінгі педагогика идеясының дамуы және оның қайнар көзі
Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларға көмек көрсету алгоритмі
Мектеп жасына дейінгі жастағы балалардың дене тәрбиесін ұйымдастыру жолдары
Денсаулық сақтау технологияларының мақсаты мен оқу-үрдісіндегі маңызы туралы
Адамдардың организміндегі физиологиялық өзгерістер
Оқушыларды салауатты өмір салтына халық педагогикасы арқылы қалыптастыру
Сауықтыру міндеттері - дене тәрбиесі жаттығулары көмегімен мектепке дейінгі балалардың денсаулықтарын күшейту
Халық педагогикасындағы дене тәлім – тәрбиесінің негізгі қағидалары және соның ішіндегі дене тәрбиесінің маңызы
Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде инновациялық технологияларды қолдану әдістері мен тиімділігі
Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар
Қожа Ахмет Яссауи туралы
ХАЛЫҚТЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ
Негізгі қорларды қйта жандандыру тәсілі – күрделі қаржыны жұмсау
Ақшаның қызметтерi және олардың қазiргi жағдайдағы дамуы
Тауарлық – материалдық қорлар есебі мен аудиті және олардың жетілдіру жолдары
Кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін арттыру жолдарымен оның бағалау ЖШС (КӨК-СУ).
ҚОЖАҒҰЛҰЛЫ ҚАБАНБАЙ
Экономикалық өкіметке кім және қалай қожалық етуде - меншік және меншік құқығы
Негізгі қорлардың амортизациясын анықтау әдістері және олардың кәсіпорынның негізгі капиталын жаңартудағы ролі