Мәтінді оқушыларға оқыту
Сабақ туралы
Пән / сынып
Тіл дамыту, 2-сынып
Тақырып
«Мақта қыз бен мысық» (ертегі)
Сабақ түрі
Аралас сабақ
Әдістер
Түсіндіру, сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыс
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Мәтінді дұрыс оқыту, мазмұнын меңгерту, негізгі ойы мен мән-мағынасын ашу.
Дамытушылық
Бағыт-бағдар бере отырып, оқушыларды өз бетімен ой қорытуға және қорытынды шығаруға машықтандыру.
Тәрбиелік
Мейірімділікке, адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу; арам пиғылдан, мейірімсіздік пен іштарлықтан аулақ болуға үйрету.
Көрнекіліктер мен ресурстар
Көрнекілік
- Бейнелеу өнері материалдары
- Интерактивті тақта, слайдтағы суреттер
Қажетті құралдар
- Түрлі түсті бояулар
- Ақ қағаздар
Пәнаралық байланыс
Бейнелеу өнері
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру
- Оқушылармен сәлемдесу.
- Оқу құралдарын реттеу.
- Сабақта жоқ оқушыларды түгелдеу.
2) Үй тапсырмасын тексеру
Өткен сабақта берілген тапсырма: Ы. Алтынсариннің «Асыл шөп» атты мәтінін үйден оқып келу.
Сұрақтар: — Өткен сабақта үйге не берілді? — Кім мазмұнын айтып береді? (2–3 оқушы)
Топтастыру: Бәтима
Сабырлы, ақылды, қажырлы, еңбекқор.
Топтастыру: Зылиқа
Шыдамсыз, қиындыққа төзімсіз.
Қызығушылықты ояту
Тақтаға сөздер ұсынылады, оқушылар ертегімен байланысын болжайды:
3) Жаңа сабақ
Ыбырай Алтынсарин — қазақтың көрнекті ағартушысы, ақын-жазушы. Ол Қостанай облысының Қостанай ауданында туған. Балалық шағын атасы Балғожа бидің қасында өткізген. Қазақ балаларына арнап мектеп ашып, оқу-ағарту ісіне зор үлес қосты.
Бүгін Ы. Алтынсариннің «Мақта қыз бен мысық» атты ертегісімен танысамыз. Тақырып мұғалімнің түсіндіруімен ашылады, ертегі көріністері слайд арқылы көрсетіледі.
4) Оқулықпен жұмыс
Мәтінді оқушыларға кезектесіп оқыту, дұрыс әрі мәнерлеп оқуға бағыттау.
5) Сөздік жұмысы
Бас салды
Шап беріп ұстай алды.
Бір уыс
Шағын, кішкентай мөлшер.
Қатық
Ашыған сүт тағамы.
Түсінікті болу үшін дәптерге көшіріп жазу.
6) Шығармашылық жұмыс
- Қима суреттерден ертегінің желісін құрастырып, бояу.
- Ертегіні рөлге бөліп оқу.
7) Ой толғаныс
Негізгі мәліметтер
- Ертегінің аты
- «Мақта қыз бен мысық»
- Автор
- Ы. Алтынсарин
- Басты кейіпкерлер
- Мақта қыз, мысық
Оқиға желісіндегі кейіпкерлер
Жолда кездесетіндер:
Құтқарушы
Мақта қыз
Нені үйрендік?
Достыққа адал болуды, уәдеге берік болуды және жақсылық жасаудың маңызын.
Үй тапсырмасы
«Мақта қыз бен мысық» ертегісін оқып, мазмұнын түсінік айтуға дайындалу.
Бағалау
Оқушылардың мәтінді мәнерлеп оқуы, сұрақтарға жауап беруі, шығармашылық тапсырмаларға қатысуы және қорытынды ой айтуы бойынша бағалау.