Қозғалыс траекториясы

Сабақ тақырыбы

Бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері (7-сынып).

Сабақтың негізделген оқу мақсаты

Бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстар, жылдамдық және жылдамдық бірліктері туралы түсінік қалыптастыру; топта бағалауға үйрету.

Алдыңғы білім

  • Материалдық нүкте
  • Қозғалыс траекториясы
  • Жол және орын ауыстыру

Оқыту мақсаттары

Барлық оқушылар

Бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыс, жылдамдық және жылдамдық бірліктері туралы мәлімет алады.

Оқушылардың басым бөлігі

Кластер құрады, формулаларды есеп шығаруда қолданады.

Кейбір оқушылар

Проблемалық сұрақтарға жауап іздейді, бағалайды және өз пікірін дәлелдейді.

Сабақ барысы

Басталуы

10 минут
  • Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
  • Аудиториядағы заттарды 3 топқа бөлу: ойлау жұмысына ынталандыру, белсенді әрекетке жұмылдыру.
  • «Ыстық орындық» әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру.

Қайталау сұрақтары

  1. 1) Материалдық нүкте деген не?

    Қозғалысты қарастырғанда өлшемдерін елемеуге болатын дене.

  2. 2) Қозғалыс траекториясы деген не?

    Дененің (немесе материалдық нүктенің) санақ денесімен салыстырғандағы қозғалысы кезінде сызық түрінде қалдырған ізі.

  3. 3) Қозғалыстың түзусызықты не қисықсызықты екенін қалай ажыратамыз?

    Траекторияның түріне қарап ажыратады (мысалы, шеңбер, парабола және т.б.).

  4. 4) Сағат тілі ұшының траекториясы қандай?

    Қисықсызықты қозғалыс (шеңбер бойымен).

  5. 5) Жүрілген жол дегеніміз не?

    Белгілі бір уақыт аралығында дене жүріп өткен траекторияның ұзындығы. Әдетте S әрпімен белгіленеді.

  6. 6) Орын ауыстыру деген не?

    Дененің бастапқы және соңғы орнын қосатын бағытталған кесінді. Векторлық шама болғандықтан, S әрпінің үстіне нұсқама қойылып белгіленеді.

Теңдікті түрлендір (2 минут)

Өлшем бірліктерін метр және секундқа келтіріңіз.

Берілген Жауабы
7 км = … м 7000 м
12 сағ = … с 43200 с
65 см = … м 0,65 м
45 мин = … с 2700 с
300 мм = … м 0,3 м
0,5 сағ = … с 1800 с

Ортасы

30 минут

Жаңа тақырып

  • Бірқалыпты қозғалыс
  • Бірқалыпсыз қозғалыс
  • Жылдамдық
  • Жылдамдық бірліктері

Материал интерактивті тақта арқылы көрсетіледі және алдыңғы тақырыптармен байланыстырылып талқыланады.

INSERТ әдісі және топтық жұмыс

Әр топ тақырыпты оқып, негізгі идеяларды белгілейді және кластер құрастырады.

  • 1-топ: Бірқалыпты қозғалыс
  • 2-топ: Бірқалыпсыз қозғалыс
  • 3-топ: Жылдамдық және жылдамдық бірліктері

Сергіту сәті және қолдау

Қысқа сергіту жаттығуы орындалады. Белсенді қатысқан оқушылар мадақталады.

Өлшем бірліктерін түрлендіру: неге назар аударамыз?

Сыныпқа сұрақ: м/с, мм/с, км/сағ, м/мин, см/с — қайсысын және қалай айналдырамыз?

Берілген Нәтиже
36 км/сағ 10 м/с
6 км/мин 100 м/с
54 км/сағ 15 м/с
100 см/с 1 м/с
250 см/с 2,5 м/с
7,9 км/с 7900 м/с

Есептер шығару

«Ойлан – жұптас – талқыла» әдісі арқылы есептер шығарылады.

Жылдам тапсырма

«Кім жылдам?» қысқа тапсырмасы арқылы білім бекітіледі.

Аяқталуы

5 минут

Бағалау

Бағалау парағы арқылы критерий бойынша бағалау жүргізіледі.

Кері байланыс

Оқушыларға кері байланыс қағаздары таратылып, қысқа пікірлері жиналады.

Үй тапсырмасы

  • §17. Бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстар
  • §18. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері
  • 5-жаттығу, №3